Ұйқыңызды “шайдай” ашатын 12 әдіс

Таңертең ұйқыңыздың қанық болғанын қаласаңыз, кешке жақын ерте ұйықтаңыз. Алайда кейде 7-8 сағат ұйықтауға мүмкіндік болмайтын кездер де кездеседі. Олай болса, ұйқыңызды ашуға көмектесетін 12 әдіс туралы оқып көріңіз.

Жаттығу жасау

Міндетті түрде таңертеңгілік жаттығуға бір сағат уақыт арнаудың қажеті жоқ. Бұл үшін бірнеше жаттығудың өзі жеткілікті.

Душқа түсу

Ыстық-суық суды кезектестіре отырып душқа түсіңіз. Тіпті, болмаса тек салқын сумен жуынуыңызға болады.

Көшеге шығу

Жоқ дегенде терезені ашып, үйдің ауасын тазалап алыңыз. Ауа температурасы 30 градустан төмен болса, ұйқыңыз “шайдай” ашылады.

Бір күнге арналған нақты жоспар құрыңыз

Күніңізді сол жоспарға сай өткізіңіз. Маңызды жұмыстарды қағаз бетіне түсіру арқылы миымызды босатамыз.

Жасанды қанттың мөлшерін азайту

Қан құрамындағы инсулин деңгейі бірден көтерілсе, адам қатты шаршап қалады. Сол себепті, тәттінің орнына жемістерді тұтыуныңызға болады. Олар дәмді әрі денсаулыққа пайдалы.

Таңертеңгілік асқа балмұздақ жеу

Бұл ұсынысымыздың жоғарыдағы тыйымға қарама-қайшы келетінін түсінеміз. Бірақ, бұл жерде басты мәселе дәмде емес, температурада болып отыр. Мүмкіндігінше бұл тәсілді сирек пайдалануға тырысыңыз.

Бөлменің жарығын жағу

Ала-көлеңкеде ұйқыңыз келіп, көзіңіз өздігінен жабыла бастайды.

Күн ортасында 15-20 минут мызғып алу

Өкінішке орай, мұндай мүмкіндік барлығына бірдей беріле бермейді. Егер түскілік астан кейін ұйықтап алу мүмкіндігі туса, оны міндетті түрде пайдаланыңыз. 20 минут ұйқы күшіңізді толықтай қалпына келтірмесе де, миды демалдырады.

Хош иістерді пайдалану

Цитрус, қылқан, қалампыр, даршын, зімбір сынды өсімдіктердің хош иісі ұйқыны шайдай ашады.

Күлу

Шынайы күлкі тұрмыстағы көптеген келеңсіздіктерді ұмытуға көмектеседі. Сол себепті, жұмыс арасында бірнеше анекдот оқып, көңіл-күйді көтеретін видеолар көріп алғаныңыз жөн.

Тілді таңдайға тигізу

Осыдан кейін ауыз қуысыңыздың қытығы келіп, миыңыз бірден оянады.

Шұлық ауыстыру

Бұл кеңестердің ішінде ең ерекшесі болған шығар. Бірақ, күн ортасында шұлығыңызды ауыстыру арқылы өзіңізді сергек сезіне алатыныңыз рас. Мұны өзіміз де тексеріп көрген болатынбыз.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив