8 наурыз мерекесін құрбыларымызбен қалай тойлаймыз?

8 наурыз мерекесін құрбыларымызбен қалай тойлаймыз?
8 наурыз мерекесін құрбыларымызбен қалай тойлаймыз?
Өмірдегі маңызды адамдардың бірі – жақын құрбыларымыз. Олар әрдайым мұңымызды тыңдап, қуанышымызға ортақтасады. Егер 8 наурыз мерекесін құрбыларыңызбен тойлаймын деп шешсеңіз, кешті көңілді өткізу үшін бірнеше идея ұсынамыз.
Балалық шақты еске түсіру
Кешке жиналмас бұрын барлығына тапсырма беріңіз. Құрбыларына байланысты немесе өзінің сәби кезінен бастап қазіргі кезге дейінгі ескі әрі қызықты 20 сурет алып келуін сұраңыз. Не үшін екенін айтпаңыз. Суреттердің бір сарынды болмауын ескертіңіз. Бәрі жиналған соң, әркім өзі әкелген суреттерге қарап, 10 минуттан аспайтын әңгіме құрастыруын сұраңыз. Нәтижесінде, барлығы өзі туралы айтып береді және балалық шақты еске түсіріп, көңіл көтересіздер.

Шығармашылық байқау
Егер құрбыларыңыз шығармашылыққа жақын әрі өз дарынын көрсетуден қысылмайтын болса, шағын көрсетілім сұраңыз. Мысалы: шағын қызықты әңгіме айту, өлең оқу, ән айту және т.б. Күнделікті өмірде өз қабілетімізді көрсете бермейтін кездер болады. Сондықтан құрбыларыңызға қабілетін көрсетіп, ашылуға мүмкіндік беріңіз.
Мастер-класс
Кешті әдеттегідей әңгіме айтумен өткізбей, пайдалы өткізгіңіз келсе, бәріне ұнайтын және соны бірігіп орындайтын іс дайындап қойыңыз. Мысалы, барлығыңыз бірігіп әшекей жасаңыздар. Ең бастысы бұл кешті алдын ала ойластырып, барлық керекті заттарды дайындап қою қажет. Барлығыңыз ұнататын тамақты бірігіп дайындауға болады. Алдыңғы материалда сушиді үй жағдайында жасаудың жолын көрсеткен болатынбыз.
Караоке
Кешке ең жақын құрбыларымызбен жиналғанда, мінсіз есту қабілетіміз болмаса да, даусымыз керемет болмаса да, уайымдамай-ақ қойсақ болады. Егер үйіңізде караоке болса, сүйікті әндеріңізді бірігіп айтыңыздар. Ол кештің көңілді өтуіне бір себеп болады. Қарапайым DVD-ге микрофон жалғап, караоке диск салып та ән айта беруге болады.

Тақырыптық кеш
Кешке алдын ала тақырып қойыңыздар. Сол тақырыпты кештің басынан аяғына дейін сақтаңыздар. Бөлмені де сол тақырыпқа байланысты безендіріп, өздеріңіз де соған байланысты киініңіздер. Мысалы: "Атақты жұлдыздар", "Поэзия кеші", «White party», "Мінсіз қыз құпиясы", "Балалық шақ".
Үстел ойыны
Үстел ойындары кішкентай балалардың ойыны деп ойласаңыз, қателесесіз. Қазір мектеп оқушыларына, үлкендерге арналған және отбасылық үстел ойындары да көптеп сатылады. Талғамыңызға қарай кез келген қызықты ойын таңдап алсаңыз болады.
Естелік үшін сурет
Кеште суретке түсуді ұмытпаңыздар. Суреттер жылы естелік болып қалатыны анық. Алайда кештің басынан аяғына дейін ұялы телефон ұстап отырмаңыздар.

Дереккөз: http://massaget.kz/

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив