Телефонды суға түсіріп алсаңыз...

Ұялы телефонды суға түсіріп алу екінің бірінде кездесетін мәселелердің бірі. Егер, жылдам қимылдасаңыз, ұялы телефоныңызды аман алып қалуға болады. 

Алғашқы қадам. Телефоныңызды өшіріңіз. Оны қуат көзінен ажыратыңыз. Егер қуат құрылғысы (батарея) алынатын болса, оны алып тастаңыз.

Екінші қадам. Ұялы телефоныңызды бөлшетерден арылтыңыз. Яғни, SIM-картаны, флеш картаны телефоннан алып тастаңыз... 

Үшінші қадам. Құрылғыңыздағы суды кептіру үшін шаңсорғышты қолданыңыз немесе шаш кептіруге арналған фенді де пайдалануға болады. Бірақ, салқын желдің көмегіне сүйеніңіз. 


Соңғы қадам. Ішкі бөліктегі су кебуі үшін бір тәулік қалдырып қойыңыз. Әсіресе, күріш толы ыдысқа салып қойсаңыз әсері оң болмақ, суын сорып алады.

Егер осы қадамдарды ретімен орындасаңыз, ұялы телефоныңыздың іске қосылу мүмкіндігі зор болмақ. 

 Massaget.kz 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру