АҚШ мейрамханасы қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынуда

Қазақстаннан еліне оралған америкалық аспаз мейрамханадағы мәзірін қайта жаңартыпты. Ол қазір Нью-Йорк тұрғындарына қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып жүр екен. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Мен бүгін қой етін асамын. Ол үшін алдымен тоқты етінің стейкі мен жарты жамбасы керек. Етті сүйектен сылып алып, тоңазытқышқа 5 сағаттай салып қоямыз. 40 елді аралап жүріп, әр түрлі асханаларға кіріп көрдім. Қазақтың тағамы ерекше ұнады. Шымкентте, Астана мен Алматыда шұбат ішіп көрдім. АҚШ-қа келген соң шұбат жасадым», – дейді аспаз Флориан Пинель.

Ол қазақтың ет тағамын қалай жасайтынын айтып берді«Ет тоңазытқышта тұрған кезде құрт жасаа аламыз. Алдымен ыдысқа қаймақ пен айранның йогуртты қоспасын құып, оны 150 градус температурадағыпешке 1,5 сағаттай қоя тұрамыз. Кейін блендермен араластырамыз. Америкада құрт сатылмайды. Сондықтан өзіміз жасауға тура келеді. Менің құрттарым аздап тәттірек болып шығады.

Енді еттің қамырын дайындаймыз. Алдымен қамырды екіге бөліп жаямыз. Етті тұздап, қара бұрыш сеуіп, екі жағын қуырып аламыз. Етті 40 минуттай пісіреміз. Ет қуырылған соң суда тез піседі. Кейін картоп салып, 10 минут тағы күтеміз. Осылай қазақ-америкалық тағамы дайын болады. Шай орнына құрт пен сорпа береміз”, – дейді аспаз.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив