Өлкетану қолданбалы курсын жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Алматы облысы Көксу ауданы 

 Балпық би ауылы

 М. Құрманов атындағы №2 орта мектеп

 география пән мұғалімі                                                                                                                 Жумадилова Гулбакыт Каукербековна.

 Баяндама:

«Өлкетану қолданбалы курсын жүргізу аясында

оқушылардың функционалдық сауаттылығын

дамыту.»

Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауымен жүктелген міндетке сәйкес,  елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі бесжылдық ұлттық жоспар  қабылданды.

Елбасының  «Қазақстанның әлеуметтік  жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам»  бағдарламалық   мақаласының   талаптары аясында  Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың маңызы зор.

Ұлттық  жоспардың мақсаты -  Қазақстан Республикасында білімнің сапасын жетілдіру  үшін негізгі бағдар ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі іс-қимылдардың  тұтастығын және  жүйелігін қамтамасыз  ету.

  Осыған орай Қазақстан орта білім беру мекемелерінде "өлкетану" курсының өскелең ұрпақтың ұлтжандылық , өзінің туған өлкесінің тарихы мен географиялық тұрғыдан дамуын қалыптастыруда ерекше орын алары сөзсіз, бағдарлама міндеттерінің орындалыуы маңызды.

Өлкетану деп белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеп тану ісін айтамыз. Әдетте, ондай зерттеуге өлкенің әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи және мәдени дамуы, сондай-ақ, оның табиғи сипаты нысан болады.Туған өлке тарихы бойынша белгілі бір ғылыми принциптерге негізделген нақты білім беру-басты міндет. Оқу-тәрбиелік міндеттермен қатар тарихи-географиялық өлкетану қоғам мүддесіндегі міндеттерді де шешеді. Ол, өз кезегінде, оқушылардың бойында қоғамдық пайдалы істерге  деген дағдыларды қалыптастырып, сонымен бірге, оларды тарихи жәдігерлерді, географиялық қорғалатын аймақтарды жетік білу және қорғауға ынталандырады.     

  ХХІ ғасыр жаңарған, дамыған реформалар ғасыры болып тарих сахнасына енуде. Сондықтан оқу-ағарту, ғылым саласында жаңа реформалар жасалуда. Әр елдің ұлттық салт-дәстүрі терең зерттеліп, соны игеруге мол мүмкіндік туды.Қазақстан Республикасы соңғы 25 жыл ішінде әлем таныған ел болды. Қазіргі жастарға зор міндеттер жүктелді, білімді ұрпақ қажеттілігі туындадаы. Қазақ халқының көне тарихын, мол мұрасын оқып үйрену жаңа буын оқулықтарында көрсетілген. Соған қарамастан, қазіргі тарих оқулықтарында жергілікті өлкеміздің тарихы аз жазылған, толық зерттелмеген мәліметтер көп.Сондықтан оқушыларға өзіндік іздену жұмыстарыменайналысуы қажет.

 

     Өлкетану-мазмұны мен жекелеген зерттеу әдістері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін, бірақ, бір тақырыптық жиынтықты құрай отырып, өлкені ғылыми тұрғыдан жан-жақты тануға мүмкіндік беретін (жол ашатын) бірнеше ғылыми пәндер кешені.

Міндеттері:Оқушылар туған өлке тарихы бойынша белгілі бір ғылыми принциптерге негізделген нақты білім беру-басты міндет. Оқу-тәрбиелік міндеттермен қатар тарихи өлкетану қоғам мүддесіндегі міндеттерді де шешеді. Ол, өз кезегінде, оқушылардың бойында қоғамдық пайдалы істерге деген дағдыларды қалыптастырып, сонымен бірге, оларды тарихи жәдігерлерді қорғауға ынталандырады.

Оқушы белгілі бір ғылыми принциптерге негізделген өлкетану бойынша негізгі тақырыптық мәселелерді білуі, сондай-ақ, мектепте  оқытылатын тарих , география сабақтарына алған білімдерін туған өлкені зерттеп-тану барысында алған білімдері мен дағдылары арасындағы байланыстарды бақылап, айқындай алуы қажет.Сол сияқты, өлкенің тарих және мәдени ескерткіштерін өз бетімен ғылыми зерттеу тұрғысынан тану жұмыстары дағдыларын меңгеру.

Жетісу өлкесі- өзінің көркімен, тума табиғатымен, жануарлар және өсімдік дүниесінің байлығымен талай жұртты таңдандырған әрі тамсандырған өлке. 

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,- деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.

Өзіндік тарихы жоқ өлке болмайды. Адамзат алдында тұратын ұлы міндет - өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Өлкеміздің тарихы мен өнерін жинақтап зерттеудің мол тәжірибесі негізінде болашақ ұрпақты тәрбиелеудің қажеттілігі арта түсуде. 

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «…білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз. Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару процестері өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауға, рухани құндылықтарымызды саралап, оны мектептің оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Экологиялық мәдениетті халық педагогикасы арқылы қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері мол. Өлкетану жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының құралдарын өлкетану жұмысында пайдалану арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әр түрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын танып, олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді. Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процесі болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.Географиялық ортадағы орындарын белгілей білу,Жетісу аумағы мен Көксу ауданынң белгілі бір бөлігінің қоныстану тарихы туралы, сол ауданның топонимикасы туралы түсініктерді меңгеру, жекелеген аудан немесе облысқа сипат дарытатын ерекшеліктерді ажыратып, айқындай білу әдістемесін меңгеріп практикалық жұмыс барысында қолдана білу осылардың барлығы оқушының өлкетану бойынша білімін құрайды.

Өлкетану  арнайы курс бағдарламасы 7 сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат.

"Өз елінің дәстүрін, тарихының өткені мен бүгінгісін білмеген жас ұрпақ    болашаққа көз жүгірте алмайды" деген қағидаға сүйене отырып, "Өлкетану" арнай курс бағдарламасы құрастырылды.

     Өзінің мекен етіп отырған жерінің өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, тарихына сыр шертуге, ізденіс қабілеттірін дамытуға, қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге дағдыланады. Өз елінің географиялық орнын, оның аумағын, шекаралас мемлекет пен аудандарын  әрбір адам баласы білуі қажет. Өйткені ол өзінің туған топырағы, мөлдір таза суы, ата-бабасы мекен еткен жері.       Өз елінің патриотты азаматы болу, ақпараттық қоғамда қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді дамыту мақсаты болып отыр.

     Осы "Өлкетану" арнай курс бағдарламасында алға қойған мақсатым:

Жетісу өлкесінің географиялық орнымен танысу;

Елді мекеннің тарихына, оның бүгінгі келбетіне баға беру, салыстыру;

Жергілікті жерін топонимикалық жағынан қарастыру міндеті тұр.

     Бұл арнайы курста бірнеше оқыту формалары қолданыламын:

  1. Сарамандық жұмыс (Өз елінің шығу тегі, мәдени мұралары т.б тақырыптарда, қосымша материалдармен жұмыс істеу кезінде қолданылады)
  2. Экскурсия (Ауыл шежіресі, Тарихи ескерткіштер )

 "Өлкетану" курсында оқушыларды бағыттай отырып:

  • Оқушылырға өз өлкесінің шығу тарихы, орналасқан жері, аумағы, халқы, мәдениеті жөнінде білім беру.
  • Оқушылардың өлкетану сабақтарында өз жерін оқи отырып патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
  • Сабақта өз жерінде шыққан (аумақтан, ауылдан, облыстан) атақты адамдар жайлы материалдар жинап білімдерін толықтыру.
  • Жаңа технологиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, мәлімет іздеуге дағдыландыру

 

Мынандай принцптерді ұстанамын:

  • Өлкетану сабағында материалдарды нақты игеру;
  • Әртүрлі әдебиеттерді пайдаланып, берілген сұрақтарға жауап беру;
  • Өз өлкесінің мәдени-ағарту ісіне үлес қосқан адамдар жайлы материалдарды іздеу;
  • Ақпарат құралдарды пайдаланып оның ішінде: газет, журнал, интернет арқылы мәліметтер жинау.

 

Қорыта келгенде, оқушылар өлке жөнінде түрлі ақпараттар, материалдық ескерткіш үлгілерін т.б. мәліметтер жинақтауда. Өлкетану –  мұғалімнің басшылығымен оқушылардың туған өлкесінің ( мектеп алаңы, ауыл, аудан, қала, облыс, өлке, Қазақстан ) табиғи, әлеуметтік, экономикалық және тарихи жағдайларын жан-жақты зерттеуі. Осы арқылы оқу мен тәрбиені өмірмен, қоршаған дүниемен тығыз байланыста қарастырудан туады. Өлкетану ұғымын түсіндіруде көптеген авторлар оның белгілі бір территория туралы мағлұмат жинау ғана емес, сонымен қоса бір факторлардың екінші факторларға әсерін анықтау, яғни сол жердегі өмірдің және табиғаттың кешенді көрінісін беру екенін дәлелдеуге ұмтылады. Өлкетану жұмыстарын мектептің экологиялық жүйесінің негізі мен бірізділігі нақты іс-әрекеттер барысында іске асыруды қамтиды. Аталған жұмыстарды жүргізу, яғни мектептегі экологиялық өлкетану ретінде  пән- аралық педагикалық процесс, қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану, оқушылардың бұрынғы және бүгінгі күнгі экожүйемен танысуға бағытталған әрекеттерінің бірлігін ұйымдастыру, аймақтық проблемалармен байланысты жергілікті экологиялық өлке проблемаларын анықтау, оларды шешудің жолдары мен оқушыларға оны жетілдіруге болатын шешімдері мен жолдарын іздестіруден тұрады .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нәтижесінде

 

 

  • Өлкетану пәнінің мазмұны, мәні, мазмұнын біледі;
  • Алматы облысына тарихи-географиялық сипаттама бере алады;
  • Өз өлкесінің тарихын, орналасқан жерін, аумағын, оған кіретін аудандар мен округтер туралы мәлімет алады;

 

  • Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы;

 

  • Балпық би ауылдының құрылу, аталу тарихы,географиялық жағдайы, жер бедері, ауылымныздың картасы, жер көлемі, қай жерлермен шектесетіндігі жайлы біледі;
  • Ауыл тарихына байланысты естеліктерді саралайды;
  • Аңыз әңгімелер, шапқыншылықтар мен шайқастар болған жерлерді анықтайды;
  • Ауылдан шыққан тарихи тұлғалар: билер, батырлардың өмірі, ерлік істері, ауылдың тарихи кезеңдегі келбеті, т.б туралы білетін болады;
  • Өз өлкесінің мәдни мұраларын, тарихи-мәдени ескерткіштерін, мұражайларын, кітапханаларын біледі;
  • Ауылындағы қолөнер шеберлерін білу және олардың көрмелерімен танысады;
  • Жергілікті жердегі Ұлы Отан Соғысына қатысқан адамдар жайында мәлімет жинайды;
  • Ауылының бүгінгі тірлігі жайымен танысады;
  • Көксу ауданынан шыққан атақты тұлғалары туралы мәлімета алады;
  • З.Тамшыбаеваның өмірбаянын, еңбектерін біледі;
  • Балпық бабамыздың өмірбаянын, өлеңдерін, Қазақ халқына сіңірген еңбегін талдайды.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. "География және Табиғат" ғылыми-педагогикалық журнал, наурыз-сәуір 2 басылым.

 

  1. «Қазақстан Энциклопедиясы»

 

  1. «Қазақстан тарихы» журналы Алматы1994 жыл "Атамұра" баспасы. 1 басылым. 13-15 бет.

 

  1. «Зерде» 24 ші басылым, "Алматы" баспасы, 1998 жыл 31-33 бет, ғылыми-көпшілік журнал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив