Алғашқы қоңырау 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын


Алғашқы қоңырау 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын

Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер

Барысы:

1- жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар,оқушылар. Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз.

Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

2-жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!

Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші:
Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұспа –тұс келіп отырған мектебіміздің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! Осыдан 20 жыл бұрын Тәуелсіздік, еркіндік сөздерінің қаншалықты мағыналы , қаншалықты қымбат екенін дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз. Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса, дуалы ауыз билеріміз қызыл тілдің арқасында ел тыныштығын сақтады.
2-жүргізуші:
Иә, сол заманнан бері азаттық, егемендік елімнің арманы болды. Халқының қамын жеген ата-бабаларымыздың қайсар ұрпағы 1986 жылы арман еткен тәуелсіздіктің туын тікті.
Бүгін біздің мерекемізге құрметті қонақтар келді:
_________________________________
_________________________________
________________________________

1-жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп табалдырығын аттайын деп отырған 1-сынып бүлдіршіндеріне арналады.
2-жүргізуші: Біраз жылын осында өткізген,
Ұстаздар – ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғаңдар.
Алғашқы әріп үйретер,
Мөлдір Балғабайқызы, Сәуле Мукиденқызын шәкірттерімен
қарсы алыңыздар!
(Музыка ырғағымен 1-сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)
1-жүргізуші:
Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,-дей отырып, салтанатты жиынымызға мемлекеттік туымызды ендіреміз.
2-жүргізуші:Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін.
Күй «Көргулы».
1-жүргізуші:
Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиылысымызды ашық деп жариялаймыз!
(әнұран ойналады)
2-жүргізуші: Жаңа оқу жылымен сіздерді Жақсы №1 орта мектебінің директоры Райсов Арғынбек Көкетайұлы құттықтайды.
1-жүргізуші: Бүгінгі мерекемізге құттықтау әнін арнайтын 2010-2011 жылдың аудандық, мектепішілік ән байқауларының жеңімпазы:
2-жүргізуші
2011-2012 оқу жылына арналған мектеп басшысының бұйрығын таныстыру үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі Ерғалиева Айгүл Ермұханқызына беріледі.

1-жүргізуші: Бүгін қандай шаттық тола күн еді,
Бүкіл әлем ерекше бір түледі.
Балдырған жетектеген ата-ана,
Қуаныштан жарылардай жүрегі,
Білім көзін ашатынын біледі, — деп балаларын мектепке алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұр бітсін демекпіз.

2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты мерекеміздің мәртебелі қонақтарына сөз береміз.

1-жүргізуші: Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

қонақтардың құттықтау сөзі
Қонақтарға 11— сынып оқушылары гүл тапсырады.
2-жүргізуші: Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,
Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.
1-жүргізуші:
Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.
1-оқушы: Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.
2-оқушы: Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.
3-оқушы: Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен.
4-оқушы: Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.
5-оқушы: Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
6-оқушы: Алдыңа келіп, ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейіріңді сезіндім.
7-оқушы: Отанның біз ұл-қызы,
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.
8-оқушы: Сылдырлайды, сыңғырлайды
Мектеп жақта қоңырау.
Ұмытпаймыз бұл бір айды,
Гүлге толы омырау.

9-оқушы: Гүл толы қала, дала да,
Гүл толы бүгін омырау.
Шақырып мектеп – анаға,
Соғылмақ тұңғыш қоңырау.
Ән. «Біз-өмірдің гүліміз» 1-сынып оқушылары

2-жүргізуші: Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып шәкірттерін қарсы алды.
Өздеріңе жүрекжарды сөз айтып,
Құттықтайды 11-сынып баршаңды.

Алғашқы қоңырау 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив