Біз туралы

Байланыс: SABAQTAR@mail.ru 

 

Мақсаты:

– Әлеуетті әлеумет, ұлағатты ұрпақ, баянды болашақ;

– Болашақ ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде салт-дәстүр мен қазақы қалыпқа сай тәрбиелеуді жүзеге асыру;

– Қазақ аналарының ғасырлар бойы қалыптастырған тәрбие мектебін жаңаша жаңғырту;

– Ел мен жердің төл тарихын жастардың бойында отаншылдық пен өткенге құрмет сезімін ояту арқылы ұялату;

– Мәдени мұралар мен ұлттық өнерді заманға сай бейімдеп насихаттау;

– Ұлттың рухани тұғырының тұтастығын сақтай отырып, болашақ ұрпаққа имандылық пен ізгілікті мұрат еткен азаматтық позиция негізінде тәрбие беру;

– Елбасының саясатын қолдай отырып, билік пен халықтың арасында алтын көпірге болу;

– Аналар мен балаларды қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың бірегей насихатшысы болу;

– Әртүрлі әлеуметтік және қоғамдық құбылыстарды оқырманға шынайы түрде отырып жеткізу;

– Қоғамда әйелдердің беделін өсіруге көмектесіп, аналарға қамқорлық жасалуына өзіндік артуына үлес қосу.

– Ұлттық болмысымызға жат құбылыстармен күресу, азғындыққа бой ұрған, жаман әдеттермен уланған ұрпақты танымдық дүниелер арқылы саналарын тазарту;

− Жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелей отырып, Отанды жанындай сүюге, оны қорғауға баулу;

− «Менің Отаным – Қазақстан!» деген ұран еліміздің әрбір азамат пен азаматшасының бойларында орнығуына зор үлес қосу;

− Халқымыздың ары мен ұяты іспеттес символдық рәміздерін, ұлылары мен тұлғаларын ұлықтауда жоғары рухтағы материалдарды жариялау;

− Жас ұрпақты өз ана тілін құрметтеуге деген қасиетті де қастерлі ұғымға тәрбиелеу;

− Жас пен кәрі демей денсаулық кепілі салауатты өмірді насихаттау;

− Тәуелсіз Қазақ елінің жастарын, жас өскіндерін отандық, елдік мұрат пен мақсат өресінде тәрбиелеп жан-жақты рухани жағынан сомдау.

 

"SABAQTAR.kz" Республикалық ақпараттық-әдістемелік сайтының әкімшілігі