Қазақстанда алғаш рет 1 млн оқушының қатысуымен «Жасыл сабақ» өтті

Бүгін «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен еліміздің бірнеше қаласындағы мектептерде 1 миллионнан аса оқушының қатысуымен жалпыұлттық «Жасыл сабақ» өтті.

«Жасыл сабақ» жобасының негізгі мақсаты – оқушыларға экологиялық бағыттағы тәрбие беру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бейімдеу және коммуналдық игіліктерді ұтымды тұтыну қағидаларын үйрету.

Жоба аясында психологтар мен педагог мамандардың арнайы қатысуымен «Жасыл сабақ» атты әдістемелік құралы әзірленді. Әдістемелік құрал мектеп мұғалімдеріне көмекші болса, оқушыларға танымдық оқулық ретінде ыңғайлы етіп дайындалған. Әдістемелік құрал балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы Кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеевтің айтуынша, аталған жоба қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосатын болады. «Осы жобаны жүзеге асыру арқылыоқушыларға ауызсу мен электр қуатын ұқыпты және тиімді пайдалануды үйретуді көздейміз.

Күнделікті тұрмыста аса мән бере қоймайтын қатты тұрмыстық қалдықтарды ұтымды жолдармен жою және оларды қайта пайдалану мүмкіндігін де қарастырамыз. Атмосфераға зиянды қалдықтардың тасталуын азайту мен қоршаған ортаны сақтау үшін жасыл технологияларды қолдануға баулитын боламыз», - деді М.Манкеев.

Жоба Қазақстанда азаматтық қоғам негіздерін қалыптастыру мен дамытуға ықпал ету мақсатында Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылы құрылған «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы» ҚБ үкіметтік емес ұйымының бастамасы бойынша әзірленді. Жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. 

massaget.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив