Мектеп партасынан басталған алғашқы махаббат

Сезім, махаббат бәрі де дерлік ұлы ұғымдар. Олардың ең тәтті кезі алғаш бүрін жарып, адам бойында пайда болуы.

Алғашқы махаббатыңыз есіңізде ме?  Мектеп қабырғасы алғашқы достарды табыстырушы, алғашқы ұстазды, алғашқы махаббатты таныстырушы орда. Мектептегі алғашқы махаббат – нәзік әрі пәктік пен құштарлыққа толы болады. Себебі сіз ол кезде нағыз махаббаттың не екенін сезінбейсіз, аңғармайсыз. Ол қалай? 

Мектеп қабырғасында сіз әлі баласыз. Бастауыш сынып оқып жүрген кезіңіз. Басына ақ бантик байлап, мектеп сөмкесін асынып келген қара көз аруға сіздің көзіңіз сырттай түседі. Немесе шашын артына қайырып, ақ жейдесін киіп келген тентек ұлға сіздің де көзіңіз түседі. Бірақ екеуара тұтанатын махаббат бір сәттік ұшқын ғана. Оны сіз де тіпті ол да сезініп үлгермейді. Оны сіз де үлкендер жағы да махаббат деп атамайды. Себебі ол алғашқы сезім. Ол сырттай жай ғана достық қарым-қатынасты көрсететін көрініс қана. Шын мәнінде ол нағыз сезім. Ал оның шынайы екенін сіз жасырасыз. Сұраса ұяласыз. Оны жек көретін адамның кейпін танытасыз. Сіз әлі ұяңсыз. Сіз әлі кіршіксіз, пәксіз. Сондықтан оны айтсаңыз біреу ұрлап алатындай күйде боласыз. Бұл қасиеттер сіздің санаңызда емес, жүрегіңізде өріледі. Оны сіз тағы да сезінбей қаласыз. Себеп әлі баласыз.

Мектеп қабырғасындағы махаббат әр сыныпта әртүрлі қалыптасады. Алғаш сыныпқа кірген кезде қыздың ең әдемі және ең сүйімдісіне көзіңіз түседі. Кейін сол адамның қасынан шыққыңыз келмейді. Дәл солай қыздарда да қайталанады. Бірге сабаққа барып, бір партада отырып, бірге сабаққа дайындаласыздар. Бірақ неге екенін айта алмайыз. Міне, ғашықтың тілі, тілсіз тіл деген осы. 

Жоғары сыныпқа барған сайын бұл сезім санаға ауысып, ақылмен сүйе бастайсыз. Бұл құбылыс қыздарда жақсы пайда болады. Олар өздерінен кіші сынып немесе құрдастарымен сөйлесуден қала бастайды. Олардың ақыл тоқтатуға бет алған жоғары сынып оқушылары қызықтырады. Махаббаттың табиғи заңдылығы басталады. 

Мектеп қабырғасындағы алғашқы махаббаттың белгілері: 

- Ұлдар өзіне ұнайтын қыздың шашынан тартып ойнайды; 

- Қыздар өзіне ұнайтын жігітті көрсе күлімдеп тұрады, тіпті риясыз; 

- Ұлдар өзіне ұнайтын қыздың қасында отырғысы келеді. Тіпті қызғанып өзгелермен төбелесіп қалуы мүмкін. Ал бұл махаббат үшін алғашқы күрестің басталғаны; 

- Қыздар өзіне ұнайтын ұл туралы құрбылар болып сөз етіп, ол жайында жақсы дүниелер айта бастайды немесе жай ғана ойын кезінде бетінен сүйіп алуы мүмкін.

Мектептегі алғашқы махаббаттың пайда болуы баланың тұрақты жетілу жүйесіне да әсер етеді. Оның қоғамдағы сезімталдығы пайда болады. Ең қызығы мүлде сезінбейтін балалар да болады. Немесе керісінше қыз біткенмен жақын жүретін тентектер де болады. Сол секілді тұйық немесе ашық қыздар ортасы болады. Бұл өмірдің табиғи заңдылығымен қалыптасатын бірегей жүйе. Деректерге сүйенсек, бала күндегі нағыз шынайы әрі пәк алғашқы махаббат есте қалмайды екен

Massaget.kz 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив