БАЛУАНДАРДЫҢ САЛМАҚ ҰСТАУ ТӘРТІБІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАҚЫЛАУ

БАЛУАНДАРДЫҢ САЛМАҚ ҰСТАУ ТӘРТІБІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАҚЫЛАУ

Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.

Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген спорттық кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады.

         Адамзат  қоғамының  қай  кезде  болмасын, оның  алдында  ұлы  міндеттерінің  ең  бастысы  өзінің  өмірін  жалғастыратын   саналы  да,сапалы  ұрпақ  тәрбиелеу  екені  баршамызға  аян. Демек  жеткіншектерді  тәрбиелеу  мен  оқыту  жүйесін  бұл  үрдістерден  бөліп  қарау  мүмкін  емес.

  Мектеп  болмаса, ұлттық  сана, ұлттық  ойлау, ұлттық  ғылым-білім  болмайды. Сондықтан  келешегімізде  өркендететін, тәуелсіздігімізді  баянды  ететін, елдігімізді  әлемге  танытатын  ұрпақ  даярлап  шығару, біздің  ата-баба  рухы  алдындағы, болашағымыз  алдындағы  қасиетті  борышымыз.

Оқушыны дамыту әдіс-тәсілдері сан алуан болып келеді. Оның басты әдіс тәсілі қозғалыс. [ 1, 1-72 ].     

Қазіргі дамыған қоғам деңгейінде еліміздің ертеңі үшін спорт мектептерінің қабырғасынан шығармашылық қабілеті дамыған, әлеуметтік белсенділігі жоғары, дене-күш, ерік-жігер қасиеттері мен дене дайындығы жұмысын атқаруға қабілеттілігі деңгейін, жоғары спорт нәтижесіне қол жеткізу мақсатында біліктілігі мен дағдысын арттыру дайындықтарын оқыту.

     

        Дайындықтың барлық кезеңдерінде жаттықтырушы бапкердің бірінші орында тұратын мәселесі спортшылардың денсаулық деңгейін қадағалауда ұстау. Спортшының денсаулық деңгейі мен жоғарғы спорттық нәтижелерінің, олардың спорттық жетістікке жетуі өзара тығыз байланысқан. Спортшының денсаулық деңгейі жоғары болғанда ғана бір қалыпты спорттық жетістік болады. Күресте жаттықтыру ауыртпалықтарын дәл өлшеу қиын болса және спорттық белдесудің мағынасы спортшылардың қызығушылығын арттырса, сонымен бірге өзіндік бақылаудың мүмкіндіктерін төмендетіп, жаттықтырушы бапкер шұғылданушының азғантай да болса денсаулықтарында ауытқулар болмауын қадағалау керек. бұл үшін алдымен жаттықтырушы дәрігермен бірігіп жұмыс жүргізіп, қарым – қатынаста болуы керек. Дәрігер мен жаттықтырушыда организм (реакция) жылдамдығының көрсеткіші туралы мәліметтері болу қажет. Өлшеніп – бекітілген ауыртпалыққа танылатын, осындай (реакция) жылдамдықтарында танылуына спортшылардың жекелей ерекшеліктерін білу керек. Жаттығу жүктемелерін өзгерту жөніндегі шешім қабылдау, жүктемені ұлғайту жағына ерекше бақылау жүргізілген уақыттағы педагогикалық бақылаулар мәліметтері қажет. Дәрігерлік бақылау және өзіндік бақылау. Спортшылардың, жаттықтырушы бапкерлердің және дәрігердің жақсы бірлескен қарым – қатынаста болуы жаттығу жүктемесін анықтауға мүмкіндік береді. Көбінде сәйкес келетін спортшылардың мүмкіндіктері және спорттық – педагогикалық міндеттерді шешуге, жаттықтырушы жаттығу жүктемелерін өзгерту амалдарына, көлемін реттей отырып және қолданылып жүрген жаттығулардың екпінділігін, демалыс пен жұмыстың кезеңдік ұзақтығын өзгертуге басшылық етеді. Бірақта өзгертулер байқаусызда пайда болған іс шараларға бола енгізілуге болмайды. Олар бір жарысқа дайындық жүргізуге қарағанда, маңыздылығы басым кезеңде алға қойылған  спорттық – педагогикалық міндеттерге жету мақсатымен жүзеге асырылады. Егер жаттығу барысында жаттықтырушы бапкер жаттығу жүктемесін ұлғайтуға, сонымен қатар төмендету бағытына тез өзгертуге мәжбүр болса, оқу – жаттығу процесінің сапасын қанағаттанарлық деп есепке алудың қажеті жоқ.дайындықтың кезеңдерінің әр бір жүктемесі өз уақытында жоспарлануы керек және әрбір жарыстың басталуына, жоғарғы дәрежеде жұмыс істеу қабілетін біртіндеп игеруді қамтамасыз етуі керек. жаттықтырушы бапкердің бірден-бір қажетті міндеттері мұндай өз уақытында жоспарланған жарысқ деген ұстанымын қамтамасыз ету. Жұмыстың тәртібін оқуды және спортшының өзіндік тұрмыстық әл ауқатын ұйымдастыру. Жаттықтырушы бапкер әр қашан мынаны түсіне білуі қажет, егер жаттықтыру нәтижесінің жұмысын маңызды дәрежеде жоғарғы жүктеме көлемін қолдану талабы, спортшының жұмыс істеу қабілетін қалыпқа келтіру  іс шараларына байланысты.

 

         Балуандардың көпшілігі жарыс алдында жеңіл салмақ дәрежесінде сайысқа түсіп, өнер көрсету үшін салмақтарын кемітеді. Су адам денесінің 73 % пайызын құрайды, су организмнің барлық  өмірге қажетті процесіне қатысады. Жарыстың алдында балуандардың салмақтарын ретке келтіру организмдегі судың көлемін қолдан түсіру жолымен жүзеге асырылады. Салмақ дәрежелеріне байланысты балуандар өз дене салмағынының 10 %  - на дейін түсіреді, солардың ішінде жеңіл салмақ дәрежелеріндегі балуандар көп мөлшерде салмақты азайтуға барады. Шамамен 1 – 1,5 кг салмақты ретке келтіру салмақ түсіру деп қабылданбаған. Бұған қарапайым салмақ ұстау жолымен қол жеткізуге болады және салмақ ұстау қабілетімен классификацияланады. Шамалы көлемде салмақ түсіру (2-3 кг көлемінде) спортшының дайындықтың нәтижесіне байқалатындай ықпал етпейді. Үдемелі дайындық жарыстар кезеңдерін жоспарлауда және ұйымдастыруда мынаны ескеру қажет, салмақ түсіруші балуандар, басқа да тепе – тең жағдайларда спорттық формаға тез түседі. Апталық циклдерді жоспарлак, соның ішінде ерекше екі апта, өте нақтылы мінездемеленеді. Салмақ түсіруші балуан, міндетті түрде жиі, ауыртпалық жаттығуларынан өтіп отыруы тиіс, мол көлемде тер шығаруға септігін тигізеді, бұл оған дұрыс тамақтануға, жақсы ұйықтауға және басқа да спорттық тәртіптерді сақтауға мүмкіндік береді. Салмақты жоспарлы түрде түсіру спортшыларды жарыстарға дайындауға бағытталған іс шараның барлық топтамасының бөлімі болып табылады. Сондықтан дайындық жүктемесін жоспарлауда салмақ түсіретін спортшылар құрамы ескеріледі. өзіне қажетті салмақ дәрежесіне қол жеткізу үшін, уақыт мерзіміне байланысты, салмақ түсірудің екі түріне бөледі: біртіндеп [ 2, с 80-135 ].      

(25-30 күн) және жеделдетілген (5-8 күн). Спортшылар 2,5 – 3 апта аралығында үдемелі салмақты түсіруде, сұйық тамақты қабылдауда өзіне шектеу қоймай, ұннан жасалатын тағамдардың барлық түрін (жеуді) қабылдауды азайтады. (нан, макарондар ж.т.б.) осы іс шаралардың нәтижесінде және шиеленісті жарыс алдында туындайтын жағдайларда спортшының салмағы 1,5 – 2 кг түседі. Содан кейін жарыс басталуға бір апта қалғанда, сұйық тағам түрлерінің барлық түрлерін (ішуді) қабылдауды азайту қажет, осының есебінен салмақ 1,5 – 2 кг төмендеуі мүмкін. Егер спортшы үдемелі салмақты түсіруді қолданса, онда оның дене салмағы жарыс алдында 500 – 700 г жоғары салмаққа артық болады. Салмақты біртіндеп түсіруде, белоктар мен углеводтардың орнын алмастыра алмайтындардан басқасын, спортшы жарысқа дейінгі 3 – 4 аптада тең өлшеммен барлық азық – түлік түрлерін (сұйық азық түрлерін қоса) (ішіп жеуді) қабылдауды азайта бастайды. Нәтижесінде 3 аптада спортшы 3 – 4 кг салмақ жоғалтады. Егер спортшы ертеңгі болатын жарыстың алдында ғана біртіндеп салмақ түсіретін тәсілді қолданатын болса, онда алдағы жарыстың алдында нәтижелі күтілген салмақтан, дене салмағы 300 – 500 г артық болуы мүмкін. Салмақ түсірудің екі түрін жоспарлы өлшемдегі дайындық, жаттықтыруларда қолданады және дайындық ауыртпалықтары динамикасымен өзара байланысқан. Спорттық тәжірибеде салмақты түсіру тәсілінің екі түрінде қолданады. Спортшылар, ереже бағыты ретінде қандайда бір тәсілді ұстанады. Үдемелі тәсілдің басымдылығы мынада, онда күшті сақтап қалу жеңіл. Бірақта біртіндеп салмақ түсіру тәсілі салмақты көп мөлшерде төмендетуге мүмкіндік береді. Барлық жағдайларда дене салмағын 3 – 5 кг артық түсіруге ұсыныс, кеңес берілмейді. Салмақ түсіруші спортшыларға бір жылдың ішінде, өзі өнер көрсетіп жүрген салмақ дәрежесінде 4 – 5 жарыстан артық жарысқа түсуге болмайды. Екі жағдайда салмақты түсіруде қысқа мерзімді кезең туындайды (шамамен 4 – 5 күн) ауыртпалық сезімдермен байқалатын, тер шыққанға дейін ауыр, күрделендірілген тапсырмаларын орындау қиындығымен, жаттығуға деген құлықсыздық. Салмақты үдемелі түсіру кезінде мұндай кезеңдер сұйық тағамдарды қабылдауды шұғыл қысқартуда, және ауқымды жоғарғы деңгеймен бір уақытта ауыртпалықтың белсенділігімен жиі сәйкес келеді. Салмақты біртіндеп түсіруде қиын кезең – дайындық бөлімдерінің үлкен ауыртпалық жаттығуларымен бірге сәйкес келеді. Алайда кейбір спортшыларда ерте сезіледі. Екі қиындық кезеңінде болады олар – салмақ түсірудің бас кезінде және үлкен жаттықтыру ауыртпалығы кезінде. Барлық кезеңдерде бүтіндей салмақты түсіруге көмектесуші амал және салмақ түсірудің қиын кезеңдерін жеңіп шығу, дайындық жаттығуы болып табылады.

Мұнда ол дайындықтың шарттарын ұйымдастыруда үлкен қызмет атқарады, әртүрлі шартты жағдайлар, достастық, өзара көмек көрсету. [ 3, с 16-85 ].      

Спорттық күрес түрлерінде жарыстарға дайындықта қарсылас – жұпты дұрыс таңдау сәйкестігі үлкен роль атақарады. Әр бір балуанның – шабуылға тап болған балуанның кейпін орындау қабілеті болуы қажет. Тәсілді орындауда бірінші тиімділіктің механизімі (үйрету кезінде) оның ішінде қарсы тәсілді немесе тәсілдер үйлесімдерін маңызды дәрежеде тиімді көмектесуші қарсылас жұпқа байланысты. Оның дұрыс әрекет ету мағыналығы тәсіл комбинацияларын жетілдіруде байқалады, олар жарысқа теңестірілген деңгейде көбірек орындалады. Сондықтан балуандардың әр қайсысы шеберліктің жоғарғы деңгейінде пысықталып жатқан күрес үзіндісінің мән мағынасын жақсы түсініп қана қоймай, сонымен қоса тең дәрежелі қарсылас жұп ретінде қатысып, күрестің мағынасын тудырып, балуандық шеберлікті жетілдіруге қажетті күрес шарттарын қалыптастыра білу қажет. Жарысқа, жарыстарға дайындық жүргізуде жаттықтырушы бапкер мен спортшылардың өздері болжам бойынша кездесетін қарсыластарының шеберліктеріне (анализ) сараптама жүргізу қабілеті үлкен мағынаға ие. Қарсыластың жалпылама дайындық деңгейін, оның шеберлігі бойынша жекелей бір жақтылығы мәліметі негізінде жан – жақты талдау қажет (дене күші, техникалық әзірлігі, тактикалық әзірлігі, және ерік жігерлік әзірлігі).

Қарсыластың дайындық дәрежесіне әлсіз тұстарын іздестіру және бөлшектеп қарастыру, спортшылардың өздеріне шеберліктерін жетілдіруге ықпал етеді. Жаттықтырушы бапкер, спортшыларға қарсыластарының дене күші жағынан, техникалық әзірлігі жағынан және дайындықтың басқа да қырларынан басымдылықтарына қарсы тәсіл қолданудың жарыс барысындағы аса тиімді амалдарын анықтайды және ұсынады. Белгісіз қарсылас балуанға қарсы белдесу өткізуге дайындық, аса қиындықты болады. Мұндай жағдайда спортшы, белдесудің алғашқы 2 минут уақытында қарсылас балуанның қимыл - әрекетіне тойтарыс беріп, тоқтатуға мақсат қою керек және өзінің қимыл - әрекетін байқатпай оның дайындық деңгейіне барлау жасай білуі тиіс. Алдағы уақытта белдесуде жеңіске жету, спортшының әр алуан тактикалық сызба – нұсқалары бойынша күресу қабілетіне байланысты. Бұлда жарыс алдындағы дайындық міндеттерінің бірі болып табылады. Осы мақсатпен жаттықтырушы бапкер жаттығушы балуандардың алдына әр алуан міндеттер қоюды ойластырады. (нақты, мықты, шебер қарсыластармен күресуге дайындық дәрежесімен қатар деңгейде) Оқу – жаттығу және жаттығу белдесулері әр алуан жоспарлы спорттық шеберлікке ие қабілеті бар балуандармен өткізеді. Жарыс басталардан 1,5 – 2 апта бұрын балуандар қорытынды бақылау белдесулерін өткізе бастаған кезде, бапкер қажеттілігі бойынша екі күн қатарынан немесе күніне екі рет, ал кейде бір сабақтың жаттығудың кезінде екі белдесу өткізуді ұйымдастырады. Осының нәтижесінде жарыстық белдесулерге теңестірілген деңгей қалыптастырылады. Жолдастық кездесулерге дайындық кезеңінде жарысқа теңестірілген мағынада, күніне бір белдесу өткізуге тура келеді. Бірақта мынаны есте сақтау керек,  мұндай жарыс жағдайына теңестірілген әзірлік екі немесе үштен көп болмауы керек, өйткені жоғарғы шектен тыс жаттықтыру деңгейі – бұл сақадай сай болудың жоғарғы күшті амалы болып табылады және шектен тыс дайындықтың пайда болуына әкеп соғады. Жарыстарда сәтсіздікке әкеп соқтыратын, техника мен тактикадағы қателіктерге түзету енгізу, негізінде жарыстың басталу алдындағы кезеңдерде аяқталуы керек. Жарыстық дайындықтың кезеңдерінде қатесіз қимыл әрекеттерді нақтылы бекіту мен айналысу қажет.

Жаттығудың эффектісінің биологиялық негізі жаттығу барысында дене дайындығы күшіне ағзаның үйренуі. Әрбір адам өзінің жұмыс қабілетін арттыру денсаулық жоғары деңгейіне, дене күшінің кемелденуі үшін осы жаттығуларды жасайды. Ол адамның ой өрісінің дамуында, дене мәдениеті мен спорттык дайындықта зор роль атқарады. Қажеті мәселеге байланысты жаттығудың әдістемесі қолданылады. Дене күш дайындығы жаттығуына тәрбиелеу мен өзіндік тәрбие деген мақсаттардан тұратын жақсы жаққа өзгертетін ықпалдың ағзаға әсері. [ 4, с 28-100 ].      

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив