Адам генетикасының ерекшеліктері. Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері. Адам баласының генетикалық тұрғыдан алуантүрлілігі

Адам генетикасының ерекшеліктері. Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері. Адам баласының генетикалық тұрғыдан алуантүрлілігі
БҚО.Орал қаласы.№22 ОЖББМ.
Биология пәні.
Кажимова Фарида Адильхайыровна

10 сынып Күні Сабақ
Сабақ тақырыбы Адам генетикасының ерекшеліктері. Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері. Адам баласының генетикалық тұрғыдан алуантүрлілігі.


Сабақтың мақсаты: Білімділік. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеудің негізгі генеалогиялық, цитогенетикалық, егіздік,онтогенетикалық , популяциялық, биохимиялық әдістері туралы түсінік беру және адам генетикасының ерекшеліктерімен таныстыру. Адамда тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуын болжау және ерте анықтау үшін генетикалық білім қажеттілігі туралы айту.
Дамытушылық. Оқушыларға денсаулықтың генетикалық негіздері туралы білімдерін тереңдете отырып, ойлау қабілетін дамыту. Ойларын салыстыруға,анализдеуге, тұжырым жасауға және қорытындылауға үйрету.
Тәрбиелік. Оқушыларға тұқым қуалайтын ауруларды зерттеу тәсілдерін және олардың маңызын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сілтеме: 1. Биология және салауаттылық негізі әдістемелік журнал
2. 9,10-сыныпқа арналған Биология оқулығы
3. Электронды оқулық
4. Интереактивті тапсырмалар
Оқушылар үшін оқу нәтижелері 1.Адам генетикасының негізгі ерекшеліктерімен танысады. Барлығы.
2. Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістерін салыстырады. Көпшілігі.
3. Популяция - статистикалық әдістің Қазақстанда қолданудағы практикалық келешегін жан - жақты зерттейді.Талантты және дарынды оқушылар
Негізгі идеялар: Адам генетикасы мен медициналық генетика туралы түсінік.
Сабақта қолданылатын материалдар 1. Презентация
2. Интереактивті тапсырмалар
Оқыту әдістері: 1. Диалог
2.Блум таксономиясы бойынша
3.СТО
4.Интерактивті тақта. Визуалды оқыту, ой қозғау, сұрақ қою техникалары, топтық жұмыс, жеке жұмыс, белсенді оқу, формативті бағалау түрлері.
Дерек көздері: Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар
Ғаламтор мәліметтері
Кестелер

Тапсырмалар: Кластер құрастыру арқылы терминдерге түсінік беру, постер қорғау, топтастыру, сәйкестендіру, сұрақтарға жауап беру
Сергіту сәті Жеке тұлғаны дамыту.
Естігенді есте сақтау.
1 минут ішінде 10 сөзді есте сақтау
1. Генетика
2. Ген
3. Өзгергіштік,
4. Тұқым қуалаушылық
5. Гомозигота
6. Фенотип
7. Мутация
8. Кроссинговер
9. Комплементарлық
10. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау


Адам генетикасының ерекшеліктері. Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері. Адам баласының генетикалық тұрғыдан алуантүрлілігі

0 пікірлер

Пікір қалдыру