Сізді мектепте оқушылар мазақтаса, не істейсіз?

Мектепте өткізген күндеріңіз есіңізде ме?

Қоңырауды асыға күтіп, соғыла салысымен далаға жүгіріп, ұлдар қыздардың бантиктерін тартатын, қыздар болса, жылап апасын шақырып келетін күндер ше?

Ал бір-бірімізді мазақтап, көңілге тиетіні бар, тимейтіні бар лақап аттармен мазақтайтын кездер ше?

Осы лақап аттардан кей адам қарияға айналса да, арыла алмай ұзақ жүреді. Бәрінен да артық салмағы бар оқушыларға ауыр тиеді.

Себебі оларды барлығы да байқап, мазақтауға дайын тұрады.

Ал лақап ат қойып, мазақтауға дайын тұратын адамдарды кез келген жерден кездестіруге болады. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Оның шешімін бірге іздейік. Мысалы, мұндайда сыныптастарына күлкі болған оқушылар қандай шара қолданады? Әрине, ұл бала болса, күш қолданып, төбелесіп кетуі де ғажап емес. Расымен де, бұзық оқушыларға айтар сөзің таусылған кезде, жұдырықты қолданбасқа амал қалмайды. Бірақ, жұдырықтың да өз орны бар.

Біріншіден, ренжітуші адам мықтырақ болуы мүмкін.

Екіншіден, біреу емес, бірнеше болуы да ғажап емес.

Үшіншіден, ренжітуші қыз болатын кездер бар. Қыз балаға жұдырық ала жүгіру – нағыз әлсіздік. Қысқасы күшті ең соңында ғана пайдаланған жөн...

Ең алдымен, оқушы мен ата-анасы ренжіткен балалардың сөздеріне жылап қалу, ашулану арқылы сол «мазақтағыш» балаларды рахатқа бөлейтіндіктерін түсінуі керек. Ренішін көрсеткен сайын, айналадағылар одан ары мазақтай беретін болады. Өкінішке орай, мұндай жандардың саны көп. Олардың ойынша, бұл - қуанудың бір түрі. Сондықтан, қанша қиналсақ та, өзімізді ұстай білгеніміз жөн. Салқынқандылық таныту арқылы олардан біржолата құтылуға болады. Көп уақыт өтпей сіздің бей-жай қарайтындығыңыздан өздері-ақ шаршап, құрбанын басқа жерден іздеуге кіріседі. Екінші бір әдіс – «дұшпанды өзінің қаруымен жеңу». Яғни, оның да мазақтауға тұрарлық әлсіз тұстарын пайдалану.

Кемшіліксіз адам болмайтындықтан, оны мұқият бақыласаңыз, тауып аласыз. Осы әрекетіңіздің арқасында өзгелерге күліп үйреніп қалған бала, «сиырға туған күннің бұзауға да туатынын» ескеретін болады. Мұнымен қатар, қатарластарыңызға мазақтауға арналған жаңа объекті тауып бересіз. Еш нәрсе көмектеспеген жағдайда мектепті ауыстыруға тура келеді. Үлкендерге мұндай лақап есімдердің түкке тұрғысыз екендігі, керісінше болашақта соларды еске алып күліп отыратындықтары белгілі болғанмен, бала олай түсінбейді. Сондықтан ата-аналар мен ұстаздардың жылдам шара қолданғаны жөн. Ал сізді қалай мазақтайтын еді?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
massaget.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив