Шетел тілін білу- болашақтың кілті

                            Шетел тілін білу- болашақтың кілті

 Бұл  мақала  шетел  тілін  білу  жас  ұрпақтың  өсіп  өркендеуіне ,  ақпараттық  сауаттылығын  ашуға  зор  ықпалын  тигізеді.  Ағылшын  тілі  сабағында  тірек  схемаларын,  деңгейлеп  саралап оқыту,  сын  тұрғысынан ойлау  т. с. с  инновациялық технологияның  элементтерін  пайдалану  шетел  тілін  жетік  меңгеруге,  ой - өрісін  кеңейтуге,  сөз  байлығын  молайтуына,  білімділік,  шығармашылық,  танымдылық  қабілеттерін арттыруына жол ашады.

Бүгінгі  таңда  Қазақстан  халқы  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  өзінің  тарихи тағдырын  айқындап,  ұлттық  өркендеудің  жаңа  маңызды  бағдарын белгілеп  отыр.

      Президентіміздің  халыққа  жолдауында  Қазақстанның  бүгіні,  ертеңі талданып,  рухымызды  көтеріп,  болашақ  үшін  еңбектенуге  міндеттелген. Сонда  ғана  болашақ  ұрпақ  өзінің  тәуелсіз  Қазақстан  Республикасын танытады.  Мұның   түпкі  мақсаты – танымдық  әрекетімізді,  рухани мәдениетімізді  айқындай  түсу.  Сонда  білім – тәрбие  жеке  тұлғаның қалыптасуында  жетекші  орын  алады.

      Қандай  да  мемлекет  өзінің  даму  жолын  бағдарлап,  межелеген мақсатына  қол  жеткізетін  көздерін  тапса,  сонда  ғана  экономикалық   даму  жағынан  да  алға  озып  шығары  сөзсіз.

      Елдің  ертеңгі  өресі  биік,  дүниетанымы  кең,  кемел  ойлы  азаматтарын өсіру  үшін  бүгінгі  ұрпаққа  ұлттық  рухани  қазынаны  әлемдік  озық  ой-пікірмен   ұштастырған  сапалы  білім  мен  тәрбие   берілуі  қажет.

      Уақыт  талабына  сай  білім  мен  тәрбие  тұғыры  тіл  болғандықтан, тілдерді  оқыту  жайы  қашанда  басты  назардан  қалмай  келеді.  Қазақстан Республикасының  Конститутциясына,  «Білім туралы»,  «Тіл туралы» заңдарға,  сонымен  қатар  бүкілхалықтық  талқылауға  түсіп,  Қазақстан Республикасының  үкіметі  мақұлдаған  «Қазақстан  Республикасының  2015 жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасына»  сәйкес  еліміздің жас  ұрпағы  алдына  мемлекеттік  тіл - қазақ  тілі,  орыс  тілін  және  шетел тілін  білу  міндеті  қойылып  отыр.

       Бүкіл  дүние  жүзіндеинтеграциялық  процестер  бел  алып  келе  жатқан қазіргі  кезде  ендігі  жаңа  буын,  жас  ұрпақтың  мемлекеттік  тілді,  сонымен  бірге  шетел  тілдері  мен  орыс  тілін  жақсы  білу - уақыт  талабы.

       «Тілдердің  үш  тұғырлылығы  мәдени  жобасы  басқа  елдермен  бейбіт қатар  өмір  сүріп,  ынтымақтастық  орнату  үшін,  сондай - ақ  әлемдегі тіршілік  тынысына,  толассыз  аққан  ақпарат  ағынынан  хабардар  болу үшін  де  Қазақстанның  жас  ұрпағының  басқа  елдің  тілін  білуінің  аса маңыздылығынан  туындап  отыр.

Бүгінгі  жаппай  ақпараттандырылған  дүниеде  өзгелермен  қарым - қатынасқа  түспей,  оқшауланып  өмір  сүру  мүмкін  емес.

        Ұлы  Абайдың   XIX   ғасырдың  өзінде – ақ :  «Зарарынан  қашық  болу, пайдасына  ортақ  болуға  тілін,  оқуын,  ғылымын   білмек  керек», - деп, өзгенің  тілін  үйренуді  өсиет  еткені  белгілі.

        Қашан  да  елімізде  адамзат  баласының  ілгері  өркендеуіне  білім  мен ғылымның  ықпалы  зор  екендігі  баршаға  аян.  Орта  мектептердегі оқушылардың  шетел  тіліне  оқуға  деген  қызығушылығын  арттыру,  жан-жақты  дамып  жетілуіне  

 

 

 

ықпал  жасау,  рухани - эстетикалық  талғамын, белсенділігін,  іскерлігін,  білгендерін  практика  жүзінде  пайдалануын үйрету,  көп  тілділікке,  көп  мәдениеттілікке  жетелеу  бүгінгі   күннің  өзекті  мәселелерінің  бірі  болып  келеді.

        Қазіргі  таңда  балалар  өз  тілінен  басқа  шет  тілін  білуге,  болашақта шет  тілі  маманы  болуға,  шет  елдерге  саяхат  жасауға  құмар.  Бұл көптеген  тіл  үйренушілердің  қабілеті  мен  дарынына  байланысты  болады.

        Жалпы  білім  беруде  оқытылатын  пәндер  ішінде  шетел  тілінің өзіндік  орны  бар.  Шетел  тілін  оқыта  отырып  оқушыларды  патриотизмге, интернационализм  рухына  тәрбиелеуге  жол  ашылады.  Шетел  тілі  пәнінде  әр  түрлі  мәтіндер,  тақырыптарды  оқи  отырып,  сол  елдің тарихымен,  өнерімен,  мәдениетімен,   ұлтымен  жақынырақ  танысады.

Ана  тілің  арың - бұл,

Ұятық  боп  тұр  бетте,

Өзге  тілдің  бәрін  біл

Өз  тіліңді  құрметте, - деп  Қадыр  Мырзалиев  ағамыз  жырлағандай,  олар өз  ұлтын  сүюді,  өзге  халықтарды  сыйлауды  үйренеді.  Шетел  тілін  оқи отырып,  оқушылар  өз  ана  тілін  негізінде  өзге  тілді  үйренеді.  Өйткені тілді  үйрену  кезінде  ана  тіліндегі  ойды  жеткізу  тәсілдерін  тереңірек ұғынады.

        Мектеп  бағдарламасындағы  барлық  пәндермен  қатар  шетел  тіліне  де нақты  айқын  мақсат - міндеттер  қойылады.  Оқушыларды  шетел  тілінде жазуды,  оқуды,  сөйлеуді,  бір  тілден  екінші  тілге  аударуды  үйреткенде, біз  оларға  басқа  халықтың  мәдениетіне,  әрі  дүние  жүзі  мәдениетіне  жол ашамыз.  Шетел  тіл  сабақтарының  мақсаты  шәкірттерге  өз  елінде  басқа пәндерден  білім – білік  дағдыларын  қоса  басқа  елдердің тыныс -тіршілігінен  хабардар  болып,  мағлұматтар  алып,  өз  халқы  мен  басқа       халықтың  арасындағы  ұқсастықтарды,  ерекшеліктерді  ажырата  білуге дағдыландыру  болып  табылады.

        Қазіргі  кезде  республикамыздың  мектептерінде  1  сыныптан  ағылшын  тілін  үйретуде.  Сондықтан  да  ағылшын  тілі  мұғалімдеріне қойылатын  талаптар  ауқымы  үлкен :

  1. Оқушының зиялы,  интеллект  ретінде  және  сезімтал  жан  болып өсуіне,  оның  шығармашылық  қабілеттерінің  дамуына  көмектесу;
  2. Оқушының танымдық  белсенділіктерін  арттыру,  оларды  өмір бойы  дербес  оқуға,  өз  бетімен  ізденіп  білім  алуға  дайындап, білімнен  өзіне  қажеттерін  ала  білуге  дағдыландыру;
  3. Оқушының өз  тілін  үйреніп  жатқан  ел  мен  оның  мәдениетіне, біліміне,  өнеріне  деген  өз  көзқарастарын  қалыптастыру,  сол  тілге деген  қызығушылығын  арттыру;
  4. Өздерінің қабілеттеріне,  мүдделеріне   орай  тілін  үйреніп  жүрген ел  өкілдерімен  байланыс  орнатып,  оны  түрлі  қарым – қатынас жағдайларында  ары  қарай  дұрыс  жауап  беруге  үйрету.

      Сыныптағы  әрбір сабақ  басынан  аяғына  дейін  балаға  деген мейірімге  толы  болу  керек.  Осы  орайда  Ш.  А  Амонашвили : «Мектептегі  әрбір  күн,  әрбір  сабақ 

 

мұғалім  тарапынан  оқушыға  сыйлық  болуы  керек.  Әрбір  оқушының  мұғалімімен  тілдесуі  бала  бойына  қуаныш  пен  өмірге  құлшынысын  беруге  тиіс.»  Сондықтан да  әрбір  ағылшын  тілі  сабағы  қызығушылықты  ояту,  ой  ашардан  (Warm – up)  басталады.

      Яғни  мұғалім  оқушылармен  жылы  амандасып,  хал – жағдайларын  сұраумен  бастап,  өз  игілігіндегі  45  минуттық құдіреттілігін  сезініп,  балаларды  өзіне  тарта  білуі  керек.

      Қазіргі  мектеп  бағдарламаларында  қысқаша  теориялық  тұжырымдардан  соң  практикалық   жаттығулар  берілген.  Бұл  кезеңде  сол  тақырыпты  түрлі  көнекіліктер,  плакат,  тірек  сигналдар  т. б  арқылы  түсіндіру  қажет.  Шетел   тілін  үйретуде  Шаталов  ұсынған  тірек – сигналдарын,  тірек  схемаларын  қолдану  тиімді.  Тірек   плакаттарды  топтық  жұмысқа  қолдансаң,  тірек   схемалары   жасалған  парақтар  жеке  оқушымен  жүргізілген   жұмыстарға  арналып  жасалады.  Тірек схемаларын   әсіресе  тарауды  қорытқанда  қолданамын.  Мысалы  5  сыныпта  өтетін  «Home»,  «Clothes»,  7  сыныпта  «The  living  world»,  8  сыныпта  «Geography»,  «Education» т. б  тарауларға  схемалар,  таблицалар  жасалып  сабақта  қолданылады.       

                            

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив