Ұстаздар күні: Ұстаз болғаныма мақтанам


Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы, Өркен ауылы
«С.Нұғыманов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Исабекова Маржан Берикболовна



Ұстаз болғаныма мақтанам
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,


Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.- деп ақындар өлеңіне арқау болған ұстаздардың бірімін. Қай жерге барсада төрден орын алатын ұстаздар қауымына әріптес болу бақыты мағанда бұйырыпты.Мен мектеп табалдырығын аттаған сәтте алдымнан жарқырай шығып қолыма қалам ұстатып, әліппе жаттатқан аяулы ұстазым Төлеуғайша апайды көрген сайын менде ұстаз болуды соның ішінде бала қиялыма ерік берген сәтте бастауыш пәнінің мұғалімі болуды армандадым. Сол арманым шындыққа ұласып бұл күні бастауыш сынып мұғалімін.

Әрине мұғалім мамандығы оңай жұмыс емес қиыны мен қызығы қатар жүретін мамандық. Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдерінен үйренгенімізді өз шәкіртерімзідің бойына ұялатуға тырысамыз. Сонымен қатар ата-анасының бауырынан шығып мектепке тарыдай болып қадам басқан ақ қағаздай бүлдіршінге білім нәрін құйып қырық екі әріпті жаттатқызып, мектептегі өмірдің қыр-сырына баулитын бастауыш мұғалімінің үлесі зор. «Алғашқы ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам болғаным үшін жүрегіме әркез жылылық ұялайды.

«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық.

Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің,андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті– білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру.– адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады.

Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген. Осындай жауапты мамандықта өзім білім беретін шәкіртеріме үміт отын, сенімділік дәнін себе алсам ол мен үшін үлкен бақыт деп ойлаймын.


0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив