Мектеп жабылса, жақсы ғимарат қирап қалады

 Иә, өкінішке қарай, осы уақытқа дейін мұндай жағдай болды. Егер жедел де нақты шаралар қабылданбаса, алда­ғы уақытта да сол жағдай жал­­­­­­­ға­са беретін түрі бар. Бұл ке­лең­сіздіктің алдын алу үшін сол­түстік аймақтағы әкімдердің ең­бегін, депутаттардың қызметін жоққа шығара алмаймыз. 

Деген­мен олар әлі де болса өз ауылдық округінде, ауданында, облысында халық санының артуына мүдделі болуы тиіс. Бұл ұлттық демографияға қажет іс. Сонда ғана «Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несі бар» дегендей, жайлы ауылдан, аудан­нан, облыс­тан халық үдере көше қоймасы анық.

«Жайлы» дегеніміз – «алма піс-аузыма түс» деген сөз емес.

Ең бастысы, ауылдың жолы, байланысы, мектебі, интернеті, ауыз суы тіршілік етуге, мал ұстауға, кәсіп ашуға қолайлы болса болғаны. Солтүстікте ондай жер бар, бірақ халық саны жылдан-жылға кеміп барады. Себебі неміс, орыс, украин бауырлар өздерінің тарихи отан­дарына көшіп кетсе, жергілікті ағайын ауыл мектептері жабылып, ауылды көтеруге бейіл байқалмаған соң, тұрмысына бір өзгеріс енгізу үшін амалсыз қалаға көшіп жатыр.

Несін жасырамыз, мұның бәрі ауылды демографиялық тоқырауға әкеле жатыр. Табиғи өлім-жітім саны нәрестелердің санынан кем болса да, көшіп келушілерге қарағанда көшіп кетушілер саны анағұрлым көп болып тұр.  Мәселен, Қарабалық ауданы әкімінен алған хат мазмұнына назар аударайық: «Білім алушы­лардың соңғы 10 жылдағы қоз­ғалыс динамикасы 2007 жы­лы 41 аудан мектебінде 4321 білім алу­­шы, 2017 жылы 35 мектепте 3087 білім алушы­ білім алғанын көрсетті». Оқушылар саны соңғы 10 жыл ішінде 1234 балаға кеміген.

Оқушылар осылай кеми берсе 15-20 жылдан соң аудан мектептері қаңырап бос қалатын түрі бар. Мектептер бірінен соң бірі жабыла берсе, олардың типтік ғи­мараттары бұзылып, орнын сипап қалмаймыз ба? Соңғы жылдары ауданымызда мектеп, мектеп-интернат ғимараттарының бұзылуы «дәстүрге» айналды.

Победа, Жаңауыл, Мағынай, Тастыөзек ауылдарының мектеп ғимараттары берісі – 15-20 жыл, әрісі 30 жыл ғана пай­да­ла­нылғаннан кейін бірінен соң бірі қиратылды. Мұның бәрі ауданымызда демографияның нашарлауы салдарының нақты көрінісі. Осы мәселе солтүстіктегі өзге аудан­­дарда, өзге облыстарда жоқ деп­ ­кесіп айта алмаймыз. Мәселен, Победа ауылында ­екі қабатты орта мектеп-интернаты 1974 жылы салынып, қолданысқа берілген.

Бірақ, 1991 жылдан бастап бұзыла бас­тады. Қазір оның орнын «арамшөп» басқан. Орта мектеп бос тұрған балабақша ғимара­тына көшірілді. Жаңаауыл мек­тебі жабылып, небәрі 20-25 жыл­­­дай қызмет еткен типтік ғи­марат – ауыл тұрғындарының сол кездегі, мектеп түлектерінің есінде ғана қалды. Қазір мектеп орнында мал жайылып жүр. Бала саны көп болса, мектеп жабылмас еді, ғимараты да бұзылмас еді.

Мағынай ауылындағы мек­­­теп жабылған соң, мектеп ғи­маратының тағдырын жергі­лікті әкім емес, құрылыс материалдарын іздегендер шешті. Мағынай үлкен кеңшар еді. Со­ғыс жылдары және одан кейін мектеп-интернаты болған. Ма­ғынай мектеп-интернатында Аққұдық, Жамбыл, Еңбек ауыл­дарының балалары оқып, білім алған. Жүз жылға жуық тарихы бар мектепті жабылудан аман алып қалуды ойлаған жан болмағаны өкінішті. 2005 жылы мектеп жабылып тынды.

Тастыөзек ауылында мектеп-интернат 1986 жылы салынды. Кеңес өкіметінің соңғы жылдары ауданымызда салынған екі мектептің бірі де осы – Тастыөзек орта мектебі еді. Екі қабатты жаңа мектеп-интернат ауылдың сәні еді. Іші жарық, кең, жылы болатын.

Білім беруге барлық жағдай жасалды. Бала көп, жо­ға­ры білімді, жоғары санатты­ мұғалімдер де жеткілікті еді. Амал нешік, 2007 жылы аудан орталығы Қарабалық кен­­тін­де қазақ мектебін ашу талабы түсіп, аудандық білім бө­лімі Тастыөзек мектебінің мұға­лімдерін Қарабалық кентіне жұмысқа шақырды.

Тастыөзек мектебін жаппаса, Қарабалықта қазақ мектебін ашу мүмкін болмады.  «Бала саны азайса, ауыл мек­­­­те­бі жабылады», деп ауыл­ мұ­­ға­лімдерін алдағы уа­қы­т­­та­­ жұмыссыз қалудан «сақтан­дыр­ды». Мұғалімдері білім бөлімінің «көңілін қимай», өз мектебін тас­тап кетуге мәжбүр болды. Мектеп жабылған соң ізінше бала-шағасын шұбыртып, жас отбасылар да мектебі бар елді мекен іздеп, көшуге мәжбүр болды.

Ауылда халық саны күрт азайды. Қазір Тастыөзекте 5-6 отбасы ғана қалған. Ауылдың бұ­рынғы тұрғыны Асқар есімді азамат «Әкем ауылда тұрады, мал ұстайды. Ауыл мектебі қаңырап бос тұр. Тым болмаса, бұзылмаса игі. Ауылды қайта түлету ісіне үмітіміз бар ғой» деп еді. Бірақ ел үміті мен мектеп ғимаратының тағдырын қолына алғандардың мақсаты қиыспайтын сияқты.

Мектеп ғимараты биыл аукцион арқылы сатылды. Сатып алғандар, әрине, Тастыөзекте мектеп немесе «сауда орталығын» аша қоймас, бірақ мектеп-интернаттың кірпіш-тасы қалада салынатын коттедждің, не сауда орталығының бір қажетіне жарайтын сияқты. Сөз орайы келіп тұрғанда айта кетейік, Кеңес өкіметі кезінде әр кеңшарда учаскелік аурухана болатын.

Қызметінің сапасы қазіргі аудандық орталық ауруханадан бір мысқал кем емес-тін. Кеңес Одағы тарағаннан кейін, немістер мен орыстар тарихи отандарына үдере көшкенде, халық саны күрт азайды. Дәрігер мамандар көшіп кетті, базарға шықты. Учаскелік ауруханалар жабылып, ғимараттары бұзылды. Сол жағдай сабақ болуы тиіс.

Біздің мақсатымыз – мектеп ғимараттарын бұзылудан аман сақтап қалу. Демография үнемі нашарлай бермесе керек, шегіне жеткенде, уақыты келгенде еліміз аяғынан нық тұрып, солтүстікке жұрт ағыла бастайды. Сол кезде осы мек­теп­­терді қайта салуға ту­ра ке­леді. Сондықтан қазіргі ғимарат­тар бұрынғы учаскелік ауру­­ханалардың кебін кимесе екен, оны сақтап қалсақ екен де­­ген тілек бар. Ішкі миграция­ны жан­­дандырып, шетелдегі қан­дастарды солтүстіктегі ауыл­дарға ша­қырсақ болар еді.

Демографияны реттеу арқы­лы­ солтүстіктегі және шығыс­та­­ғы ауылдардың қаңырап бос қал­мауына назар аударылар еді, мек­тептер жабылмас еді, ғима­раттары іске жарап тұрар еді, сол­түстікте ауыл шаруашылығы жұ­мыстарымен айналысатын қан­дастарымыз қала халқын сапалы, экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз етуге үлес қосар еді, шекаралық аймақ «жалаңаш» қалмас еді. 

Ел тәуелсіздігі баянды болуы үшін республика бойынша ха­лық тығыздығын реттеп отыру маңызды болса керек. Демек, солтүстік аймақтардағы әкімдер мен депутаттардың қызметін ба­ғалағанда, олардың жергілікті демографиялық ахуалдың жақса­руына қаншалықты жағдай жаса­ғаны, оңтүстік әкімдерінің соған өз үлесін қосуы ескерілсе екен дейміз. «Ырыс алды – ынтымақ», «төртеу түгел болса – төбедегі келеді» деген сол емес пе!?

 

Төлен РАМАЗАНҰЛЫ Қостанай облысы,

Қарабалық ауданы

egemen.kz

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив