БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Шадетова Анаргүл Кенесовна

 

«Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясында білім беру маңызды басым бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Қазақстан Республикасын әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосуды міндеттеді. Бұл міндетті жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады, ал білім беруді жетілдіруде біліктілікті арттыру жүйесі маңызды міндеттерді орындауда.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары «жалпы білім беретін мектептерінде зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемге әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру» деп көрсетілген.

Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспар қабылданды, ол білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

 Сонымен қатар бұл құжаттарда қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA, TIMSS және PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулердің  нәтижелерін  жақсарту қажеттілігі көрсетілген.

Халықаралық салыстырмалы зерттеулердің нәтижелерін жақсарту қажеттілігі экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары мен білім беру жетістіктерін бағалаудың Халықаралық ассоциациясымен ұйымдастырылған Қазақстан оқушыларының TIMSS–2007, TIMSS­­–2011, PISA-2009, PISA-2012  нәтижелеріне сәйкес туындап отыр. Осы зерттеулерге қатысу нәтижесі функционалдық сауаттылықтың қажетті деңгейде қалыптаспағанын көрсетті.

Негізінде, «функционалдық сауаттылық» термині өзінің 1957 жылы ЮНЕСКО енізген уақытынан бастап «сауаттылық» және «минималды сауаттылық» ұғымдарымен қатар қолданысқа түсіп келеді. Осылардың әрқайсысына жеке-жеке түсініктеме беріп тоқталып кету жөн болмақ [2].

1) Сауаттылық дегеніміз – оқу, жазу, санау және құжаттармен жұмыс жасай алу дағдылары.

2) Минималды сауаттылық дегеніміз – қарапайым хабарламаларды оқу және жазу дағдылары.

3) Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті, яғни адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейі. Бұл деңгейде адам мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты, мәлім іріктеп алуы үшін және сондай ақпаратты басқаларға жеткізе алуы үшін қажетті болатын қабілеттер қалыптасады.

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.

 Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысу білім берудің бақылау бағалау жүйесін реформалаудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі негізгі себеп болды. Еліміздің  PISA - 2015 зерттеуіне қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өміріне орынды қатысуы үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.

Ал, оқушылар үшін PISA зерттеуіндегі математикалық сауаттылығын анықтайтын тесттердің бағыты оқушылардың алған білімі мен дағдыларын шынайы өмірлік жағдайларда табысты жүзеге асыруы үшін қажетті құзыреттіліктері қалыптасқандығын  анықтайды. 

      Математикалық сауаттылық дененіміз-бұл математика саласында әр түрлі өмірлік жағдаяттарды шешудегі жеке дәлелдемелерінің таңдауында адамның өз білімдерін пайдалану қабілеттілігі. Оқушылардың түрлі  өмірлік  жағдайларда  математика  саласынан  пәндік білімді  қолдану  дағдыларын  қалыптастыру  оқыту үдерісі тиімділігінің қағидалық мақсаттарының негізін қалаушыларының бірі болып табылады.

Осылайша,  «математикалық  функционалдық  сауаттылық»  ұғымының басты тезисі оқушылардың:

  • математикалық тапсырмаларды  шешу  арқылы  қоршаған  ортада туындайтын мәселелерді айқындау;
  • Ойлау, соның ішінде шығармашылық ойлаудың тәсілі де, түрі де адамға туа беттіе берілмейді, ол адамның қоршаған қоғамдық тарихи ортасын тану үрдісінде қалыптасады. Бала бойындағы бейімділікті тәрбиелеу, қабілет деңгейіне көтеру шығармашылықтың алғашқы баспалдағы. Сондықтан, бала бойындағы бейімділікті көре, болжай білу, оны әрі қарай дамытуға құлшыныс мұғалімнің міндеті.

Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың  келесі қабiлеттiлiктері жатады:

  • қоршаған ақиқат ортада пайда болатын және математика арқылы шешiле алатын мәселелерді тани білу;
  • бұл мәселелерді математика тiлiнде құрастыру;
  • бұл мәселелердi математикалық айғақтар мен әдiстерді қолдана отырып шешу;
  • шешiмдерде қолданылған әдiстерді талдау;
  • қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсiндiру;
  • шешiмдердің нәтижелерiн құрастырып жазу.

Жоғарыда берілген математикалық функционалдық сауаттылықтың анықтамаларын талдай келе, математика сабақтарында оқушылардың фукнционалдық сауаттылығын қалыптастыруға негізделген тапсырмалардың кейбір түрлерін ұсынамын. Бұл тапсырмалар оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алуларына мүмкіндік беретін тапсырмалар.

  1. Бақша күтушінің жеміс егетін жердің шекарасын белгілеуге арналған 48м сымы бар. Ол төмендегі қай нұсқаны таңдай алмайды?
  2. 2. Сантиметрге дейінгі дәлдікпен өлшенген қарындаштың ұзындығы 19 см. Төмендегі жауаптардың қайсысы қарындаштың нақты ұзындығын бейнелей алады?

А. 19,9 см              В.18 см              С. 18.9 см            Д. 18.5 см.

Сонымен, функционалдық сауаттылық – жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесе отырып, меңгерген білімді тұрмыс тіршілікте қолдана алуы мен жетілдіре отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

 

Қолданылған әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана,2010.-57 б.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 -2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив