ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ
КҚМК №4 «Балдырған» балабақшасы

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ
Жаңа жыл мерекесі

Жаңа жыл мерекесі
Ертенгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.
Білімділік: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Музыка, тіл дамыту, айналамен танысу, би өнері.
Көрнекілігі: Сиқырлы таяқшалар, әсемделген шырша, қыс суреті,ойын өткізуге арналған құралдар.
Кейіпкерлер:
Аяз ата- Айжан апай
Ақша қар- Нәзира апай
Қоян- Индира апай
Сыйқыршы- Болат апай
Алдар көсе- Айсұлу апай
Аққала- Жанна апай
Жалмауыз әже- Дана апай
Ескі ұлу жылы- Айнұр апай
Жаңа жылан жылы-Асел апай
Жүргізуші-Айгерім апай
Көмекшілері- Жазира, Нұргүл апайлар
Жүргізілген топ-«Күншуақ» тобы
Ертенгіліктің барысы: музыка залында ата-аналар, қонақтар жиналған зал қыс бейнесімен және де әдемі көрікті шыршамен әсемделген.
Жүргізуші- «Күншуақ» елінің «Жаңа жыл» мерекесінің құрметті қонақтарын қарсы алыңыздар-
- «Күншуақ»-елінің сыйқыршы балаларын қарсы алыңыздар( топ балалары кіреді.)
- Сыйқыршылар елінен- сыйқыршы мырза
- Орман әлемінен –қоян батыр
- Ескі жылымыз- Ұлу ханым –хош келдіңіздер!
Жалмауыз- Ах, мені мерекелеріне шақырмайын деген екенсіңдер! Мен, мен жалмауыз әже әдемі көйлегімді киіп келсем сендер мені қонақ қылдырмайсыңдар! Мә, саған! – деді де бәрін қатырып тастайды.
Алдар көсе-
Даламызға, қаламызға
Жаңа жыл кіріп келеді
Дабыл соғып қағыңыздар
Шашу шаттық себеді-
деп әндетіп келе жатқан кезінде шыршаның артына жалмауыздан қорқып тығылып қалған қоян жылап шығады
Қоян- Алдар көке, жаңа жыл болмас енді жалмауыз әже бәрін қатырып тастады. Енді не қыламыз?
Алдар көсе- Уайымдамандар біз бұның есебін табамыз біздің балапандарымыз сыйқырланбаған ғой, қазір біз олардың көмегімен сыйқырды жоямыз. Енді менімен бірге – Ақ моншақ болып шашылсын
Жасыл шырша жағылсын- 3-рет сонда ғана сыйқыр жойылады.
Балалар Алдар көсенің айтқаның жасады жасыл шырша жағылып қонақтар сыйқырдан босатылды. Мәз мейрам болып «Жаңа жыл» мерекесі басталды.
Қоян- Мен ақ қоянмын сендерге менің сыйлығым бар мен «Жасыл шыршаға» арнап әсем ән алып келдім бірге орындайық.
«Жасыл шырша жанында».
Өленің жазған: Ә. Дүйсенбаев
Әнін жазған:Л. Хамиди
Сыйқыршы- Құрметті қонақтар менің сіздерге арналған сыйқырым бар көрсетуге рұқсат етіңіздер! (Сыйқыршы сыйқырын көрсетеді)
Жүргізушу- Сыйқыршы мырза біздің де сізге деген сыйлығымыз бар бізде балалар да сыйқыр көрсете алады. Айым мен Диляраның сыйқырына назар аударыңыздар! (Қыздар бір-бірлерінің мойындарынан қызыл лента сыйқырлы сөз айтып шығарады)
Жүргізуші- Сыйқырды көрдік, қонақтарды қарсы алдық енді біздің құрметті қонағымыз жетіспейтін сияқты, ол кім екен балалар?
-Аяз ата мен Ақша қар!
-Дұрыс айтасыңдар Аяз ата мен Ақшақар екен. Қане, шақырайықшы Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар!(Ортаға Аяз ата мен Ақша қар кіреді)
Аяз ата-
Армысыңдар,қарақтарым,
Армысыңдар, құлындарым!?
Жаңа жылды алып келдім,
Ақ шырақты жағып келдім!
Сендерге мына балаларым,
Тәтті сыйлық алып келдім!

Жүктеу

 

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив