Ғалымдар адам ағзасына ең пайдалы үш жемісті анықтады

ҚазАқпарат -  Америкалық ғалымдар өзін-өзі жақсы сезіну үшін  күнделікті қандай үш өнімді тұтыну қажеттігін анықтады.

Олардың пікірінше, денсаулықты нығайту үшін адамға алма қажет. Онда жүрек-қан тамырлары мен онкологиялық аурулардың алдын алуға қабілетті табиғи заттар мол.

Бұдан басқа, дәрігерлер сәбіздің пайдалы екенін айтты: ол ас қорыту жүйесіне оң ықпал етіп, ішек жұмысын жақсартады.

Грек жаңғағы қан қысымын реттейді. Диетологтар алма, сәбіз, грек жаңғағы адам ағзасының жасушаларын табиғи түрде қалпына келтіруге қабілетті екенін айтады. Сондай-ақ олар дәрумендерге бай.  


 inform.kz 

0 пікірлер

Пікір қалдыру