Күншуақтағы жайдарлы демалыс

Күншуақтағы жайдарлы демалыс
№1орта мектеп жанындағы «Күншуақ»
жазғы сауықтыру алаңының басшысы
Жандилдаева Жумагул Төлепбайқызы.

Күншуақтағы жайдарлы демалыс.


Жезқазған қаласындағы №1 орта мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» жазғы сауықтыру алаңында маусым айында 30 бала демалуда. Демалушылардың күн тәртібін басты назарда ұстаушы тәрбиешілеріміз Бердалина Ә. Наурызбаева А.Әуесханова Д. Байкенжинова А,Ерімбетова Ж күнделікті әрбір баланың жақсы демалып, тынығуларына орай әр-түрлі сайыстар ұйымдастырып олардың көңілдерінен шығып отыр десем болады.Аптасына салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шаралар ұйымдастырып жеңімпаздарымызды марапаттап, бассейнге барып демалып отырдық.Қаламыздың 60 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған «Тарихқа тағзым» атты мақсатпен көрме залына ,мұражайға саяхат жасап тарих қойнауынан сыр шерттік. Сонымен қатар «Балалармен жас өспірімдер» сарайында ұйымдастырылған «Сүйікті қалама арналған гүлдер», «Балалар әндерінен, жаз балалық шақ»және «Нашақорлыққа жол жоқ»сайыстарына қатысып жүлделі 2-орынды бірнеше рет жеңіп алдық. Жас жеткіншектердің табиғи қабілеттерің ашумен шығармашылығын дамыту мақсатында «Жаз-2014 аруы», «Ойлан тап», «Ойнайықта,ойлайық»,

Күншуақтағы жайдарлы демалыс
«Біз өнерлі баламыз» атты логикалық (өнер) сайыстар өткізіп демалушылардың бір-бірлеріне деген қолдау көрсетіп достық қарым-қатынастарын, өзін-өзін сыйлау арқылы мейірімділікке баули білдік.Табиғат аясында көлікте, көшеде және қоғамдық орындарда жүріп тұру,суда жүзу ережелері бойынша тәрбиешілеріміз күнделікті ойын арқылы демалушылардың ой елегінен өткізіп қызықты сайыстар ұйымдастыра білді. «Әрбір бала бір жұлдыз,жарқырауына жәрдем бер» дегендей балғын балаларымыздың жазғы демалыстарын жақсы өткізулеріне ерекше ықпал жасаған мектеп басшысы

Досанов Абдірахман Мұханбетжанұлына ата-аналар мен ұстаздар қайымы шексіз риза. Жазғы демалысты өте қызықты етіп, әрбір баланың шаттыққа толы көңіл-күйлерін көріп,жарыса ән-айтып, би билеулері бақытты балалық шақтың еңшісінде десем артық айтпаймын

Күншуақтай жайнаймыз, күлімдейміз ойнаймыз.


0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив