Иклюзивті білім беруде сындарлы оқыту ерекшелігі

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ

СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІГІ»

 

Мусабекова Рабига Исматовна

«Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы

 «Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ» филиалы

Тараз қ., Қазақстан Республикасы

 

Замишева Венера Исматовна

Химия пәнінің мұғалімі

М.Әуезов атындағы орта мектебі

Жасөркен ауылы

Жамбыл ауданы

Жамбыл облысы

 

Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді, ал бұрынғы дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер – оқушы. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ – жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту бұл арнайы қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу қажет. Сындарлы оқытуда әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясын пайдаланып, сынып жұмысын жақсарту ісінде көптеген тәсілдер мұғалім жұмысының амалдарына шоғырланады. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясымен қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясының негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.

Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы құруы жоспарланған. Мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті алға қойылған. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясының үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылуда. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасалмақшы.

Сындарлы оқыту теориясын инклюзивті білім беруде ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданады. Негізінде балалардың қандай да бір алалауды жоққа шығару, барлық адамдарға теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.

Инклюзивті білім беруде сындарлы оқытудың негізгі мақсаты-оқушы пәнді терең түсіну қабілетін дамыту алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бұл сындарлы оқыту оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалім, оқушы және достарынан алған білімдерін араластыра жүзеге асады деген тұжырымдамаға негізделген. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ – жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алады. Инклюзивті білім беруде сындарлы ойланып, жетістікке жетелейтін сыни тұрғыдан ойлану жақсы нәтижеге жеткізеді. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, яғни метатаным пайда болады, өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Топтық жұмыс арқылы «оқушы мен оқушы» арасында, «оқушы мен мұғалім» арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алады. Оқушылар күткеннен де артық әсер алады. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудырады. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгереді. Сабақта «үнсіз» оқушылар да сөйлеп кетеді, себебі мотивациясы төмен оқушылардың өзі тым болмағанда постермен жұмыс жасау барысында сызбамен айналысады. Сондықтан инклюзивті оқытуда сындарлы оқытудың тиімділігі тәжірибе кезінде білінеді. Оқушылар өз бетімен оқып, ой елегінен өткізе біледі. Сабақ барысында сыныпта нақты қызу жұмыс жасалады. Сұрақтар мен тапсырмаларды шешу барысында топ ішінде дұрыс шешім қабылдай білу, қорытынды жасау, өз қателіктерін көру, өздерін және достарын әділ бағалау әрекеттеріне тез дағдыланып алады.

             Сындарлы оқытуда талантты және дарынды балаларды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл - ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жатыр. Бұл оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге қатысты ой-пікірлерді, барлық оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың осындай қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту мен оқудың сараланған стратегияларын таңдау жөніндегі идеяларды қамтиды.

             Сындарлы оқыту шығармашылық ортаны қалыптастыруда ерекше рөл атақарады. Заманауи әлемде әр адамның алдында шығармашылық үрдіске енуі үшін үлкен мүмкіндіктер ашылған. Шығармашылықпен байланысты сындарлылық ғылыми мәліметтердің жиынтығы, өнертапқыштыққа деген белсенділік, жаңашылдық міндеттерді шешу ретінде түсіндіріледі. Инклюзивті білім беруде кәсіби сындарлы шығармашылық жұмыс әрқайсымыздан жаңа сапаларды талап етеді: жаңа бастамаларға деген қажеттілік; басқалар көріп, біле алмайтын мәселелерді ұғыну, түсіну; баламаларды іріктеу және түсіну қабілеті; алғашқы қадамнан анықтау қиын өндірістің жаңа қырларын айқындау; қиындықтарды тез жеңе білу қабілеті; компьютерлік құралдармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін сапалар жиынтығы.

Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясы арқылы барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетеді. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясының тапсырмаларын күрделендіруде талантты және дарынды балаларға бағытталған өзгеріс енгізу стратегиясының бірі оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс жерлерде өтетін оқудың күрделендірілген бағдарламасын ұсыну болып табылады. Тапсырманы кеңейту анағұрлым тереңдетіп оқыту, кең көлемді жобалар немесе зияткерлік тапсырмаларды кеңейту түрінде берілуі мүмкін. IGGY жобасы соған үлгі бола алады, бұл орта мектеп оқушыларына арналған кеңейтілген оқу бағдарламалары желісін ұсынатын жоба. Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту үшін балаларға осы айтылған сайтқа кіру ұсынылады, бұл сайтта мұғалімдер тапсырмаларды күрделендіруге және міндеттерді қоюға көмектеседі. Инклюзивті білім беруде сыни тұрғыдан ойланып,  сыныптар мектептегі жетістіктерге үлкен әсер етеді. Олар тәртіптің белгілі нормалары арқылы емес, белгілі оқу ахуалын жасай отырып әсер етеді. Сыныптарда ойлануға және оқушыға бағытталған ахуал жасалған кезде, жоғары үлгерімге қол жеткізіледі.

Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясы арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Егер оқытуға бағдарлауды, оқушыға бағдарланудың белгілі дәрежесі болғанда сыныпқа енгісе, мұндай өзгеріс сәтті аяқталады.

Инклюзивті білім беруде сындарлы оқыту теориясының ерекшелігі мұғалімдер сыныптағы оқушыға бағытталған жұмыс формаларын көбірек қабылдағанын сезген сайын, тек қана академиялық көрсеткіштер өзгеріп қоймай сондай-ақ ынта, мектепке келуі, сабақтың өтуіне кедергі келтіретін мектеп оқиғалары санының азаю секілді басқа да академиялық емес нәтижелер жақсарады. Инклюзивті білім беруде сындарлы ойлауға ие адам, туындаған проблеманы шешуге, жағдайды талап етілген деңгейге сай өзгертуге   немесе нақты әрекет жасай отырып, нақты жағдайда туындаған проблеманы бейтараптандыру үшін дұрыс шешім қабылдауға қабілетті, өйткені бұл өмір талабы.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. –Алматы, 2009. -328 б.
  2. Хохотва О.И. Рефлексивті есептерді жазу және таныстырылым сөздерін дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар. Астана, 2013. -75 б.
  3. Педагогикалық диалог. Ақпараттық-әдістемелік журнал. Астана, №2, №3 2013.
  4. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Астана, 2012. -306 б.
  5. Тренерге арналған нұсқаулық. Астана, 2012. -108 б.

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив