Өсімдіктер мен жануарларды жіктеп жүйелеу бойынша К. Линнейдің жұмыстары.

Мерзімі : __________

Сыныбы: ___________

Сабақ тақырыбы: § Өсімдіктер мен  жануарларды жіктеп жүйелеу бойынша К. Линнейдің жұмыстары.

Сабақ мақсаты:  Өсімдіктер мен  жануарларды жіктеп жүйелеу бойынша К. Линнейдің жұмыстары туралы білім қалыптастыру

Сабақ міндеті: 

  • оқушыларға тақырыпты өз бетінше оқып талқылауға, білім алуға көмектесу;
  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;
  • Оқушыларды топтық жұмыс барысындағы ережелерді сақтауға үйрете отырып, өзін-өзі мәдениеттілікке, тәрбиелікке бағыттауға орта құру.

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
  • Оқыту мен оқу ақпараттық –коммуникациялық технологиялар (АКТ) пайдалану
  • Оқытуды басқару және көшбасшылық
  • Талантты және дарынды балаларды оқыту

Стратегиялық іс-әрекет:

Психологиялық дайындық,  « Ротация» «Біреуі-уйде, үшеуі - қонақта» әдісі.

Күтілетін нәтиже:  Өсімдіктер мен  жануарларды жіктеп жүйелеу бойынша К. Линнейдің жұмыстары.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әдіс-тәсіл

Дер

Дерек көздер

Кіріспе

15 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі.

2 барлық оқушыларға бір бір тілек қағаздарына жазып болып, оны мыжғылап жұдырықтаған соң сыныптастарына қарай лақтыруларын айтамын.

Топқа бөлемін.

Әр топ парталарына өз атауларын қоямын.

3.Үй тапсырмасы: 

« Ротация» 

 

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір-біріне қуаныш сыйлайтын тілектер айту. Бір екі үш төрт деп санау арқылы  4 топқа  бөліну.1-қадам, сұрақтар дайындау (1-8 –ге дейін) сұрақтарды нөмірленген ватманарға жазып, удиторияның әр бұрышына іліп қою

2-қадам әр топқа түс бөліп беру (қызыл, сары, жасыл, көк) әр топ ватманға өз түсінің маркерімен өз сұрағына жауап береді, (әуелі жеке сосын топта.

 

 

 

«Ротация» 

 

 

 

А4 қағаздары

Ережелер жазылған қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

5 мин

Жаңа  сабақты қолдану

20  мин

 

 

 

 

 

 

 

Түсіну, Талдау

«Мағынаны ажырату»

«Біреуі-уйде, үшеуі - қонақта» әдісі. Плакаттар, түрлі-түсті қаламсаптар таратады

.  К. Линней өсімдіктер мен жануарларды топтастырып, ең алғашкы жүйеленім ғылымының негізін салды. К. Линнейдін жаратылыстанушы болуына өзі оқып жүрген Лунд қаласындағы Университеттің профессоры  Стобеустін үйіндегі мұражай әсер етті. Линнейді мұражайдағы кептірілген өсімдіктер, құстардың тұлыбы, ұлулардың бақалшақтары, минералдардың жинақтамалары қатты қызыктырған. Бос уакытында өзі де қаланы аралап, өсімдіктерді теріп әкеліп, әркайсысын талдап, кептірумен айналыскан. Ерінбей жасаған еңбегі организмдердің ең алғашқы жүйесін құруға кеп септігін тигізді. Өсімдіктерді жіктеу үшін құрылысы жағынан ұқсас дараларды, түрді негізге алды. Өсімдіктердің 8000-нан астам, жануарлардын 4200-ден астам түрлерін анықтады. Ұқсас  түрлерді туысқа, ұқсас туыстарды отрядка, отрядтарды класқа біріктірді, К. Линнейдің жүйесіндегі ең ірі жүйелік топ — класс, ең төменгісі — түр деп аталды. Барлық өсімдіктерді аталығы мен аналығының санына карай 24 класка бөлді. Гүл бөлімдеріне күлте, тозанкап, аталык жіпшесі, шірнелік, аналық жатыны, аналық аузы, гүлтабаны, гүлсағағы, гүлсерігі атауларын енгізді. Өсімдіктің түрін латын тілінде косарлы атау тізімін (бинарлы номенклатура) (туысы мен түрі) ұсынды.

К. Линней жануарлар дүниесін қанайналым және тыныс алу мүшелерінің құрылысына қарай 6 класка жіктеді: 1) сүтқоректілер; 2) құстар; 3) амфибиялар; 4) балықтар; 5) бунакденелілер; 6) құрттар.

 

 

 

1-қадам сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Тақырып, проблема бойынша білімнің көкейкестілігі 2-қадам оқушылырды үй тобына бөлу. Топ ішінде әр оқушыға жеке нөмір беріледі 1,2,3,4 деген өз нөмерлерін алады

Берілген уақытта, барлығы орындарынан тұрады, 1- нөмірлер сағат тілінің жүрісімен көрші топқа жиналады, 2- нөмірлер, 3- нөмірлер және 4 нөмірлер, әркім өз тобында жасалынған жұмысты өз қонақтарына жеткізеді.Постер қорғау

«Біреуі-уйде, үшеуі - қонақта» әдісі.

АКТ,

А4 қағаздар

Стикер

Қорытынды

5 мин

Формативтік және суммативті бағалау

Инсерт –стратегиясы

Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?

Үй тапсырмасы

 

Сабақ барысында берілген балдарды  жинақтап топбасшылары мұғалімге алып келіп саралайды бағалайды

§ Өсімдіктер мен  жануарларды жіктеп жүйелеу бойынша К. Линнейдің жұмыстары.1.

 

Инсерт

стратегиясы

 

Стикерлер

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру