Ел дамуындағы міндеттер-әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың тұғыры

Ел дамуындағы міндеттер-әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың тұғыры

Атырау политехникалық колледж

Арнайы пән оқытушысы:З.Кенжахметова

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің стратегиялық дамуындағы экономиканың рөлін анықтай келіп, былай деген: “Экономика біздің дамуымыздың басты басымдылығы, ол экономикалық өсімнің барынша жоғарғы қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді.Қазақстандағы қазіргі заманғы қоғамдық – саяси жағдай Қазақстан бұрынғы империяның көлеңкесінде бас сауғалап келген өмірден түбегейлі түрде өзгеріп жатқаны,республиканың демократиялық бағытқа,халықаралық нормалар мен принциптерге адалдығы айқын.Біз құрып жатқан қоғамның  ең жоғары құндылығы-адам,бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін,соның игілігі үшін жасалып жатыр.

Инновациялық кәсіпкерлік – бұл ғылыми – техникалық идеяларды, ұсыныстарды, өнер табыстарын іс жүзінде қолдауға және таратуға болатын деңгейде жеткізу қызметі.  Инновациялық кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдану, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады.

Бәсекеге қаблетті дамыған мемлекет болу үшін біз индустриалды-экономикалық инновациясы жоғары елге айналуымыз керек.    

            Қазіргі кезеңде экономиканың дамуын жеделдету үшін инновацияға, индустриалды-инновациялық іс-әрекеттерге үлкен маңыз беріліп отыр. Оның нәтижесі XXI ғасырдағы техникалық және технологиялық базаларды жаңартудың негізі болып табылатын инновациялық экономика құру болып шығады.

            Инновация – экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалар, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге қоғамдық пайдасы бар іс жүзінде асырылған жеке немесе заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі.

Ел дамуындағы міндеттерді іске асыру барысында істеген жұмыстар мен қол жеткізген табыстар аз емес.Ел үкіметі бірнеше бағыттарды жұмыстар жоспарлап,іске асыру барысында жұмыстар жоспарланып,іске асыруда.Атап айтсақ макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін жеті бағыттағы алдын алу шараларын  іске асыруы керектігін президентіміз Н.Назарбаев  Қазақстан -2050 бағдарламасында айқындап берді.

Біріншіден халықтың табыс табуын қолдау,екіншіден кәсіпкерлікті дамытуға ынталандыру,үшіншіден қаржы секторның тұрақтылығын арттыр,төртіншіден экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту,бесіншіден көлеңкелі экономиканы қысқарту,алтыншыдан инвестициялық ахуалды жақсарту,жетіншіден экономиканы әртараптандыруды белсендірек жүргізу.

«Индустриалды-инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстырумен көзделген экономикалық даму бағыты.

2003-2015 жж. индустриалды-инновациялық дамуы стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын дамыту көзделген.

Қазақстан Республикасы білім беруді 2011-2020 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына оқу процесіне автоматтандыруды енгізуге қатысты жағдайлар жасау негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталған. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беу жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру Қазақстандық білім берудін сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру біздің алдымызда тұрған ең басты міндет.

Сондай-ақ өнімдердің тапшылығы болмауын және монополистердің тарифтерді негізсіз өсірмеуін қадағалауы қажет.

Жаңа технология – мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.

  1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;
  2. Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
  3. Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
  4. Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
  5. Оқытушыларды техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;

Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда.

Еліміздің 20-30-шы жылға дейінгі стратегиялық жоспарында мектептерді компьютерлендіру бағдарламасы қамтылған. Осы бағдарламаға сәйкес қазіргі кезде мектепетердің барлығы жаңа типті компьютерлермен, электрондық оқулықтармен жабдықталып  “Интернет” желісіне қосылды.

Ақпараттық технологияны пайдалану енді-енді қалыптасып келеді. Толық ақпараттандыруға жақындаған кезде компьютер мектептегі барлық сыныптарға, барлық пәндерге кіреді. Оқытуды компьютерлендіру туралы сөз болғанда компьютер мұғалімнің орнын баса алмайды. Ол керек оқыту құралы болып қана қалатын, бірақ барынша жетілдірілген көмекші аспап және әрдайым мәлімет ошағы болып қала береді, одан мұғалім қажеттісін ала білуі және оқушыларды осыған үйретіп, бағыт-бағдар беріп отыруы қажет.Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда.

Еліміздің 20-30-шы жылға дейінгі стратегиялық жоспарында мектептерді компьютерлендіру бағдарламасы қамтылған. Осы бағдарламаға сәйкес қазіргі кезде мектепетердің барлығы жаңа типті компьютерлермен, электрондық оқулықтармен жабдықталып  “Интернет” желісіне қосылды.

Ақпараттық технологияны пайдалану енді-енді қалыптасып келеді. Толық ақпараттандыруға жақындаған кезде компьютер мектептегі барлық сыныптарға, барлық пәндерге кіреді. Оқытуды компьютерлендіру туралы сөз болғанда компьютер мұғалімнің орнын баса алмайды. Ол керек оқыту құралы болып қана қалатын, бірақ барынша жетілдірілген көмекші аспап және әрдайым мәлімет ошағы болып қала береді, одан мұғалім қажеттісін ала білуі және оқушыларды осыған үйретіп, бағыт-бағдар беріп отыруы қажет.

Ел дамуындағы міндеттер-әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың тұғыры тақырыбына зерттеу жүзгізу кезінде жұмыстың өзектілігінде аталған қарама – қайшылықтарды айқындалды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2004 жылдың 19 наурызындағы Жолдауында еліміздің стратегиялық дамуындағы экономиканың рөлін анықтай келіп, былай деген: “Экономика біздің дамуымыздың басты басымдылығы, ол экономикалық өсімнің барынша жоғарғы қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді...” Осыған байланысты елімізде экономиканы дамытудың негізгі бағыттары былайша тұжырымдалды.ХХІ ғасыр жүз жылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Қазіргі кезде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары болып оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары дамыту болып отыр. Елімізде инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпорындарда инновациялық технологияларды қолдану арқылы елімізді оңтайлы жағдай жасау керектігі қарастырылды. Инновациялық кәсіпкерлік – бұл ғылыми – техникалық идеяларды, ұсыныстарды, өнер табыстарын іс жүзінде қолдауға және таратуға болатын деңгейде жеткізу қызметі. Инновациялық кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдану, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау.
Ол үшін қаржыладыру көздері керек екендігіні белгілі, қаржыландырудың түрлерін қорыта айтып кетсек - ҚР- ның инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емесе қаржыландырудың басқа да түрлері жатады.Басқару теориясының дамуына байланысты жүйелік талдау негізінде күрделі құбылыстармен процестерді зерттеуде жаңа әдістердің пайда болуына сәйкес болжамдарды жасау заңдылықтары туралы жаңа ғылым саласы пайда болды және айтарлықтай тез дамып келеді. Кәсіпкерлік қызметтің даму қарқынын болжау елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайға әсер ететін объективті және субъективті факторларды білу және алдын – ала көрудің негізгі құралы ретінде пайдаланылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Усенова Н.Н. “Проблемыразвитиямалогопредпринимательство в отрасляхпромышленности” 2003 год.
  2. Байжанова Б.Н. “шығындарды есептеу әдістері мен өндірістік шаруашылық кәсіпорындарының нәтижелерін жоғарлату” 2006 жыл.
  3. Асан Д.С. “Экономиканы тұрақты дамытуды қамтамасыз етудің механизмдерін жетілдіру” 2006жыл.
  4. 8 – 9 сыныптарға арналған “Технология” оқулығы.
  5. Педагогика журналы, 2009 жыл
  6. Иманбаева А. “Оқу тәрбие үрдісін ақпараттандыру білгірлігі”, Қазақстан мектебі 2000жыл.
  7. Технология:Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық /К.Өстеміров, О.Сыздықов, Н.Адамқұлов, М.Велижанина, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы,

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив