Lesson Study, Кейс стади, топтық жұмыс және жобалау әдістері негізінде сыныптағы тәрбие жұмыстарын жетілдіру

 «Lesson Study, Кейс стади,  топтық жұмыс және жобалау әдістері негізінде сыныптағы тәрбие жұмыстарын жетілдіру»

    Оқу –тәрбие жұмыстарын мазмұнды, үлкен даярлықпен, жауапкершілікпен ұйымдастырып, уақытпен санаспай, жүзеге асырушы басты тұлғалардың бірі- сынып жетекші. Сынып жетекшісінің еңбегі еш кетпейді. Оқушының күнделікті сабақтарға қатысуына, тәрбие жұмыстарына белсене араласуына, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарына үлес қосуына, үйірмеге, әдебиет пен өнерге ынталануына, ғылым мен техникаға қызығуына сынып жетекшілерінің тигізер ықпалы да мол.

    Күнделікті жұмыс барысында сынып жетекші жаңа технологияларды пайдаланып, жұмысын жаңартып отыру, іздену, жаңалыққа ұмтылу- бүгінгі күннің талабы. Осыған орай баяндама тақырыбы Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінгі деңгей бағдарламасы негізінде алынған.

    Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Көптеген инновациялық технологиялардың негізгі идеясына оқушылардың танымдық қабілеттерін өздері дамыта отырып, өзін-өзі  анықтауына , өзін-өзі бағалауына қол жеткізеді. Осындай мақсаттың толық орындалуы оқу – тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескеретін болсақ, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында кейс - әдісінің алатын орны ерекше. Кейс – әдісі арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып болашақ маман ретінде тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады.  Кейстер әдісі-шынайы экономикалық, әлеуметтік, іскерлік және педагогикалықжағдаяттарды суреттеуді қолданатын оқыту әдісі. Кейстер әдісін қолдану барысында оқушылар жағдаятты талдап, проблеманың мән-мағынасын түсініп, оның болжамды шешімдерін ұсынып, олардың ішінен ең жақсысын таңдайды. Кейстер әдісі шынайы нақты материалдарға негізделеді немесе мазмұны жағынан шынайы өмірден алынған жағдаятқа жақын болуы тиіс. Кейспен жұмыс жасаудың нұсқалары өте көп. Бұл оқытушы мен оқушының шығармашылығы үшін үлкен мүмкіндік болып табылады.

   Жағдай (кейс) деп – ұжымдағы, қоғамдағы қандай да бір нақты шынайы жағдайдың жазбаша берілуін айтамыз. Мысалы, таңдаған мамандығыңа қол жеткізудегі мақсатыңды презентация түрінде дайындау, әртүрлі тақырыпқа видеоролик дайындау,  т.б. Білім алушылар ұсынылған жағдайды талдап, мәселенің маңызын түсіндіріп, шешу жолдарын көрсетуді және олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алулары тиіс. Осы талдау барысында білім алушылар, өздерінің алған білімдерін ұтымды пайдалана алады. Ал ұстаздың міндеті, осы кейс әдісін қолдану барысында, оқушылардың белсенділігін бақылап, барлығының қатысуын қадағалауы керек. Сонымен қатар, оқушылардың талдауына берілетін кейстің түсінікті және пән тақырыптарына сай болуы өте маңызды. Кейс стади әдісін топтық жұмыс формасындада өткізуге болады.

топтық оқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін  төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық тәсілдер  арқылы жүзеге асыру, әрине, соңғысы – топтық оқыту тәсілі бастысы болып табылады. топтық оқыту әдісі  әр оқушының  бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде болатындай етіп  оқу үрдісін белсендіре түседі. Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады (“ХХІ ғасыр – білім мен ғылым бәсекесінің ғасыры” Н.Назарбаев).

    Кейс стади әдісі мен топтық жұмысты біріктіре жүргізу отырып  жобалау технологиясын қолдануда тиімді.  Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса- ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады. Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. Жобалау технологиясының негізінде –оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.

Ал Lesson Study әдісіне тоқталатын болсақ, бұл әдіс-мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Lesson Study-ге жоспарлау,оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.  Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп,кейіннен ашық Lesson Study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды

көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері

– қадағалайды. Оқушылардың оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерді бүкіл топ

мүшелері зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бірден жүйелейді және талдайды, со-

дан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімділігін қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде

алынған нәтижелерді есепке ала отырып, бірлескен жұмыс қайта жоспарланады.

Уақыт өткен сайын Lesson Study үдерісінде қалыптасып, бекітілген бірқатар қадамдар

бар:

  • Lesson Study тобы оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелер

жүйесін келіседі, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен сыйластық қарым-

қатынаста болады.

  • Топ зерттеудің сұрақ түрінде ресімделген түйінді идеяларын келіседі және

нені, кімді оқытуды анықтайды, мәселен, «Олардың оқуын жақсарту үшін Х-ті Ү-тің

мүмкіндіктерін анағұрлым тиімді пайдалануға қалай үйрете аламыз».

  • Топ мүшелері зерттеудің түйінді идеяларына қатысты жауап табу үшін әдебиеттерді

зерделейді және жоспарлау кезінде оларды пайдалану үшін нәтижелерін қорытады.

  • Топ зерттеу сабағының ортасында қандай сыныптың және қандай үш «зерттелетін

оқушының» болатынын шешеді және оқу үлгерімі жоғары, орта және төменгі деңгейдегі

сынып топтарын ұсынады.

  • Топ зерттеу сабағын «зерттелетін оқушылардың» меңгеруіне ерекше назар аудара

отырып, оны жоспарлайды.

  • Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары – «зерттелетін үш

оқушыға» ерекше көңіл бөлу арқылы қадағалайды және ескертпелерді жазып отырады.

  • Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше

оқушылармен сұхбат жүргізеді.

  • Топ зерттеу сабағы аяқталсымен бірден талқылау жүргізеді. Талқылау белгіленген

құрылым бойынша жүреді:

 жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдармен салыстыра отырып,

«зерттелетін оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін

анықтау;

 тұтас сыныпты оқыту;

 зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі;

 белгіленген және зерделенгендердің негізінде және соларға сәйкес келесі зерттеу

сабағының мақсатын қою.

  • келесі Lesson Study-ді топпен бірлесе жоспарлау.

Lesson Study циклінен кейін (әдетте үш немесе одан көп) топ оқу тәсілдері мен оқу

бағдарламаларындағы қабылданатын және көпшілікке таратылатын өзгерістерді келіседі.  Аталған әдістерді өз іс тәжірибемде қалай қолданғаныма тоқталып өтейін.

  

     Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологияларды негізге алып, «өзің таңдаған өмір» атты тәрбие сағатын кейс стади әдісін пайдалана отырып, оқушыларға өз шығармашылықтары бойынша дайындалып келуді ұсындым. Бұл тәрбие сағатына әр оқушы әр түрлі формада дайындалып келген. Атап айтатын болсам Жайнаш есімді оқушым өзінің болашақта баскетболшы болғысы келетінін және де әлемге әйгілі баскетболшы Леброн Джеймсқа еліктейтінін,  оның өмірбаяны мен қалай жеңіске жеткендігі және жетістіктері, ұстанымын айта келе, өзінің ең үздік, жүзден жүйрік, әлемге әйгілі баскетболшы болудағы және өз еліне   жеңіс әкеліп, елдің мақтанышы  болу үшін алға қойған мақсаттарын талқылап, оқушыларды  баскетболдың ережелерімен таныстырып өтті. Ал Ляззат есімді оқушым осы тақырып бойынша эссе жазып:  болашақта дизайнер болуды таңдағанын, ал ата−анасының  дәрігер болуды қалайтынын, дегенмен өз таңдауын жасап қойғанын айтып өтті және осы орайда әр түрлі пікірталастар туындап, ұтымды жауаптар алынып отырды.

    «Отбасы –отанымыздың ошағы» тақырыбы бойынша жобалау технологиясын пайдаланып, алдымен оқушыларға эссе жаздырдым. Осы эсседе Айжан есімді оқушымның: Астан ешкім үлкен емес, біз атамыз бата бермегенше,орнымыздан тұрмаймыз,−деген сөздерінен отбасындағы тәрбиенің ерекшелігін байқап, басқа да оқушыларға « менің отбасымдағы ролім» және « менің отбасымның ерекшелігі» атты тақырыптар бойынша кейс әдісі жобасында дайындалып келуін ұсындым. Оқушылардың дайындығын бақылай отырып, «отбасы – тәрбиенің бастауы» деп аталатын тәрбие сағатында жанұяда кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы тапсырмаларды топтық жұмысқа салып талқылауды ұсындым. Осы орайда оқушылар арасындағы пікірталастар мен бірін−бірін тыңдай білуі мен шығармашылық қабілеттерінің дамып келе жатқандығы, өз ойларын қысылмай айта білетіндіктерін байқадым.

    Ал, «ұялы телефонның  зияны» деп аталатын тақырыпты оқушыларым сұхбат түрінде  дайындаған. Олар мұғалімдерден, оқушылардан, ата−аналардан ұялы телефон сататын дүкендерден, басқа да әр түрлі ортадан сұхбат алып, әр түрлі бейнероликтер дайындаған.

   Бұл бейнероликтер арқылы әр түрлі нәтижелерге қол жеткізуге болады. Біріншіден, оқушылар журналистік, тілші мамандықтарына байланысты шығармашылығын көрсетеді.  Екіншіден, алынған мәліметтердің тәрбиелік мәні өте көп. Мысалы:

  • Агентке кіру барысында орфографиялық қателіктер жіберуге алып келетіні;
  • Оқушылар арасында бәсекелестік туындап, оның арты ұрлыққа да бару мүмкін.
  • Құлақ ауруы пайда болуы мүмкін сияқты ақпараттарды біледі.  

 ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

                                          

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив