Мектепте қолма-қол ақша жинауға тек директорлар ғана кінәлі ме?

Осы әлеуметтік желіде тіркеліп, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып отыратын мектеп директорлары да аз емес.

Өзіміз де мектептерді жап-жақсы басқарып отырған біраз азаматтарды білеміз. Сол себепті мектеп директорларының барлығы бірдей жемқор, парақор деп біржақты кінәлай алмаймыз.

Алайда, мектепте ата-аналардан немесе мұғалімдерден қолма-қол ақша жинау жағдайларына байланысты біздің қоғамда негізінен сол білім мекемесінің басшысы ғана айыпталып жатады.

Әрине, тиісті құзырлы құқық қорғау органдары тексеріп, тергемей жатып және соттың үкімінсіз ешкім де ешкімге де қылмыскер деп кінә таға алмайды.

Дегенмен білім саласында орын алып жататын осындай оғаш оқиғалардың түп-тамыры қайда жатыр? Ата-аналардан немесе қарамағындағы қызметкерлерінен қолма-қол қаржы жинауға мектеп директорлары неге мәжбүр болады? Мектеп директорларын бұған кім және қандай мемлекеттік мекемелер мәжбүрлейді?

Әлеуметтік желіде өз ойларын білдірген әріптестеріміз мынадай пікір жазыпты:

"Мектепті немесе мектеп басшысын бірнеше мемлекеттік құзырлы орындар кезекпен тексеруге дайын тұрады, сонда бұл кімге тиімді?".

"Бізге өткенде СЭС-тен тексеру келдi. СЭС қызметкері "айыппұл саламын, салмасам болмайды" дейді. Бастығының өзімен сөйлестік, "салмасақ болмайдыны" ол да айтты. Одан өткенде өртке қарсы күрес мекемесінен келдi, ол да "айыппұл саламын" дейді. "Барлық мектепке салып келе жатырмын, бастықтың тапсырмасы" дейді. Сонда осындай айыппұлдарды директор қашанғы өзі төлейдi?"

Ия, мектептің білім саласы бойынша ақылы түрде қызмет көрсетуіне құқығы бар, алайда мектеп директорының мұғалімдерден жеке мақсатта және қолма-қол ақша жинауына құқығы жоқ!

Атап айтқанда, ҚР "Білім туралы" Заңының 63-бабы "Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы" деп аталады.

Заңның осы бабы бойынша:

Мемлекеттік білім беру мекемелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, ақылы қызметтер көрсету туралы шартты жасай отырып, ақылы негізде мынадай:

1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;

2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;

4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;

6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;

7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу;

8) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);

9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) беруге құқылы.

Мемлекеттік білім беру мекемелері ақылы негізде ұсынатын тауарларға (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.

Ақылы негізде қызметтер көрсететін білім беру ұйымдарының және білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі.

Білім алушы шарт жасасу кезінде бүкіл оқу кезеңіне шығыстарды бір мезгілде төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады.

Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеген ретте төлем сомасы жалақының ұлғаюы жағдайында және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін.

Біздің байқағанымыз - мектеп басшылары ҚР "Білім туралы" Заңының "Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы" атты 63-бабының негізінде заңды ақылы қызмет түрлерін ұсыну арқылы білім беру ұйымының есепшотына қаржы түсіруге онша құлшыныс таныта қоймайды да, керісінше, ата-аналар мен мектеп қызметкерлерінен қолма-қол ақша жинауға бейім болып келеді.

Мұның себебі неде? Сонда мектеп директорлары білім беру саласындағы заңнаманы жақсы білмей ме, әлде білсе де, оларды Заң талаптарын бұзуға біреулер мәжбүрлей ме?

Осы мәселе туралы мектеп басқарып отырған азаматтардың да ой-пікірлерін білгіміз келеді.

Қазіргі кездегі "Мектеп директорларының барлығы бірдей жемқор және парақор" деген біржақты қоғамдық пікірді өзгертіп, шындыққа бір табан болса да, жақындау үшін мектеп басшыларының өздері белсенділік танытып, ой-пікірлері мен ұсыныстарын іркіп қалмай, еркін жарияласа дейміз.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив