Apple таныстырылымында айтылмаған Iphone X туралы 7 факт

Жаңа Iphone X таныстырылымында Apple компаниясының вице-президенті Филипп Шиллер оның жаңа функциялары туралы айтқан болатын. Бірақ смартфонның көптеген маңызды жақтары айтылмай қалды. Жаңа гаджетті сатып алам деушілер білуі тиіс тағы да 7 факт бар.

1. 256 Гбайттық жаңа Iphone X-тың бағасы $1149 доллар тұрады

Apple-дың ресми парақшасында жаңа смартфонның ғарыштық бағасы көрсетілген. Сонымен қатар, қымбат гаджет AppleCare+ қосымшасынсыз қалды (ол iphonе-ды кездейсоқ жарақаттардан қорғайтын қосымша опция). Оны қостыру үшін бөлек $199 төлеуіңіз керек.

2. Жылдам қуат алады

Iphone жаңа үлгілері жылдам қуат алады. Енді жаңа гаджет қолданушылары аккумуляторды 30 минут ішінде 50 пайызға қуаттай алады.

3. Galileo қосымшасы бар

iPhone X, iPhone 8 және 8 Plus —жаңа Galileo спутниктік жүйесін қолдайтын алғашқы смартфондар.

4. Galaxy Note 8 сияқты дисплейі жарық емес

Apple өкілдері жаңа смартфонның экранын мақтаған болатын, ал шындығында оның жарығы көрермендер ойлағандай болмай шықты. Жаңа Іphone-ның жарығы 625 Нт. Бұл Samsung Galaxy Note 8 –ден екі есеге төмен (1240 Нт).

5. Фронталды камерасы жақсармаған

Қолданушының түрін анықтауға жауап беретін TrueDepth жүйесіне қарамастан жаңа Iphone-да алдыңғы үлгідегідей 7Mpix-матрицаны қалдырған.
 
6. Ipone X HEIF және HEVC форматтарын қолдайды

Жаңа смартфондар суреттердің және видеоның форматын қысатын HEIF және HEVC бағдарламаларын қолдайды. Бұл неге мүмкіндік береді? Бұл функция 64 Гбайттық смартфонды пайдалы қылады, яғни оған осындай көлемдегі iPhone 7 -ге қарағанда көбірек видео мен суреттер сыяды.
 
7. Ашылған бағдарламаларды қалай көруге болады?

Бұрын ол үшін Номе батырмасы жеткілікті болатын. Жаңа смартфонда ол жоқ. Қандай бағдарламалардың ашық тұрғанын көріп, оларды жабу үшін саусақпен экранның төменгі жағына тигізіп сәл жоғары көтерсеңіз жеткілікті.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив