Иманипедагогиканың теориялық тұғыры,әдістемелік амалы

Тәрбиеу иманипедагогиканың теориялық тұғыры,әдістемелік амалы. Иманипедагогиканың теориялық міндеттері жалпы педагогикамен бірдей үш деңгейде жүзеге асырылады:- сипаттау немесе түсіндіру, зерттеу;- анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, шарттар мен себептерді айқындау; болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.Ал,технологиялық қызметтері де үш түрмен көрініс береді:- жобалау (проекттеу) – педагогикалық іс-əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты; - жаңалау – тəрбиелеу тəжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне,әулет және әлеумет аумағына енгізу және жаңаша пайдалану; - ықпал таныту (рефлексивтік) жəне реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық)- ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу-тəрбие ісіне болған əсер-ықпалын бағалау жəне одан соңғы ғылыми теория мен тəжірибелік іс-əрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру. Иманипедагогикалық зерттеулердің әдіснамасы. Әдіснама- гр.т. methodos- зерттеу жолы,теория, ілім.Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығу. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. Материалистік тәрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея- бұл адамның жеке тұлға болып дамуының көзі тіршілік иесінен сыртта, әрі оның қалыптасуы «әлеуметтік бағдарламаға» сәйкес, қоғамдық ықпалдың соның ішінде тәрбиенің нәтежиесінде іске асады. Сонымен қатар бұл әдіснама, адам дамуының көзі, одан тыс екенін айта отырып, оның қоғамдық тұлға болып қалыптасуында өзінің ішкі жан дүниелік белсенділігінің де маңызды рөл атқаратынын алға тартады.«Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағына береді. «әдіс» термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады. Яғни, методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы фиолософиялық жүйемен байланысты.Ұзақ уақыт философияның бір бөлігі болған педагогика екі негізгі философиялық әдіснама: идеалистік және материалистік тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды және қазір де дамып отыр. Ежелгі грек философия- педагогикалық ой-пікір саласында идеалистік бағытты ұстаған Сократ пен Плотон адам дамуының шешуші факторы бір табиғат екенін мойындаса, материалистік бағыттағы Гераклит, Демокрит және Эпикур адамның қалыптасуын басқаша түсіндірді, сыртқы ықпалдар мен тұрмыстық жағдайларға байланыстырды. Көп әдіснамалық алғышарттардың ішінде аса маңыздыларының бірі тәрбиенің барша табиғи және қоғамдық құбылыстар сияқты себепті-салдары байланысты сипатта екендігі. Осыдан материалистік бағытқа негізделген педагогика өз зерттеулерін тәрбие мен теориялық тұғырнамасына ықпал жасаушы өндірістік-экономикалық және әлеуметтік –саяси факторларға байланыстыра жүргізеді.Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады. Көптеген жағдайларда педагогикада негізгі идеялар, теориялық және тәжірибелік аспектілер өзара тығыз байланысты. Сондықтан педагогикада теорияны жасау және зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы тенденция болып отыр. Бұл тенденция педагогиканың методологиясы деген сұрақты қарастыруы қажет , бұл сұаққа жауап бермей басқа сұраққа жауап беру мүмкін емес – ал, бұл дегеніміз педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін күшейту деген сөз. Әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады. Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің –нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырады. Əрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптивтік. Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық. Əдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады. Екінші – жалпы ғылымдық əдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей – нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байла-нысты келеді.Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады. Педагогика әдіснамасының деңгейлері:1. Логикалық гносеологиялық;2. Ғылыми мазмұндық;3. Дүниетанымдық; 4. Гносеологиялық. Педагогикалық теория дамуының ежелден –ақ маңызды факторы оның ғылымдық өрістеуіне әдіснамалық шарттар. Ғылым әдіснамасы бұл- табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы. Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты əрқилы ғылымдар əдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасалуда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан, иманипедагогиканың әдіснамалық негізі болушы келесі философиялық білімдерді ажыратуға болады: 1.Тәрбиенің ізгілік парадигмасы. Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның кісілік бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.Бұл іс-әрекет тәрбиелеу қазақ ілімінде өзіндік шешімін тауып,тұрақтанған.Айталық,тұқым тазалығын сақтау жүйесі,ұрықтың дамуынна оңды ықпал жасау ғұрпы,бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады. .Ізгілік-адамзат үшін ең қажетті қасиетіЕлдің басшысы ізгі болса,халқы да ізгі болады (Ж.Баласағұни) Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады. Парадигма – ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде ғылыми қоғамның қабылдаған әдіснамалық және теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми зерттеудің үлгісі, стандарты. Парадигма - латынның мысал деген сөзінен шыққан. Бұл білімнің концептуалды моделі ретінде пайдаланылады. Білім парадигмасының көп тараған түрлері баршылық[1]. Оларға мыналар жатады: 1.Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы);2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы);4. Технократтық;5. Эзотерикалық.Әрбір парадигма не үшін тәрбиелеу керек, жасұрпақты қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз деген сұрақтарға жауап береді.Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім. Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады.Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады. Мұндағы басты қағида: мектеп – бұл фабрика, ал оқушы – оның шикізаты. Бұлай оқытудың негізгі әдістері – тренинг, тестік бақылау, жекелеп оқыту және мәтінді түзету. Ғылымды тәртіп тіліне аударған Америка педагогы Р.Мейджер. Мұның бәрі оқушыны да, мұғалімді де дамытады. Егер мұғалім бәрін өзі атқарса да, оқушы еншісіне үйлестіру мен бақылау қалады дейді.Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады.Эзотерикалық парадигма – оқушының табиғи күші. И.Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс-әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады. Гуманизм (лат. Hummanus - иманды) - адамның қадір - қасиеті хұқын құрметтеуі, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның игілігіне, оның жан -жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жалғасын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.Қайта өркендеу дәуірінде /XV, XVI ғ.ғ./ гуманизм тиянақты идеялық қозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде гуманизм феодализмге және орта ғасырдың теологиялық тұжырымдарына қарсы көзқарас-тарымен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Гуманизм сезім теорияларының ең басты мәні сонда - адамдар оқиғаларға баға береді, өзінің мінез - құлық (бағалайтын) бағытын таңдайтын моральдік ұғымдарға, әртүрлі құбылыстарға байланысты яғни олардың бастан кешіретін мақұлдау немесе айыптау сезіміне негіз болады. Басқаша айтқанда гумандық сезім теориясының жақтаушылары айтқандай ой - пікірлер тиісті немесе бағаланып отырған объектілер туралы емес, осы объектілерге орай адамның бастан өткеретін гумандық сезімдер туралы ғана ақпаратты қамтыды деп есептейді[4,14б.]. 4. Әл-Фараби. Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері. Әлеуметтік-этникалық трактаттарында . - Алматы: Ғылым, 1975.- 456.Осы орайда Ресей философы А.Ф. Лосевтің пайымдауынша «Гуманизм дегеніміз - философия, филология, тарих тұрғысындағы білімдердің және ерекше өнердің жиынтығы ғана емес, сонымен бірге ол адамның ақыл - ойының ерекше бір қасиеті, еркін ойлауға деген бұрылысы» деген пікірі біршама көңіл аударарлық.Ал, философиялық сөздіктегі (1996) анықтамада: «Гуманизм - адамның қадір - қасиеті мен хұқын құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасы, адамның игілігіне, оның жан - жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы», - деп тұжырымдалған.Соңғы кезде шыққан «Педагогикалық сөздіктегі» «гуманизм» анықтамасы да көңіл аударарлық: «Гуманизм - принцип мировоззрения, в основе которого лежит признание безграничности возможностей человека и его способности к совершенствованию, прав личности на свободное проявление своих способностей, убеждений, утверждение благо человека как критерия оценки уровня общественных отношении. В настоящее время становится одним из основных принципов педагогики» (Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь. М - 2000).Бүл жерде тұлға қабілетін адами дамытудың шексіз мүмкіндігіне мегзей отырып, оның қоғамдық қатынастарының өлшемі ретіндегі қызметі де ескерілгенін аңғарамыз.Байқап отырғанымыздай, адамның мінез - құлық, қадір - қасиеті мен қарым -қатынас тұтастығы гумандық қасиетті айқындай түседі екен Айқын бағыттағы қажетті құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, адамды тәрбиелеуге болады, ал оны басқарушы - педагог, тәлімгер, мұғалім, ата-ана, орта.Бүгінгі таңда елімізде педагог деп мұғалімдер, оқытушы-ғалымдар, білім беру саласындағы менеджерлерді айтады. Менеджмент сөзі басқару, жетекшілік жасау дегенді білдіреді. Ұстаздың кызметі шет мемлекеттерде де, біздің елімізде де педагогикалық менеджмент деп атап жүр. Сондықтан педагогты менеджер деп атау үрдісi қалыптасып келеді. Яғни педагог-менеджер оқу-тәрбие процесін басқарады, оған жетекшілік жасайды. 2.Имандылық,ізгілік,сүйіспешілік- иманипедагогиканың асыл өзегі.Тәрбиелеу қазақ ілімінде мынандай түжырым бар: «Басына бақ жұғысып,құт қонатын қазақтың ұлы құлықты,қызы қылықты келеді.Себебі-қазақ, Алладан сұрап, қалап алған ұрпағын олар қанша көп болса да, «Алла аманаты , Тәңір сыйы»,- деп көріп,оларды-«Сүйіспеншілік бесігіне бөлеп, Махаббат жөргегіне орап,Мейірім уызымен ауыздандырып өсіреді.» Сондықтан қазақ баласына сүйіспеншілік, махаббат,мейірім, сыпайылық, имандылық қатарлы асыл қасиеттер ана сүтімен беріліп,дамып жетіледі.Қазақ ұрпағын жетімсіретпейтін,тіптен уақытша болса да сәбилік шағында бөгдеге асыратып бақтырмайтын себебі осында.Жастай жетім өскен ұрпақ аталмыш бесікке бөленбей мейірімділік уызына жарымайды.«Мейірімділік- мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл» »,- дегенге жүгiнсек, iзгiлiк қазақтың қанында бар қасиет екендігіне көзіміз әбден жетеді. Сүйіспеншілік аталатын нәзік сезімнен көптеген адами сапалар туындап,махаббат алақанында әлпештеніп,жайсаң мінездер қалыптасады.Перзенттік борыш, ата-аналық махаббат,туысқандық мейірім,достық мейірім, ұлтжандылық, отансүйгіштік, елжандылық, бауырмалдылық- осы асыл қасиеттің тарамдалып жетілуі,көгеріп көркеюі-ізгіліктің, сүйіспен-шіліктің шынайы көрінісі.Бұл басқаның беретін бағасы,қайрымдылардың тартар сыйы емес. Ал адамның жан дүниесі сүйіспеншілік болғанда ғана өзгеріске түседі.Сүйіспеншілік қорқынышты білмейді, сүйіспеншілік өтірікпен өш.Сүйіспеншілік тілдің ұшында, ақылдың шыңында емес – ол жүректің төрінде.Сүйіспеншілік кешірімділер мен жаны жомарттармен бірге, өзімшілдік ала берсем деп ойлап, жақсылықты тез ұмытып кететіндермен сиыспайды. Сүйіспеншілік-барлық руханилықтың тамыры, барлық шығармашылық пен ізденістердің мәні, барлық талпыныстардың қиылысқан тұсы, адамдардағы шабыт көзі.Қиянат жасамау, яғни басқаларға зиян келтірмей өмір сүру-бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық рухы, кешіре білу, қайырымдылық, қоршаған орта мен өзгелерге қамқорлық, бауырмалдық және теңдік сезімі ұлттық сана, өзгелердің мәдениеті мен түрлі рухани дәстүрлеріне деген құрмет.Ұлттық рух-ұрпақ тәрбиесінің арқауы.Ұлттық рух дегеніміз-өз ұлтыңа деген ерекше сүйіспеншілік. Ол сүйіспеншілік қайдан пайда болады? Егер де ұлттың топырағында туып өссең, оның болмысын қаныңа, жаныңа, тәніңе сіңірсең, тілін меңгерсең, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын білсең сүйіспеншілік пайда болады. Жалпы,Сүйіспеншілік атты адамның асыл қасиеті Жасағанның сыйлаған нәзік сезімі,ерекше несібесі.Оның нышаны тілі шықпаған «жанды бақа» нәрестеден де сезіліп тұрады.Сүйіспеншілікті Яссауи бабамыз,Абай данамыз Аллаһты танудың жолы,оны «көрудің» ерекше көзі десе Шәкерім атамыз Әлемді танудың, саналы іс-әрекеттің басы деп көрсетеді. Данышпан Абайдың мына бір шумақ өлеңінде осы ойлар : Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жол осы деп әділетті. Осы үш сүю болады ИМАНИ ГҮЛ, Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ, Басты байла жолына, малың түгіл,-деп берілген.Хәкім Абай мұнда пенденің әуелі жаратқан иесі Алланы, сосын барша адамзатты және әділеттікті сүюді, яғни осы үш ұлы сүюдің жиынтығын «имани гүл» деп атағанын көреміз. Шындығында, иман ақиқаты осы үш махаббаттан тарайды.Ұлы Даланың Ұлық ұстаздары ізгілікті –адамның табиғи қасиеті оны адам болмы-сынан,жанынан жеке алып қарауға болмайды,әрі кісінің кемелденуінің алғышарты деп көреді. Қазақ арасында айтылып, сан ғасырлар желісінде сөйленіп, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан ғажап ойлы, терең мәнді бір көсем сөз бар. Ол - ұрпақ санасына ізгілік туралы, кісілік туралы қастерлі ұғымдыы мәңгілікке сіңдіріп орнықтыру жайлы ата-бабаларымыз насихаттап келе жатқан: «Бір жылдығын ойлаған бидай егеді,Он жылдығын ойлаған тал егеді,Мың жылдығын ойлаған ізгілік егеді!», - деген киелі сөз қалған. Ұлттық тәрбиелеу ілімінің хәкімі М.Жұмабаев: «Адамға қалай да болса көмек келтіретін ой мен іс -ізгілік деп аталады.Ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысында өзінде бар нәрсе»-деген.Ал,Ж.Баласағұн: «Жасы кіші,жүзі нұрлы көрікті, Бар ізгілік бір өзіңнен өріпті! ...Кішісінде- махаббат,кәрісінде- мархабат, Бәрі жақсы ізгілікпен өтсе жүгін арқалап!»-дейді. Ұлы Даланың Ұлық ұстаздарының тәрбиелеу ілімдерінің барлығы осы ізгілікке негізделіп құрылған. 3.Кемел кісі ілімі –Иманипедагогиканың күре тамыры. Қазақ ұғымында, олардың түп тұқиянынан бері жалғасқан хас дәстүрі-КІСІЛІК және КҮРЕСКЕРЛІК.Кісі деп белгілі бет бейнесі бар,күш қуаты,ақыл ойы толысқан,қазақша ойлап-сөйлеп, қуанып-мұңая алатын, сүйіп-жирене білетін,көңілі асқақ, көкірегі ояу,көзі ашық –ұлт өкілі. Дәлірек айтқанда қазақтың ұлт өкілін дайындап,беретін арнаулы тетікте өңделген –адам. Халық: адам болар баланың,кісіменен ісі бар, адам болмас баланың,кісіменен несі бар,-дегендегісі-осы кісі. Кісілік- өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әректі мен мінез-құлқының жақсылық көрінісі. Мұрат етіп,кісілік дәрежесіне жеткен адамды армандау барлық халықта бар үрдіс.Нағыз адам(орыс),кемел адам(қытай), үлгі кісі(үнді),тәңірлік жан(монғол),тақуа адам(мұсылмандар) т.б. Кісілік- адамдарға деген ізгі ниет, құрмет,жанашырлық пен сенім,кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық.Қадыр Мырза Әлі атамыз: «Кісілік кісі таңдамайды. Ол қой бағып жүрген қатардағы қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі азаматтарға шейін, бір де біреуін жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын, адамның адамына ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет.»-дейді. Ж.Баласағұн бабамыз: «Десең өзің қадір-құрмет табайын, Кісілерді қадырлей біл ағайын.Білгің келсе кісі әсілін анықтап, Көңіл, қылық,тіл-бұл істі танытпақ.Кісілікке кісілік еткен-ер кісі.Ақылды-есті- кісілердің кісісі,Білімділер-кісілердің кішісі.» Билер антындағы : «Кiсiлiкке қайшы iске қарап тұрмау;Кiсiлiкке қайшы сөзге бас шұлғымау; Кiсiлiкке қайшы былыққа батпау;Кiсiлiк қасиеттi ақтау, құдiреттi баптау.»Қазақ дүниетанымындағы «кісі» сөзінен «кісілік» ұғымы туындайды. «Кісілік» деген адамның намысы, өзіне-өзі жасайтын құрметі, өзін-өзі сыйлауының белгілі бір деңгейі, кісіліксіз адам-тағдыр тәлкегіне түскен-мүсәпір. «Кісілік» адамның өзегі, оны жетілген адам дәрежесіне көтере алады. Кісі-кісілік қасиетімен анықталады.Кісілік қасиетті Ұлы Даланың Ұлық ұстаздарының қай-қайсысы да саралап көрсеткен.Соның ішінде Ж.Баласағұнның орны ерекше. Айталық,ҰлыҰстаз:Кісілік-адамгершіліктің негізгі тұтқасы, адамилықтың биік шыңында тұратын құнды қасиет.Адамды адам етіп құрметтеудің, бағалаудың белгісі ретіндегі сапалық көрсеткіші,-деп көріп, кісілікке тән сипаттарды былай бөліп көрсетеді: «тіл-адал сөйлеп, шындығын айту; әділет-әділдікті сақтау, ар-намысты қорғау; жомарттық – қайырымды, кеңпейілді, ақжүрек және қол кең болу; қайсарлық-елін-жерін қорғау, жаудан сақтану.»Ж.Баласағұни адамның бойындағы кісілік қасиетін жоғары қоя отырып,кісі-ділі,тіні, негізі-кісілігімен ғана Адам деген құрметке ие екендігін ашып көрсетеді: «Кісі екенсің, тінің сенің-кісілік, Кісілерге адамдық ет кешіріп... Кісілікпен танытасың затыңды, Кісілікпен шығарасың атыңды. Кісілерді кісі еткен кісілік, Кісілікпен аты шығар кісінің.Кісі ізгісі-қайрымды кең кісі, Ел сарасы, кісіліктің белгісі...Әділдік –құт. Құт құрығы- кішілік. Әділдіктің заты-тұнған кісілік. Елдіктің өзегі-білік,кілті-тіл,қадір-қасиеті-кісілік.Кемел кісі тұралы ұғым дәстүрлі діндердің барлығында бар.Сәбидің адамнан тұлғаға дейін көтеріліп даму жолын олар өз дүниетанымы негізінде көрсетеді. Б.з. І ғ. Палестинада дүниеге келген Христиан дініндегі кемел адам үлгісі― Иса Мәсіх болса, б.з.д. алғашқы мың жылдықта Үндістанда пайда болған Буддизм дінінде кемел адам үлгісі-Будда Сидхартха Гаутама болып табылады.“Христиан діні адамдарды бай және кедей , еркін немесе құл деп танымай,оларды тек діндар немесе діндар емес деп қана тануға үйретеді. Байлық,асқан күш қуат тойымсыздық кесел деп, ал кедейшілік, мойынсушылық пен жақыныңды жақсы көру сезімі ізгі қасиеттер деп саналады. Христиандар бұл дүниеде қол жету мүмкін болмайтын әділеттілік, Иса Масих жария еткендей,Аспан Патшалығында салтанат құратынына сенеді.”[3.311-312 беттер]Иса Мәсіх атақты Тау уағызында шаттыққа бөленетіндер қой аузынан шөп алмас момын адамдар, мейрімділер мен жақсылықты аңсағандарға адамның ішкі рухани қасиеттерін ашып көрсетіп, жоғары адамгершілік тәлім беріп, кек қайтару, қарғыс лағынеттер айту, екі жүзділікке үндейтін жағымсыз қылықтарды көрсетіп, христиан діні негізін ұғындырды.“Сенен сұрағанға бер, сенен білгісі келгеннен теріс айналма”, “ Біреуді кіналама,сонда сені ешкімде кіналамайды...”, “...Кімге қандай баға берсең өзіңеде сондай баға бұйырады” деп рухани тазалыққа үндейді. [4.307 бет] Будда дініндегі «үйлесімді адам» азап пен қайғы қасыреттің ізгілікті төрт ақиқат және сол азапты күйзелістерден құтылудың сегіз жолын игерген жан. Нирванаға жеткен (кемелденген ұжмақтағы жан) адам,ол ақиқатқа жетті және ол дүниедегі ең бақытты жан деп санайды.Буддизм діни этикасы Будданың өсиеттерінен тұрады.“Тіршілік иелерінің қай қайсынада зиян келтірмеу; біреудің өз еркімен бермеген нәрсесін алмау;жалған сөз айтудан аулақ болу; мешкейліктен бас тарту; билеу мен ән салу және ойын–сауықтардан аулақ болу; мас қылатын ішімдіктер мен есірткіден аулақ болу т.б. ” ұстанымдарға негізделген. [6.19 бет]:Кемел кісі қалыптастыру қазақ ілімі тереңнен тамыр тартқан,текті жаннан кемел кісі болып қалыптасу жолы айқындалған,оның қалыптасу кезеңдері айқын көрсетілген,қалыптасу барысын әр кезеңде бағалап,өлшеп,сынап бағамдау амал айласы бар,тиянақты қөзқарас,ұлтанды білім қоры.Сондықтан ол,иманипедагогиканың тұғырлы тірегі бола алады.Егер иманипедагогиканы өз елінде,өз жұртында қажеттенуші болса кемел кісі ілімінің нұсқасы олардың өздерінен қиналмай ақ табылатындығын көрсетіп отырмыз.Екінші жағынан бүгінгі қазақ елі көп этносты,көп дінді зайырлы қоғам құрып жатқан бағдарлы мемлекет.Иманипедагогика олардың ешбірінің мүддесіне қарсы келмей діни –наным сенімінен,рухани тазару амалын айқын көрсетіп бере алады.Олай болса,иманипедагогика материалистік тәрбие теориясымен гуманистік тәрбиелеу парадигмасы аумағында өте сиымды түрде ұштаса алады.Жаңа гуманистік ( неопедоцентризм) бағыттың өзі иманипедагогикадан алшақ жатқан жоқ.Ең бастысы бұл бағыт тәрбиені сипаттайды, яғни баланың шығармашылық дамуына жағдай жасауға көңіл аударады.20-ғасырдың алғашқы жартысында бұл тұжырымдама Джон Дьюи негізін салған педоцентризм, сондай-ақ, педагогикалық прагматизм атауларына ие болды. Ол 20-ғасырдың басындағы педагогикалық ізденістерде М. Монтессори, Р. Штайнердің Вальдорф педагогикасында «еркін тәрбиеде» орын алған. 20-ғасырдың екінші жартысында А. Маслоу, К. Роджерс және басқалардың еңбектерінде бұл тұжырымдама кеңінен өріс алды. Олар психология бағытында білім саласында кеңінен құлаш жайған психологиялық қағидалар гуманистік психологияда тарады. Педагогикалық еңбектерде бұл гуманистік педагогика, неопедоцентризм деген атауға ие болды.Шындығында. гуманистік педагогиканың қазақша баламасы,сөзбе-сөз аудармасы-иманипедагогика.Ал,Иманипедагогика оның көшірмесі емес.Иманипедагогика кемел кісі жетілдіріп дамыту,өсіріп баулу бағытындағы жас ұрпақтың шығармашылық дамуына жағдай жасау үшін,олардың рухани тазалығын көркейту үшін,текті тұлға тәрбиелеу теориясын негізге алған,теориялық педагогиканың бір саласы. Ол-заманауи тәрбие теориясы.Ол-жалпақ жұрттың рухани жаңғыруын педагогикалық-психологиялық негізде зерделеп,баршаға қызмет етеді.Ол-қазақ елінің рухани жаңғыру дәуірінің жемісі.Сондықтан да,Иманипедагогиканың ғылым болып төрт аяғынан тік туруы еліміздің барша зиялы қауымы,педагог,андрагог,білім менеджерлерінің,ата-аналардың жан-жақты көмегі мен қосар үлесіне тура тәуелді. Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы) 19.12.2018

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив