Қазақша Ашық сабақ: 30 Тамыз - Конституция күні

Қазақша Ашық сабақ: 30 Тамыз - Конституция күні
Қазақша Ашық сабақ: 30 Тамыз - Конституция күні

Ашық сабақтың Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.

Ашық сабақтың Көрнекілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың суреті,мемлекеттік рәміздер, әнұранның фонограммасы,слайд .

Ашық сабақтың Әдіс-тәсілі: Түсіндіру ,сұрақ-жауап, өлен, би, сергіту.

Шаттық шеңбер:

Амансын ба, көк аспан!
Амансын ба, жер-ана!
Амансын ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
-Арайлаған танды сүйетін кім?
-Мен.
-Алтын сәулені сүйетін кім?
-Мен.
- Жарқын даланы сүйетін кім?
- Мен.
- Туған жерді сүйетін кім?
- Мен.
- Ата-ананы сүйетін кім?
- Мен.
- Досын сүйетін кім?
- Мен.
- Еліміздің болашағы кімдер?
- Біздер.

- Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз –мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар.

Мемлекеттің барлық азаматтары-үлкендерде, балалар да-мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу-өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.

-Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Қазақстанның елордасы қай қала?
- Астана.
- Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
- Иә. Олар: Әнұран ,Ту, Елтанба.

-Дұрыс, балалар сендер рәміздер туралы тақпақтар білесіндер ме?

Айгерім: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде Қазақ үй.
Қалықтаған жас сұнқар.
Шарықтаған таза күй.
Бұл танбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Ирина: Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.

Лаура: Әнұраным-жан ұраным,
Айтар әнім,сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады,
Республика әнұраны.


0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив