«Метасызба» әдісімен оқыту ерекшелігі

Алматыда оқу бағдарламалары бірін- бірі қайталамайтын республикалық дең­гейдегі бірқатар мектеп-интернаттар бар. Дегенмен, деңгейі осы мектептер­мен таласатын ерекше білім меке­ме­сі­нің бірі – М.Ганди атындағы №92 ма­ман­дандырылған лицей. Аталған мектеп шә­кірт­терін ғарыштық зерттеулерге, жаратылыстану пәндері мен ақпараттық технологияларға бейімдейді. Осы мектепке жуырда еліміздің 14 өңірінен 100-ге тар­та мұғалім жиналып, республикалық «Бі­лім беру мазмұнын жаңартуда ұлттық ин­но­вациялық мектеп моделін құру» атты се­минарға қатысты. Тәжірибе алмасу тұр­ғысында өткен семинарда алдымен «Ме­тасызба» әдісімен оқытудың жаңа стра­тегиясы таныс­тырылды. лицейдің өзін­де оқытудың жаңа 7 тәсілі енгізілген. Ұлттық инновациялық мектеп үлгісін құ­руда оқу-білім бағдарламаларын ме­тапәнмен ұштастырудың тиімділігін дә­лелдеуге көшкен білім ордасының елең­де­терліктей ерекше табыстары жоқ емес.
Метапән – стандарттық білім маз­мұ­ны­мен ғана шектелмей, әр пәннің ғы­лы­ми мазмұнын жүйелеп, талдап, сараптап, зерттеу жүргізіп, өзіндік тұжырым жа­са­уға, жеке тұлғалық іс-әрекеттің қалыптасуына, шығармашылық тұрғыда ойлауға негіз болатын инновациялық әдіс.
Сонымен, семинарда қоғамдық-гу­ма­нитарлық және эстетикалық бағыт бой­ынша – 15, жаратылыстану-ма­те­матикалық бағыттар бойынша 15 ашық сабақ жүргізіліп, іле-шала «Мет­а­­-
сыз­ба» тақырыбында шеберлік дә­ріс­­тері өткізілді. Республикалық жиын­да жаңа оқу әдістемесінің автор­ла­ры Ер­ұлан Жи­ен­­баев пен Мэлс Тұрарбеков «Ме­та­пән – инновациялық мек­теп­тің оқы­­ту құ­ра­лы» атты кешенді интер­пре­та­циялық тұ­саукесерлер өткізді. Мұға­лім­­д­ердің қы­­зықты басқосуы «Білім бе­­ру­дің инно­ва­­циялық стратегиясы – же­ке тұл­ға­ның тұ­­рақты даму факто­ры» жо­ба­лық зерттеулер көрмесіне жал­ғасты.
Бір жағынан бұл семинар теорияны тек тынымсыз еңбек қана тірілтетініне ұстаздардың көзін тағы да жеткізіп отыр. Мектеп оқушыларының көп қыр­лы та­қы­рыптарды игеруімен қатар, зерт­теу жұ­мыстарын практикалық дай­ын өнім дең­г­ейіне дейін жетілдіруі жо­ға­рыдағы пайымды дәйектей түсті.
Лицей дәлізіне тізілген 30-дан астам жо­ба мектеп шәкірттерінің салмақты зер­ттеулермен айналыса алатындығын көр­­сетіп берді. «Кішкентай ғалымдар» жа­саған құрылғылар еліміздің шал­ғай­ы­нан келген ұстаздар қауымын да тәнті етті.
Мектептегі «Эрудиттер» ұйымы, елі­міздегі жалғыз радиостанционарлық «RadioLab» шығармашылық бірлестігі, ро­бо­тотехника бағытындағы «OMIX» және «Көкпар» клубтары, мектепішілік «Жас ас­тро­номдар» обсерваториялық зер­тхана­сы, «Стретчинг» физио­те­ра­пиялық клубы, онлайн режімді «Шахмат» үйірмесі, «Үнді орталығы» көрмесі, «Жас химиктер», «Алхимик», «Жас дәрігерлер», «Би­о­з­­ерттеушілер», «Жас сценарист» шы­­ғармашылық клубы мен 3D принтер­мен жабдықталған кәсіби телестудия және инновациялық зертхана жұмыстары қа­зіргі қазақ мек­тептерінің жан-жақты білімді оқу­шы даярлауға ұмтылысын көрсетеді.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив