Мерейлі Маржан

Бейнеу ауданы Маңғыстау облысы                                                                                                    

«Бейнеу лицейі» ММ

Орыс тілі пәні мұғалімі

Ізтлеуова Бибігүл Базарбайқызы

 

  Біздің қазақ «Жақсының жақсысын айт, нұры тасысын» дейді. Менде бүгін еңбегімен елге танылып, ұстаздық жолын таңдап, соның алғашқы жемістерін көріп жүрген құрбым, әріптесім физика-информатика пәнінің маманы Құттымұратова Маржан жайында айтқым келеді. 2004 жылдан бері «Бейнеу лицейі» ММ-сінде еңбек етіп жүрген Маржан өзін үнемі биіктерден көрсетіп жүр. Мұғалімдер арасында олимпиадада жүлделі I–орын иеленіп, содан соңғы сайыстарда әділ-қазылығымен жұртшылықтың алғысына бөленіп жүр. Ол көркіне ақылы сай қарапайым қазақтың қызы, үнемі шәкірттер арасынан табылып, олармен ашық-жарқын әңгімесінің арасында балаларға тәлім-тәрбие беруден танбайды. Жас мамандарға тәлімгер болып, оларға ұстаз жолының қыр-сырын үйретіп шәкіртпен қалай сөйлесуді, ата-анамен арақатынас орнатуды, әр баланың жүрегіне жол тауып сөздерді іздеуге, шәкірт жанын түсінуге үйретеді. Маржан үзіліс кезінде, шәкірттерімен ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін ғаламтордан көрсетілетін нанотехнологиялардың адамзатқа пайдасы мен зиянын талқылағанды ұнатады. Оның алға қойған мақсаты шәкірттерінің сапалы, нақты білім алып биік асуларды алғанын қалайды. Соның бір дәлелі 2013 жылғы ҰБТ-да «Алтын белгіге үміткер төрт шәкірті сынға түскенде, әсем дидары біресе алабұртып, біресе сұрланып, бір орнында байыз таппай сынға өзі түскендей болды. ҰБТ қорытындысы бойынша 4 бірдей шәкірті «алтын белгі» иегері атағын қорғап шықты. Қуанышы мен үрей араласқан, бірақ жеңістен түлектерінің балбұл жанған жүздеріне қарап оларды құттықтап тұрып, жанарына жиналған мөлдір жас тамшыларын жасыра алмады. Сүйікті Маржан апайларының өздері үшін қаншалықты уайымдағанын, өздерінің балауса жүректерімен бір сәтке болсада түсінген шәкірттері апайды айналшықтап, қайта-қайта құшақтап ризашылықтарын білдірді. Осы бір сәт, осы бір жеңіс, ұстаз еңбегінің жемісі, шаршағаныңды, барлық уайымды ұмыттырады, мерейіңді асырады, жанды толқытады. «Ұстаздық еткен жалықпас» деген міне осындай сәттер үшін айтылса керек. Маржан 2014 жылғы ҰБТ-ға тағы 14-түлек дайындады.Оның біреуі жоғары балл, 3-еуі «Алтын белгі» атағын қорғап, мемлекеттік грант иегері атанды. Міне бұлда үлкен жетістік.

   Физика-информатика нақты ғылым десек те, біздің Маржан нәзік психолог, әділ сыншы, сырлас құрбы. Маржан аудандық семинарларда сабақ беріп, өзінің білгенімен әріптестерімен бөліседі, өзіде жасы үлкен, тәжірибелі мұғалімдердің айтқандарын тыңдаудан бір жалықпайды.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив