Наурыз мейрамы қай елдерде тойланады?

Наурызды жалғыз Қазақ елі емес. Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Ресей, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Әзербайжан тағыда бірнеше ел. Яғни Түркі тілдер тобына жататын біршама елдер тойлайды.

Ұлыстың ұлы күні көне түркі тайпаларының ұрпақтары мен иран (парсы) халқының ұлттық мейрамы. Жалпы наурыз айы шығыстық күнтізбеде жылдың бас айы болып, жаңа жылдың бастауын білдіреді. Ал сөздің шығу этимологиясы мен ұғымының қалыптасуы парсы тілімен тікелей байланысты. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда («now» — жаңа, «ruz» — күн) "жаңа күн" деген ұғымды береді.

Жоғарыда айтылғандай, атаулы мейрамды негізінде түркі тектес елдер мен парсы халқы тойлайды. Атап айтқанда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қазақстан сынды Орта Азия елдері, Әзірбайжан, Иран және Түркияның күрдтер мекен ететін аймақтарында тойланады. Одан бөлек, Ресейдің территориясында өмір сүретін түркі тектес елдер де төл мейрамын жыл сайын атап өтеді екен.

Кіші Азия түбегіндегі түрік халқы өздерін түркі тайпаларының ұрпағы деп санағанымен, бұл мейрамды мемлекеттік деңгейде тойламайды екен. Оған ұлтаралық келеңсіз оқиғалар себеп болып отыр. Ал мемлекеттік емес деңгейде қарастыратын болсақ, Наурыз мейрамының ауқымы бүкіл әлемге таралады. Әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүретін түркінің ұрпақтары өз дәстүрі мен салтына қарай, мейрамды жоғары дәрежеде тойлайды. Мысалы, Қытай, Моңғолия, Үндістан, Ирак сынды елдерде өмір сүретін туыстас халықтар ұлыстың ұлы күнін міндетті түрде атап өтеді.

Мейрамның шығу тарихы көне дәуірге дейін барады. Наурыз туралы ең алғашқы әрі ең көне дерек зороастризм дінінің қасиетті кітабы «Авестада» жазылған. Ал Парсы империясын Ахеменидтер билеген дәуірінен бастап Наурыз мейрамы бүкіл империя көлемінде тойлана бастайды. Ал көне түркі аңыздарында бұл мейрам күннің жаңаруын білдіргендіктен, жаңа жыл ретінде тойланатын болған.

Елімізде Наурыз мейрамы мемлекеттік деңгейде тойланады. Жоғарыда аталған елдерден бөлек Албания, Грузия (2010 жылдан бастап ұлттық мейрам), Ауғаныстан және Македония сынды елдерде де үлкен қоғамның бастауымен аталып өтіледі.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив