Тірі ағзалардың көптүрлілігі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1С: Тірі ағзалардың  көптүрлілігі

 

Алматы қалласы №148 мектеп-гимназиясы

 

 

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Уәш Дылай

 

Сынып: 7

Қатысқандар  саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақтың тақырыбы

Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттер.

 

Осы сабақта  қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

Ø  7.1.1.4  белгілі бір ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді құрастыру.

 

 

Сабақ мақсаттары

Ø ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді меңгеру.

 

Бағалау критерийлері

 

 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

Ø  белгілі бір ағзаларға дихотомиялық кілт құрастырады;

Ø  омыртқасыз жануарларға дихотомиялық кілт құрастыра алады;

Ø  омыртқалы жануарларға дихотомиялық кілт құрастыра алады.

 

Тілдік мақсаттар

 

·  ағзалардың сыртқы  ерекшеліктерін анықтайды және ауызша сипаттайды, бұл білімдерін дихотомиялық кілттерді құрастыруда жазбаша қолдана алады.

Пәнге қатысты  лексика мен терминология: дихотомиялық кілт, дихотомиялық әдіс. 

Диалог құруға /жазылымға қажетті  сөздер топтамасы ..................... ............. -  өсімдіктер мен жануарлардың өздеріне тән белгілерін анықтайтын сатыдан тұратын кесте. Өсімдіктер мен жануарлардың ..............., .........................., ..........................., ................, ......................, ........................ ерекшеліктері арқылы анықтайды.

 

Құндылықтарды

дарыту

Топтық жұмыс арқылы  ұйымшылдық, бір-бірін тыңдау құндылықтарын, жұптық жұмыс арқылы адамгершілікті, сыйластықты, жеке жұмыстар арқылы функционалды сауаттылықты   дамыту.

 

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі.  Сабақтың бастапқы кезеңінде  үш тілде терминдермен жұмыс жасалады. Сабақ барысында дихотомиялық кілт құруға берілген жануарларды үш тілде атайды.

 

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта,  сабақтың тақырыбын, мақсатын, жетістік критерийлерін, тақырыпқа байланысты ақпараттарды талдау барысында презентация қолданылады.

 

Бастапқы білім

Оқушылар «жіктеу», «тірі табиғат патшалықтары», «омыртқалы және омыртқасыз жануарлар» (5-сынып) ұғымдарына анықтама бере алады

 

Сабақ барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

 

Ресурстар

 

Сабақтың басы

0-3 мин

 

 

- Ұйымдастыру. Сәлемдесу.  Оқушыларды сабаққа  жұмылдыру. Оқушылардың көңіл-күйін саусақтары арқылы анықтау.   

Әр түрлі формадағы стикерлер арқылы оқушыларды топқа бөлу. (Топқа бөлуде әр сыныптың ерекшелігіне байланысты мұғалім өзі де отырғыза алады)

Презентация 1-де берілген ребусты шешу арқылы тақырыпты, сабақтың мақсатын анықтау.

 

Презентация 1

 

 

 

 

 

 

 

 

3-10 мин

 

 

 

Сабақтың ортасы

10-15 мин 

 

 

 

15-25 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25-30 мин

 

 

 

 

Сабақтың соңы

30-38 мин

 

1.      /Т/ Дихотомиялық кілт туралы мұғалімнің оқушыларға түсінік беруі. Үш тілде терминдермен жұмыс жасалады.

2.      Дихотомиялық кілтті түсіндіруде мысал келтіру.

3.      Жануарлар  дүниесінде омыртқасыздар мен омыртқалыларды айқындайтын дихотомиялық кілт мысалы көрсетіледі. Қосымша 1.

4.      /Тж/ Дихотомиялық кілтті пайдалануға байланысты тапсырмалар.

Оқушылардың алдына сулы препараттар, құрбақа мен көлбақасының суреттері таратылады. Осы екі түрдің сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерді оқушылар постер құрып қорғайды. «Галереяны шарлау» стратегиясы қолданылады. Әр топтағы оқушылар өз постерлерін сыныптың әр түрлі аймағына орналастырып, кезекпен басқа топтардың жұмыстарын аралап талдай алады. 

5.      /Жж/ Оқушылар жұпта омыртқалы және омыртқасыз жануарларды жүйелік топқа бөлу үшін дихотомиялық кілт құрастырады.

Ұсынылатын жануарлар: тоспаұлу, қоңыр аю.

6.      /Ж/ Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.  Қосымша 2.

Презентация

 

 

 

 

Қосымша 1

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

 

 

 

Қосымша 2

 

 

Қосымша 3

 

38-40 мин

Рефлексия

 

-      Дихотомиялық кілт туралы түсінік қалыптасты ма?

-      Сабақта сен үшін не қиын болды?

-      Сабақ барысында қай тапсырманы орындау жеңіл болды?

Стикерлер (әр түрлі формада жасаған тиімді)

 

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасыныңсақталуы

 

Қабілеті жоғары оқушылар:

Ø Топта ұйымдастыру жұмыстарын  өз мойнына алады;

Ø Сабақ бойындағы тапсырмалар оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға арналады.

Ø Дихотомиялық кілттерге жіктей алады.

Қабілеті орта оқушылар:

Ø Топтық жұмыста өз ойын ашық айта алады;

Ø Дихотомиялық кілт құра алады;

Қабілеті төмен оқушылар:

Ø Мұғалімнің қолдауы;

Ø Дихотомиялық кілт құруда мұғалімнің қолдауына жүгінеді.

Ø Топтық жұмыстарды формальды емес бағалау

Ø Сабақ барысында тапсырмаларды орындаған уақытта ынталандыру сөздерін айту, қолдау көрсету;

Ø Жұптық жұмыста бағалау парағы арқылы өзара бағалау.

Ø Жеке жұмыс бағалау критерийлері бойынша бағаланады.

 

Ø АКТ ара қашықтығын сақтау.

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

Ø Оқу мақсаттары дұрыс қойылған.

Ø Қалыптастырушы тапсырманы орындауда кейбір оқушыларда қиыншылықтар туындады.

 

 

Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру