Жаңашыл ұстаз өмір талабы

 

Жаңашыл ұстаз өмір талабы

эссе

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев.


Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. Жылдар өтті… Сол арманға қазір ұстаздық еңбегім арқылы жеттім деп ойлаймын. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі.

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады, – дейді.   

 «Қазіргі заманға сай жаңашыл мұғалім қандай болу керек?»- деген сауалға адамзат ғұламасы-данышпан Абайдың: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат»-деген үнінен жауап тапқандаймын. Бойында осы үш қасиеті бар адам қай қоғамда еңбек етсе де, қоршаған ортасының жаны, жүрегі, ұйтқысы. Өз басым, жылы жүрегімді, ыстық қайратымды, нұрлы ақылымды еліме, аяулы шәкірттеріме арнаймын.

ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың,  білім мен тәжірибенің ұштаса кемелденген ғасыры. Жаңа ғасырдағы ұстаз шәкіртке  сапалы білім, саналы тәрбие беруші ғана емес, ғылым мен техниканың  тілін жетік меңгерген, білікті де білгір маман болуы  міндетті. Бүгінгі ұстаз – инновациялық технологияларды  пайдаланушы, әрі ізденуші, әрі өндіруші, әрі ғалым-зерттеуші. Мен өзімді осындай ұстаздар қатарындамын деп санаймын, өйткені мен – болашақтың  бағбанымын!

 

Сарсенбекова Гульназ Шарамазанқызы
№2 жалпы орта білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі                                  

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив