Ата –ана

Б а я н д а м а

   Баланың бас ұстазы ата –ана . Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген дана сөзі бар. «Балапан» қыран болуы үшін оны самғатып ұшыратын ата – анасы да, қыран болуы керек – деп отбасымыз тәрбиеге ерекше көңіл бөлген.

   Ата – ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

   Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршы тірегі, ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, оларды бақытқа бөлейді. Ата – анаға баладан артық ешкім жоқ. Сондықтан әке де, шеше де балаларынң жан дүниесіне үңіліп, мінез құлқындағы ерекшеліктерді жете білген жөн. Балалармен әңгімелескен кезде, олардың пікірлерімен санасып отырған орынды. Әке мен шеше ұл – қызымен үй шаруасында әңгімелесіп ой – бөлісуіне болады. Баланың бойына баолық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарын болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау – ата – ананың басты парызы.

 Т ә р б и е л е у  - балаға мақсат көздей ұйымшылдықпен және жүйелі ықпал жасау деген сөз. Осы ықпалдың арқасында бала тәрбиеші талап ететін мінез сапаларына ие болады, мінез – құлық ережелерін бойына сіңіреді. Тәрбие баланың дене және ақыл – ой қабілетін дамытады. Оны алдағы еңбекке даярлайды.

   Бала тәрбиелеу – зор елеулі, сонымен бірге қиын іс. Баланың адамшылығын қалыптастыру, оның ақылын молайту, оны белгілі адами сапаға, көркемдік талғампаздыққа және талапқа баулу – бұданда қиынырақ  іс.

   Жас адамды саналы, есті, мәдениетті сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден – бір парызы.

   Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана және отбасы.

   Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер – отбасында қалыптасады.

   Сондықтанда туған үйдің жылуы оның көкірегінде. Көп жылдар бойы сақталып мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі, десек артық айтқандық емес.

   Сондықтан отбасы – өте қажетті басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

   Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

   Отбасының басты қызығы алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.

Қ о р ы т ы н д ы

   Қадірлі ата – ана отбасындағы берілген тәрбие жігеріңді құм қылып жерге қаратпасын десеңіз, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер, бал тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді сапалы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата – ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаға бірдей талап қойылса, тәуелсіз еліміздің ұл – қыздары жан – жақты дамыған азамат болып шығаруы сөзсіз.

Өскелен ұрпақтың бойына осындай ұлттық сана – сезімді дарытатын:                            

Ұстаз

Тәрбиеші

Ата – ана

Қоршаған орта.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив