Салауаттылық-өмір негізі

Салауаттылық-өмір негізі
7-сынып оқушысы Қайыржанқызы Меруерт
Жетекші: З.О.Баймырзаев атындағы орта мектептің информатика мұғалімі
Туреева Кундыз Сарсенбаевна

Салауаттылық-өмір негізі


Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - халқына жолдауында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл – ауқаты» тармағында: - «Азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған ортаның таза болуы үшін азаматтарды салауатты өмір салтына әзірлеу қажет»,--деп көрсетілген.
Денсаулық-адам бақытының бірінші байлығы. Денсаулық - салауатты өмір негізі. Салауатты өмір негізі – денсаулықты сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған. Осы салауатты өмір негізін, оның қыр-сырын білу-басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын міндеттердің ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі күні ең маңызды мәселе - салауатты өмір негізін қалыптастыру. «Он екі мүшең сау болса - жарлымын деме»,- деп халқымыз денсаулықты адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын, жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға болмайтынын ұрпақтарына айтқан. Сондықтан да салауатты өмір тұғыры – спорт.
Спорт қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Яғни өмірді сүйіп, өмірді қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді. Әрқашан алға ұмтылып, жеңіске жетуге құштарлық қабілеттері арта түседі. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы. Жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс.
Мұғалім- мектептегі басты тұлға. Қай мектептің болсын нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол болашаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.
Мектебіміздің ұстазы Нұрмағанбетов Азамат ағай- жас шәкірттерге салауатты өмір салтын насихаттап жүрген ұстаздардың бірі. Спортқа жаны құмар жас өрендерді осы жолда баптап, талай сайыстарға қосып жүр. Нәтижесі де жақсы. Кішкентай ауылымыздың спортқа деген құлшынысы күн сайын өсіп келеді.
Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салтын тұрақты қалыптастырғанда ғана болашағымыз жарқын болмақ.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив