Ехро 2017 жаһаннан жиылған жаңа жаңалықтар жәрмеңкесі

       

  Ехро 2017 жаһаннан жиылған жаңа жаңалықтар жәрмеңкесі

Абдиханова Ақерке  ТС-16у-1 оқу тобының студенті

Жетекшісі :Жолдасбаева Жанат Сұлтангелдіқызы колледж әдіскері

    Мен, Балтабаева Гүлбақыт Асылханқызы , дәл қазір сіздермен төрткүл дүниені өзіне қаратқан «ЕХРО 2017- Халықаралық көрмесі» жайында ой қозғасам деймін.

    Ауылдың қарапайым, көп балалы жанұясында өскен мен үшін бұл көрме ерекше әсер қалдырды.Себебі , бұрын соңды байқамаған жаңа дүниелерді көріп, өміріме азық  етерлік әлемнің жаңалықтарымен таныстым. Ең алғаш көрме жайлы ақпарат естігенде, шыны керек таңданыс білдірген адамдардың бірі өзім болатынмын. Дүниежүзілік көрме-дегеніміз не?,Не мақсатта ұйымдастырылып отыр? Біздің ұтарымыз бен ұтылатынымыз қайсы? осы сұрақтар санамды билеп алды.Ішімдегі сансыз сауалдар таусылар емес...  Ақыры не керек әлеуметтік желілер мен мақалаларды оқып, мәліметтер іздестіре бастадым.2012 жылы халқымыз қуанып бір- бірінен сүйінші сұрасқандары есімде ерекше қалған болатын, бірақ неліктен қуанғанын түсіне қоймадым.Өзім мүшел жастан енді шыққан кезім, «Болашақ энергиясы» деген ұғым  ойын баласында болмайтыны айтпасада белгілі болар.Араға төрт жыл салып осы көрме жайында толық ақпараттар іздестірдім,мүмкіндік болса Астанаға да барсам деген арман болды.Менің бар мақсатым- сол нәрсе жәй  армандарым болып қалмау үшін аянбай еңбек етіп, тер төгу болатын.Қазақта жақсы сөз бар «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық деген» Аллам өзі қолдап көрмені көру бақыты мағанда бұйырды.

   ЕХРО 2017- Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылған Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйек аралығында өткізілді.Таңдалған  тақырып Future Energy (Болашақ қуаты)  болып саналды. Көрмеге 115 мемлекет пен 22 хылықаралық ұйым қатысып,6 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Күн сайын елордамыз төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінен жеткен түрлі мәдениеттің әуені мен нақышына бөлініп тұрды.

   Ең алғаш көрмеге аяқ басқан шағым, әлемнің сансыз кереметін көргендегі сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Әлемнің түкпір-түкпірінен келген,еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін, азаматтар мен азаматшалардың бір сәтте барлық жұмысын тастап, демалып, отбасыларымен уақыт өткізгендері кандай бақыт десеңші!?

    Зымырып өте шығатын уақыттың қадірін осы көрменің арқасында түсінгендей болдым.Таңертеңмен жұмысқа асыққан адамдар, қарбалас шаруалар, үздіксіз ізденіс, ұйқы жоқ қала, бәрі де көз алдымда.Көрмеге бір апта бойы барып,іс-шаралардың барлығына дерлік қатысып көрдім.Көрменің ең басты нысаны - әлемдегі биіктігі 100 метрге жететін, ең үлкен сфера тәрізді ғимарат "Нұр-Әлем" болды.8 қабаттан тұратын ғимараттың дизайн ерекшелігі өте әсерлі екен, 8-ші қабатта шыны жол орналасқан.Бұл жол адамдардың фобиясын жеңуге немесе анықтауға арналған еді. Мен тау  мен тастың арасында өскендіктен болар биіктіктен қорқа қоймадам, әйтседе даласы жазық жерде осындай үлкен зәулім сарайдың болғанына риза болдым. "Нұр-Әлем"-де айта кететін ерекшеліктер мыналар болды:

-Әр қабатта әр түрлі энергия көздері орналасқан (күн, су, жел, адам энергиясы және т.б.);

-Кез келген қабатта қазақы нақыштағы безендірулер көрініс тапқан;

 -Фото галлериясы бар(Болашақ энергиясымен тарихта қалатын тамаша естеліктердің бірі);

-Киіз үй.Тап бір аялы алақандағы жылулық арқылы сәуле шашатын қазағымыздың қара шаңырағы іспеттес;

-Адамдар зерікпейтін іс-шаралар ұйымдастырылған.Қазіргі таңда қолда бардың барлығы дерлік адамның жұмысын жеңілдеткен дүние болды.Ал адамдар арасында тек қағазбастылық пен іскерлік қана қалған.Менің ойымша ,адамның өзінен энергия алу амалы тиімді.Себебі, физикалық іс-әрекеттен адамның көңіл-күйі көтеріледі.Араласатын ортасында әлеуметтік желіге деген тәуелділік төмендейді,адамдармен тек бір жақты араласады(қазіргі таңда адамның психологиясы екі жақты классификацияланады.Біріншісі,әлеуметтік желідегі адамның өзін-өзі ұстауы.Екіншісі, интернетсіз ортада өзін-өзі ұстауы.Сонымен қатар әлемдік мәселеге айналып отырған артық салмақтан арылудың  принциптері жасалатын еді.Сіздер ойлайтын шығарсыздар бұл жүйе тек жастарға арналған деп, жоқ бұл қате пікір.Керісінше, осы энергия алу тәсілі арқылы халықтың өмір сүру жасын одан әрі ұзартуға мүмкіндік туатынына сенімдімін);

   Сонымен қатар шет елден келген повилондардың да өзінлік ерекшеліктері бар екен.Айта кетсем;

    Германия.Бұл павилонда лазерлік шоу адамға ерекше әсер етеді екен.Лазерлік шоу арқылы энергия алу жолдары көрсетілген (атомдық, су, жер, күн және т.б).Машиналар, заманауи керек жарақтардың модульдері ұйымдастырылған.

    Манакко.Негізінен су арқылы энергия алатын мемлекет болып табылады.Олардың баламалы энергия көзі-су.Жердің астынан тұрғын үйлер салу жоспарларында бар екен.Тұрғын үйлерді мұхиттың, теңіздің астынан салу аса төзімділік пен жауапкершілік арқалайтын жұмыс екені айтпаса да белгілі. 3Д көзілдірік арқылы жаңа жаңалықтарын көруге мүмкіндік туғаны куанарлық жайт .3Д көзілдірік арқылы теңіз астынан салынған қонақ үйлерді көрдім.Ерекше сәні мен салтанаты жарасқан конақ үй, келешекте тұрғын үйлермен адамзатты ақылды энергия көзімен қамтуға оңтайлы ықпал етері  анық.

Корея.Жаңа технологиялар негізінде жұмыс жасап келе жатқан павилон.Павилонга кірген сәттен бастап-ақ компьютер, ноутбук, планшеттермен жұмыс жасайтын кондырғыларды көруге болады.Заманауи жаңа жаңалық ретінде шыны керек ештеме байқай алмадым.Бар ерекшелігі жаңа технологияларды қолдану ғана болды.Ал негізінде планшет, ұялы телефон дәл қазіргі уақытта таңданыс білдіретін дүние емес.Себебі, планшет, ұялы телефондарды жасқа жетпеген сәбилер мен тоқсанды арқалаған ата-әжелерімізге дейін меңгерген секілді.Энергияға қатысы бар тек-жарық, сәуле алу жолдары мен бензинсіз жүретін көлік түрлері көрсетілген.Ұшақ пен көлік тек қуаттағыштар (батарейка) арқылы ғана жұмыс істейді, яғни пайдалы қазбаларды үнемдеу жолы көрсетілген.

     Аувстралия.Мен үшін нағыз жаһандық жаңалық ашқан орта болды:материялдық және рухани тұрғыдан қарағандада адамзатқа тигізер пайдасы мол павилон екен.Барлық энергия көзі тікелей адамның өзіне тәуелді, ойын-сауық орталығы ретінде ұйымдастырылған.Қарапайым заттарды қолдану арқылы баламалы энергия көзін  алып, кішілер де үлкендерде ойын алаңына бір-біріне  көмек көрсетулеріне болатын, шығармашылыққа да оң әсерін тигізетін,қолайлы мекен.

      Ал тыныштық пен тарихқа қызығатындар үшін мен Жапония павилонына баруға кеңес берер едім.Себебі, бұл ел ең көп табиғи су апаттарына ұшырайтын (2011 жылы) мемлекет.Шыны керек әлемде әр 2-3 минут сайын жаңалық ашылатын елдің бірі әрі бірегейі деп қате айтпаған секілді.Олардың заманауи сән үлгілері мен үшін жаңалық болды.Яғни, күнделікті киюге болатын мата түрлеріне аса ыждаһаттылықпен мән берген,мата талшықтарын( жіптер) жасау әлемге енген жаңалық екені даусыз.Жіптер салқын күндері адам бойындағы энергия арқылы жылулық таратады да ыстық күндері керісінше жұмыс атқарады.Бұл тұста қаржы мәселесі оңтайлы шешілер еді.Өйткені,мезгілдік киімдер алудың қажеті болмайды.Бұл, әсіресе, мен секілді көп бабалы жанұяларға оңтайлы жүйе болмақ.

     Қорытындылай келе, Әлемнің сансыз жаңалықтары өте көп.Ал біз жастар соны саралап,шекарасын бағамдай білсек, болашақта бізде казақтың атын әлемге мәшһүр ететін боламыз.Ол үшін білімді шыңдап,жас ұрпақты тәрбие мен зерделікке бейімдейік. Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.

         Нағыз патриот - өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар.Ендеше, өз еліміздің кемшіліктерін көріп сонны түзеуге ат салысайық достар!Бабаларымыз дана да батыр болған біздің еліміз үшін әлде де жаңа сатылар тұр.Сол жолдарды түзуінен қалау біз үшін ұлы міндет, өшпес парыз!

                                       Назарларыңызға көп-көп рахмет!

 

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив