Кәсіптік қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану

Павлодар облысы, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі

(колледж директоры Хайргельдин Зада Аскарович)
Қазақ тілі пәнінің оқытушысы Галимова Сауле Женисовна

 

Кәсіптік қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану

 

  Қазіргі заман талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын  арттыру қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан сабақтарда тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, оқушылардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Оқушылардың ойын дамыту, белсенділігі мен дербестігін қалыптастыруда оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың маңызы ерекше.

Әрине, ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып, жаңа технологиямен сабақ беріп отырса, оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады. Сондықтан да қазіргі ұрпаққа білім беруде, жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргіземін. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат - баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген.

1) репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты;

2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруі мен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды;

3) эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді;

4) шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Саралап білім  беру – қабілеті және

мақсаты әр түрлі оқушылардың дамуына жағдай жасайды. Даралап-саралап оқыту технологиясының мақсаттылық принципі – әр сабақты өткізуге арналған жоспарда, ең бірінші, сол сабақтың мақсаты көрсетіледі.

Деңгейлік тапсырмалар беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттеріне ойластырып, саналы меңгерту. Оқушылардың білім сапасын көп жағдайларда төмен болуы осындай түрлі жағдайларды ескермеудің салдары деп айтуға болады. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау оқушылардың іскерліктерін жүзеге асырады.

Қазақ тілі сабағында деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат – оқушылардың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру.Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді жүзеге асыру қажет: оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай жасау; оқушылардың бір – бірімен білім алмасуына бағыт беру; шығармашылық қабілеттерін арттыру; сөздік қорын байыту. Деңгейлік тапсырмаларда әр деңгейдің алатын орны бар.Әр деңгейде орындалатын тапсырмалар түрлі талаптарды көздейді.

Осы технология бойынша кәсіптік қазақ тілінен «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылығы» мамандығының 2 курс оқушыларына арналған  сабақтың жоспары.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив