Сабақта пайдалануға болатын электрондық ресурстар

Электрондық ресурстардың ішінде кешендісі - электрондық оқулықтар. Қазіргі электрондық оқулықтарды шартты түрде оқулықтардың электронды көшірмесі және мультимедиялық электрондық оқулықтар деп жіктеуге болады. Соңғысының біріншісінен айырмашылығы – онда түрлі видеороликтер, бейнеқатарлар, анимациялар, интерактивті тапсырмалар мен суреттер, виртуалды лабораториялар, 3D-модельдер және тесттердің болуында. Интерактивті тапсырмалар оқушыларды формативті бағалауға өте тиімді. Виртуалды лабораториялардың, әрине жаратылыстану пәндерінде маңызы зор. Әсіресе, толық жабдықталмаған ауыл мектептерінде оларды өз бетімен жұмыс ретінде пайдалану үлкен септігін тигізеді. Тестті сабақта тестерлердің көмегімен немесе ActiVote құрылғылары арқылы суммативті бағалау үшін жүргізуге болады. ҰБТ тапсыратын талапкерлердің арасында «5+» компаниясының тестері өте танымал болып отыр.
Электрондық ресурстардың ішінде компьютерлік оқу ойындарына эмоционалды тартымдылық тән. Кез келген пәнде қолдануға болатын осындай ресурстардың бір мысалы ретінде «Миллион кімге бұйырады?» ойынын келтіруге болады. Әрбір бала ойынға құмар, сол себепті осы симуляторды оқу мақсатына дұрыс пайдаланса, үлкен табыстарға жетуге болатыны сөзсіз.
Оқу-тәрбие процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу барысында бүкіл қатысушылардың ақпараттық құзіреттілігін арттыру үшін тек оқытушылардың ғана емес, оқушылардың да субъект болғандығы жөн. Олай болса, оқушылар сандық білім беретін ресурстарды жай ғана пайдаланушылар емес, активті құрастырушылар болуы керек.
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы білім беру саласындағы басымдықтарға білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамытуды жатқызған болатын. [2] Онлайн оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін программаға Skype жатқызуға болады. Бұл программаны, әсіресе науқас оқушыларды уақтылы тексеру немесе оқу процесі жаппай уақытша тоқтатылған кездерде, инклюзивті оқытуда, сонымен қатар мектеп өміріне алыстағы атақты тұлғаларды араластыру мақсатында ауқымды түрде қолдануға болады.
Мұғалім мен ата-аналар арасындағы байланысты тиімді, соның ішінде интерактивті ұйымдастырудың бір әдісі – электрондық күнделік. Электрондық күнделіктің арқасында ата-ана баласының үлгерімін уақытында анықтап, оны көтеру үшін қадағалауын ұйымдастырады. Бұл өз кезегінде оқушының жауапкершілігін арттыратыны сөзсіз.
Cонымен, сандық білім беретін ресурстар тек оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де қызығушылығын туғызғанымен, оларды пайдалану жоспарланған принциптер мен дидактикалық мақсаттарға негізделмесе, көздеген нәтижеге жеткізбейтіні сөзсіз. Демек жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану міндетті түрде оң нәтиже береді деп есептемей, оларды сабақта өз орнымен қолдануды білу керек. Сонымен қатар, барлық сандық білім беретін ресурстардың оқытудың тек құралдары екенін, яғни ешқашанда мұғалімді алмастыра алмайтынын естен шығармаған жөн.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi №319 Заңы.
2. Қазақстан Республикасының Президениті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив