Samsung Galaxy S8 үшін iPhone 8 бағасы "түсіп" кетті

Таяуда Samsung жаңа Galaxy S8 бен Galaxy S8+ смартфондары таныстырылғаннан кейін, соңғы мәліметтер бойынша, Купертино iPhone 8 телефондарын арзандатып сатпақшы екен, - деп хабарлайды "Вести Hi-Tech"  MacRumors басылымына сілтеме жасап. Apple 2017 жылы шығатын iPhone 8 ұялы телефондары үшін Samsung Display компаниясының 60 миллион дана OLED-панельдеріне тапсырыс берген. 

Әрбір матрица Apple компаниясы үшін 71 доллар төлейді, ал келісімшарттың құны - бес триллион ($4,3 миллиард) корей воны. Өткен жылы корейлік және америкалық компаниялар жаңа iPhone үшін 100 миллион OLED-панельдерін орнатуды келіскен.

Жыл сайын Apple 200 миллион смартфон сататынын ескерсек, Samsung Display iPhone 8 ұялы телефондарын 80 пайыз экранмен қамтитын болады. Осы себептерден де iPhone 8 телефондары арзан болмақшы.  iPhone 8 смартфонының сыртқы келбеті кәдімгі iPhone телефондарына ұқсас болады. Мұндай мәліметті ET News корей порталына инсайдер хабарлаған.

 Белгісіз дереккөздің мәліметінше, бұрынғы модельдерге қарағанда жаңа смартфонның арты және бүйірі дөңес болып келеді. Осылайша компаниядағылар осыдан он жыл бұрын шыққан ең бірінші моделінің дизайнын қайтармақшы. 

Ал жаңа Galaxy S8 бен Galaxy S8+ смартфондардың ерекшелігі - олардың дисплейінің жақтауы жоқ. S8 телефонының экранының диагоналі 5,8 дюйм болса, S8 Plus смартфонының диагоналі - 6,2 дюйм. Сондай-ақ, екеуінің экранының шеттері иілген болып келеді.

Kaz.tengrinews.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив