БҮЙРЕКТЩ ҚҮРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ. БҮЙРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

ХП тарау.  СЫРТҚА 

 

 

ШЫҒАРУ  ЖҮЙЕСІ

  • 45. БҮЙРЕКТЩ ҚҮРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ. БҮЙРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Сыртқа шыгару жүйесінің маңызы. Адамның тіршілік етуінде қоректік заттар мен оттектін маңызы өте зор. Олардың катысуы-мен мүшелердің кызметін бүзатын, уландыратын заттар түзіледі. Бүл заттар адам организмінен үнемі сыртка шығарылып отырады.

Организмге керексіз зиянды заттарды шыгаруға белгілі мүшелер катысады. Мысалы, өкпе арқылы организмнен кеміркышқыл газы, су буы бөлінеді. Теріден тер бөлішп, артық су мен минералды түздар, ал бүйрек пен ішектер арқылы соңғы керексіз калдьщ — нәжіс пен зәр бөлініп, сыртқа шыгарылады.

Адам организмінде клеткалар мен үлпаларда заттар үнемі алмасып түрады, ал бүйрек организмдегі суды және түрлі улы косылыстарды бөліп шығаруға катысады.

Бүйректің қүрылысы. Адамның кос бүйрегі қошқыл коңыр түсті, бүршак пішінді болып келеді. Бүйрек бел омыртқаның екі жағына бір деңгейде орналасады. Бүйректің сыртын жылтыр, жүка кабықціа каптайды. Бұл оның ішкі мүшелермен үйкеліс кедергісін азайтуға мүмкіндік береді.

Бүйректің кызметімен анығырак танысу үшін, оның ішкі күры-лысын қарастырайық. Бүйректі үзынынан екіге бөліп қараса, одан сыртқы кабықшаны, коңыр кыртысты кабатты, үсак түйіршікті борпылдак (без тәрізді) бозгылт денені және бүйрек астаушасын көруге болады. Бүйректің негізгі күрылымдык және функциялык бөлімі нефрон болып саналады. Нефрон — бүйректід денешігі мен түтікшелері. Өр бүйректе 1 млн-нан астам нефрон бар. Нефрондар кан тамырларымен тығыз байланыста болады.

Сырттай Караганда — бүйректің бүрілген түсынан ірі кан тамырларын керуге болады. Бүлардың бірі - организмнің баска мүшелерінен ағып келген қаннын коктамыры болса, екіншісі — бүйректе сүзіліп шыккан канның кызылтамыры. Бұлармен катар бүйректің осы түсынан шығып, куьщпен жалғаскан кос несеп түтігін байкауға болады (102-сурет).

Бүйректе заттардың түзілуі. Бүйрек тек сыртка шығару және бөлу функциясымен сипатталып кана коймайды, ол ерекше ішкі секреция безі болып саналады. Бүйрек шумактарында кан әкелетін және кан шығаратын кызылтамырлардьщ аральц'ында түтікше-лердің қабырғасында түйіршіктерге бай ерекше клеткалар болады. Бүл клеткалар ренин нәруызын түзеді.  Ренин канның кысымынрет қылтамырлар торын күрады. Осындай ерекшеліктерге байла-нысты шумактардағы кылтамырларда фильтрация өте жоғары қысымның нәтижесінде өтеді (ол 60—70 мм сынап бағанасына тең, ал басқа үлпалардың қылтамырларында кысым шамамен 30 мм сынап бағанасына тең). Фильтрация нәтижесінде пайда болған алғашқы зәрдің күрамында кан плазмасының нәруыздары жок, ал калган заттары зәрге өтеді. Бір тәуліктің ішінде 150— 180 л алғашқы зәр пайда болады. Сонымен, алгашқы зәр деп күрамында нәруыз жок плазманы айтады.

Соңғы зәрдің пайда болуы. Алгашкы зәр шумактан бүйрек түтікшелеріне өтеді. Бүл түтікшелерден өту кезінде реабсорбция қүбылысы болады: глюкоза, аминкышкылдары, витаминдер, көп мөлшерде су мен түздар кері қанға өтеді. Осыдан 150 л алғашқы зәрден 1,5 л сощы зәр пайда болады. Бір минуттың ішінде бүйректен 1200 м л қан өте ді, а л бір тәу лікте организм дегі барлык кан бүйрек аркылы 200 рет етеді. Сорылу — өте күрделі қүбылыс. Ол түтікшелердің эпителий клеткаларының химиялық энергиясының әсерінен өтеді. Сонымен катар бүйректің кызметіне оттек көп жүмсалады, бүл зат алмасудың онда жоғары екенін керсетеді. Бүйректің пайдаланатын оттек мөлшері — 1:1, яғни бүкіл дененің пайдаланатын оттек катынасымен тең, бірақ дененің салмағына Караганда бүйректін не бары 1/112 бөлігіндей ғана. Сонымен, зәр пайда болуы үшін — өте көп энергия жүмсалады.

Бүйрек түтікшелерінің эпителийі кез келген заттарды өткізбейді, ол іріктеп өткізу касиетімен сипатталады. Мысалы, канның күра-мында глюкоза көбейсе (кантты көп жегенде), онда оның артык мөлшері зәрмен сыртқа шығарылып отырады. Тамактың күрамында ас түзы жетіспегенде, ол зәрмен сыртка шығарылмайды, организмнің қажетіне пайдаланылады. Бүйрек канның күрамын-дағы организмнің тірніілігіне кажетті, маңызы зор заттарды сақтау-ға үлкен әсерін тигізеді.

Зат алмасудың соңгы күрамы — креатин, сульфаттар түтікше-лердің эпителийлерінен сорылмайды, аздап несепнәр сорылады.

Түтікпіелердің эпителийіне сору қызметінен басқа экскреторлык қызмет те тон. Экскреторлык кызметіне байланысты бүйрек фильтрі аркылы (шумактарда) өтпейтін заттар, мысалы, кейбір бояулар, кеп дәрілер организмнен сыртка шығарылады.

Бүйректе заттардың түзілуі. Бүйрек тек экскреция (сыртка шығару) функциясымен сипатталып кана коймайды, ол ерекше ішкі секреция безі болып саналады. Шумактың кан әкелетін және кан шығаратын қызылтамырларының аралығында түтікшелердің кабырғасында түйіршіктерге бай ерекше клеткалар болады. Олар иондардың, судың мелшерін, еріген түздардың осмостык кысымын реттейді.

160

Бүйректе эритроциттердін түзілуін жылдамдататын факторлар түзіледі. Бүйректің бүл инкреторлык (ішкі) функциясының ма-нызы ерекше. Бүйректе бірнеше физиологиялық активті заттардың түзілуі онын маңызды инкреторлык мүше екенін сипаттайды. Бүйректін клеткалары канның плазмасынан бауырда түзілетін Р3 витаминін өзіне тартып алып, оны физиологиялык оте активті гормонға айналдырады. Бүл ішекте кальцийді байланыстырып алатын нәруызды түзуді тездетеді. Организмдегі және бүйректегі канайналымды реттейтін простагландин А2 деген затты және т.б. активті заттарды бөледі.

Бүйрек зат алмасуға катысады. Бүйрек шумактарында нөруыз-дар түзіледі, организмдегі аминкьішкьілдарынын қорын калпына келтіруге мүмкіндік жасайды. Бүйрек ауруға шалдыкканда, оның бүл функциясы бүзылады. Үзак уакыт аштык кезінде жалпы глюкозаның жартысын бүйрек түзеді, бүл глюкоза қанға түседі. Бүйрек май алмасуына да катысады.

Қатты ауырсыну кезінде шартты-шартсыз рефлекторлык түрде зәрдің  бәлінуі токтайды.

Сонымен, бүйректің атқаратын кьізметтері коп. Оның негізгі функциясы — зәрдің пайда болуы мен зәрді сыртка шығару, мүны диурез дейді. Диурез бүйректе жаксы жетілген рецепторлар аркылы реттеледі. Олардың біреуі суда еріген түздардың концентрациясын, екіншілері — иондардың мелгдерін, үініншілері — судың көлемінід өзгеруін реттейді.

?    1. Зәр пайда болуының механизмі кандай? 2. Алгаыщы зәр дегеніміз не?

  1. Соңғы зәр қалай пайда болады? Оныи қүрамына қандай заттар кіреді?
  2. Фильтрация мен   реабсорбцияның   маңызы   неде?   5.   Бүйрек   түтік-шелерінің  эпителийінін  қызметі  қандай?   6.    Бүйректе  ңандай   заттар  түзі-леді  жәяе оның маңызы неде?

 

 

 

 

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру