Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

                     Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

    Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» бағдарламасын, соның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, зорлық-зомбылық фактілеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптасытру мақсатында Бас прокуратурамен «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы іске асырылуда.

    Жобаның міндеті тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бойынша тиімді, кешенді тетіктерді дайындау, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтарды төмендету болып табылады.

    Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы — тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені.

   Еліміз егемендігін алғалы бері әйелдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда және тұрмыстық қылмыстардың алдын алу саласында оң нәтижеге қол жеткізді. Мемлекетіміз 1997 жылдан бастап әйелдердің ар-намысын қорғайтын, құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, бірдей конституциялық қағидаларды жүзеге асыруды көздейтін, әйелдердің жағдайларын жақсарту туралы мемлекеттік саяси Концепциясын іске асыруда.

    Əлемнің көптеген аймақтарында əйелдерге қатыгездікпен қарау бұрынғысынша жасырылып келеді, мойындалмайды, маңыздылығы бойынша кейінге қалдырылады, оған шыдамдылықпен қарайды жəне ол тиісті мəдени норма жəне салт ретінде түсіндіріледі [1].

    Əлемде зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы істердің жағдайы бойынша 2014 жылғы баяндамасына сəйкес қазаға алып келмеген физикалық, жыныстық жəне психологиялық зорлық- зомбылықтың негізгі соққысы əйелдерге, балаларға жəне қарттарға тиеді: барлық ересектердің төрттен бірі балалық шағында зорлық-зомбылыққа ұшыраған; əрбір бесінші əйел балалық шағында жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған; əрбір үшінші əйел өмірінің əр түрлі кезеңінде жыныстық серігі тарапынан жасалатын физикалық жəне жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған [2]. Бұл ДДҰ-ның зорлық-зомбылықтың жаһандық таралуы туралы мəліметтерімен де дəлелденеді, соған  сəйкес, əлемде əйелдердің 35 % өмірі барысында жыныстық серіктесінің тарапынан немесе басқа тұлғалар тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Орта есеппен ер адаммен қарым- қатынаста тұратын əйелдердің 30 % өзінің серіктесі тарапынан физикалық немесе жыныстық зорлық- зомбылықтың қандай да бір нысанына ұшырайтыны туралы хабарлаған. Əлемде əйелдерді өлтірудің 38 %-на дейін фактілерін олардың жыныстық серіктестері жасайды [4].

    Бүкіл жер-әлемдегі әйелдердің әрбір бесіншісі еркек кіндіктіден жәбір көреді немесе зорлық-зомбылықтың құрбаны болады екен. Әділеттілік  пен ізгілікке ұмтылып келеміз, неше түрлі қылмыс пен әлгіндей келеңсіздіктер біздің елде де бар. ІІМ-нің аумақтық бөліністері  тұрмыстық қарым-қатынас саласында жасалатын зорлық-зомбылық деңгейін, нысандары мен тәсілдерін зерделеу мақсатында сауалнамалар, зерттеулер жүргізгенде, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көпшілігі әйелдерге қатысты болатыны дәлелденген.                     

   Сол себепті бүгін отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алудың тіптен жаңа жолдарын іздестіру маңызды. Осындай әрекеттердің алдын алуда әлеуметтік-құқықтық шараларға басымдық беру керек.    

    БҰҰ-ның Сан-Франциско қаласында өткен бірінші Бас Ассамблеясы барысында əйел-делегаттар əйелдердің проблемаларына арнайы назар аударуды талап етті. Сол кезде құрылған Адам құқықтары бойынша комиссия жанындағы Əйелдердің жағдайы жөніндегі шағын комиссия нəтижесінде 1946 ж. БҰҰ-ның Əйелдердің жағдайын жақсарту бойынша Дүниежүзілік Экономикалық жəне Əлеуметтік комиссия жанындағы комиссиясы болып қайта құрылды [5, 3–7].

   Кейін БҰҰ Бас Ассамблеясы 1966 ж. Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық актіні жəне Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы халықаралық пактіні қабылдады. Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 10- бабына сəйкес қоғамның шынайы жəне негізгі бөлшегі болып табылатын отбасына мүмкіндігінше ең кең көлемді қамқорлық көрсетілуі жəне жəрдем берілуі тиіс. Нəтижесінде осы негіз қалаушы халықаралық-құқықтық құжаттар адам құқықтары саласындағы басқа да нормаларды жасауда қайнар көзге айналды. Қоғамның негізгі бөлшегі ретіндегі отбасын мемлекет тарапынан əлеуметтік- құқықтық қорғаудың басым сипаты туралы ереже Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының 1995 ж. 26 мамырда қабылдаған Адам құқықтары жəне негізгі бостандықтары туралы конвенциясында, сондай- ақ ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің көпшілігінің конституцияларында қамтылған [7- 8, 289–299].

    БҰҰ Бас Ассамблеясының 1979 ж. 18 желтоқсандағы резолюциясымен əйелдер құқықтары саласындағы басты құжат болып табылатын «Əйелдерге қарсы кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы» конвенция (CEDAW) қабылданды жəне қол қоюға, ратификациялауға жəне қосылуға ашық деп жарияланды.

   1981 ж. Конвенцияның 17-бабына сəйкес Əйелдерге қарсы кемсітушілікті жою бойынша комитет ресми түрде құрылды, оның міндеттеріне қатысушы-мемлекеттердің Конвенцияның ережелерін жүзеге асыруын бақылау кірді. Конвенцияны қабылдау барысында əйелдерге қарсы зорлық-зомбылық саяси мəселе ретінде қабылданды. Алайда № 19 Нұсқаулығында (1992) Комитет отырысының барысында əйелдерге қарсы зорлық-зомбылық кемсітушіліктің бір түрі деп танылды.

   Комитет өзінің жалпы Нұсқаулығында «отбасындағы зорлық-зомбылық — əйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың ең жасырын нысандарының бірі. Ол барлық қоғамдарда кең таралған. Отбасылық қатынастар аясында əр түрлі жастағы əйелдер ұрып-соғуды, зорлауды жəне жыныстық қылмыстардың басқа да нысандарын, психикалық террорды жəне зорлық-зомбылықтың əдет- ғұрыптық көзқарастардан қолдау табатын басқа да түрлерін қамтитын зорлық-зомбылықтың мүмкін болатын барлық түрлерінің құрбаны болатынын» түсіндіре отырып, маңызды қадам жасады.

   Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен сәтті күрес жүргізудің негізгі шарты – қоғамның көзқарасын өзгерту. Ол үшін қоғамдық сана мен қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі өзгертіп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарына сәйкес түсінік қалыптастыру қажет, қоғамға қарсы мінез-құлықты еркімен жібермеу керек. Әрбір жазасыз қалған үй бұзақысы өзінің бойында бұдан да ауыр құқық бұзушылықтарды жасауға негіз болатын жауапсыздық сезімін дамытады.

Бұл жұмыстың сәтті жүруіне мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының біріккен күшінің нығаюы септігін тигізеді, әсіресе отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын практикалық тұрғыда шешумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен әрекеттестіктің зор ықпалы бар.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Алауханов Е.О., Каирова Н.И. Преступное насилие в отношении женщин: учеб. пособие. — Алматы: Заң əдебиеті, 2008. — 230 с.
  2. Əлемде зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы 2014 жылғы жағдай жөніндегі баяндама. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.who.int/violence_injury_prevention/violence/status_report/2014/ru/
  3. АҚШ өкілінің ЕҚЫҰ-да əйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық мəселесі бойынша баяндамасы. Варшава (Польша), 2014 жыл 26 қыркүйек. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://iipdigital.usembassy.gov/st/russian/texttrans/2014/09/html#axzz3ohfAQmut
  4. Əйелдерге қарсы зорлық-зомбылық. Жыныстық серіктесі тарапынан зорлық-зомбылық жəне əйелдерге қарсы жыныстық зорлық-зомбылық. №°239 ақпараттық бюлл. — 2014 ж., қараша. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs239/ru/
  5. Международные документы по защите прав женщин // Учебно-методический комплекс по курсу «Введение в тео- рию гендера». — Алматы, 1999. — Вып. VII. — 47 с.
  6. Кемали М.С. Насилие над женщинами в семье и быту (криминологические и уголовно-правовые проблемы): дис. канд. юрид. наук: 00.08 — «Уголовное право и криминология, уголовно-исполнительное право». — Караганда, 2007.
  7. Ильяшенко А.Н. Семья как приоритет социальной политики государства: международно-правовые и конституцион- ные основы // Конституционное и муниципальное право: науч.-практ. и информ. изд. — — № 2. — 50 с.
  8. Сборник международных договоров и законодательных актов Республики Казахстан в области прав человека: в 2 т. /Сост. Е.А. Жовтис. — Алматы: Жеты жаргы, 1996. — (Права человека). — 436 с.
  9. Квашис В.Е., Вавилова Л.В. Зарубежное законодательство и практика защиты жертв преступлений / В.Е. Квашис, Л.В. Вавилова. — М.: ВНИИ МВД РФ, 1996. — 128 с.
  10. Əйелдердің жағдайын бағалау. Əйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы декларациясы // Есеп бойынша нұсқаулық. БҰҰ. — 2000. — 108 б.
  11. Əйелдерге қарсы кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің баяндамасы. Жетінші сессия. — Нью-Йорк, 1988. — 135 б.
  12. Мертус Д. Права женщин — права человека: пособие для учебных занятий. Пер. с англ. / Мертус Д. в соавторстве с М. Датт и Н. Флауэрс. — М.: Глас, 1996. — 240 с.
  13. Зорлық-зомбылықпен күрес стратегиясы: БҰҰ анықтамалық құралы (ST/CSDHA/20). — Нью-Йорк, — 122 б.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив