Егер мен Президент болсам...

    

Балалармен   жұмыс

      Тақырыбы: Егер мен Президент болсам...

      Түрі:Баламен бетпе  −бет

      Мақсаты:Балалардың  еліміздің  Президенті туралы түсініктерін толықтыру,  халыққа қызмет етудің түрін түсінуге ықпал ету,  туған жерге сүйіспеншілігін ояту, бәсекеге қабілетті азамат болуға баулу.

       Қатысушылар: Рахметәлі  Әмір

                                     Қуантай  Ернар

                                     Ержан Ернұр

                                     Қали Нұрали

                                     Ербол Алижан

                                     Орынбасар Диас

       Тәрбиеші: Жұмашева  Айжан

       Өтетін орны:Музыка залы

       Тәрбиешінің кіріспе сөзі:  Қазақстан Республикасы− егеменді, тәуелсіз ел. Қазіргі  күні  қазақ елін, қазақ жерін әлем таниды,  өйткені  азаматтарымыз  әртүрлі  салада шет елдерге  шығып   Қазақстанды  бүкіл  әлемге  танытты.  Әнші  Құдайберген  Димаш  Қытайға,   Голливудқа ән салып  таңырқатса. Спортшыларымыз  қазақтың туын шет елдерге  желбіретін, әнұранын  ойнатты.

      Тәрбиеші мен тәрбиеленуші Рахметәлі  Әмірхан  сұхбат .

  • Қазақстан елін  кім басқарып отыр,   білесіңдер ме?
  • Қали Нұрали: Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев.
  • Н.Ә.Назарбаев қандай  қызмет атқарады,  бала оқытады ма, ауру адамдарды  емдейді ме?
  • Н.Ә.Назарбаев − Президент. Қазақ елін басқарады.
  • Сенің отбасыңды кім басқарады?
  • Әкем.
  • Қалай басқарады? Не істейді?
  • Такси айдйды. Үйге нан әкеледі, тамақ әкеледі.
  • Бізді ренжітпейді.
  • Өте жақсы екен. Сенің әкен отбасына қызмет көрсетедіСұхбатына рахмет.

     Тәрбиеші мен  Қуантай  Ернар

  • Сендердің отбасытарыңда неше адам бар?
  • Қ. Ернар: Біздің отбасымызда атам, әжем, әкем, анам, қарындасым, інім бар.
  • Үйлерінде кім үлкен?
  • Атам ең үлкені.
  • Жұмыс істей ма?
  • Істемейді. Мені балабақшаға әкеледі.
  • Ендеше атаң саған қызмет етеді екен ғой.
  • Сені балабақшаға әкеледі және алып қайтады.
  • Иә.
  • Мына кісіні танисың ба? Бұл кім?
  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев− Президент.
  • Егер сен Президент болсаң қайтер едің...
  • Егер мен мен президент болсам, Астанада тұрамын.Бәйтеректі көрем.
  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев –қазақ елін  басқарып   отыр.

Біздің  осы  өміріміз саған ұнай ма?

       −   Иә.

       −   Онда  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев   бізді жақсы басқарып отырғаны ғой.

       −   Бізге әдемі Астана салып берді, мектептер, балабақшалар,  институттар ашып беріп жатыр.

       −   Президент   елдерді   аралайды,  ұшақпен  ұшады, телевизордан  сөйлейді.

       −   Иә, дұрыс айтасың.  Сол іс –сапарларда  Президентіміз  келісімдерге келіп,  еліміздің  экономикасын көтеруге жағдай жасайды, біздің  болашағымызды ойлайды.

      Тәрбиеші мен Ержан Ернұр

  • Ержан біз қай Республикада тұрамыз?
  • Қазақстан Республикасында  тұрамыз.
  • Қазақстан Республикасының рәміздерін аташы?
  • Қазақстан Республикасының рәміздері: Қазақстан Республикасының Туы, Қазақстан Республикасының елтаңбасы, Қазақстан Республикасының  гимні.
  • Қазақстан Республикасының гимнін   білесің бе?  Айтып берші? (Орындайды).
  • Неге біз Қазақстан Республикасының  гимнін  орындағанда  қолымызды сол жағымызға қоямыз?
  • Өйткені, әнді жүрегімізбен тыңдаймыз.
  • Қазақстан Республикасының Президенті кім?
  • Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
  • Қазақстан Республикасының Президентінің қандай қызметін айта аласың?
  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс орындарын аралайды. Жақсы қызмет еткендерді марапаттайды, сыйлық береді.
  • Өте дұрыс айтасын Ержан. Елбасы еңбекқор адамдарды жақсы көреді.Еліміздің халықтарын еңбек сүйгіштікке баулиды, жағдай жасайды.

 

Тәрбиеші мен Орынбасар Дияс: Егер мен президент болсам, шет елдерге шығып, қазақ елінің жағдайын жақсартамын халыққа қызмет етемін.

  • Азаматсың.

     Ербол Алижан:

  • Қазақстан Республикасын кім басқарады?
  • Қазақстан Республикасының перезиденті Н. Ә.  Назарбаев басқарады.
  • Сенің президент болғын келе ме?
  • Иә. Президент болғым келеді.
  • Егер сен президент болсаң қайтер едің?
  • Егер мен президент болсам қап көп − көп ақша жасаймын, елдерге беремін.
  • Ақшаны неге елге бересің, өзің алмайсың ба?
  • Ақшалары көп болса, жақсы өмір сүреді
  • Ал, жақсы өмір деген қандай?
  • Балабақшаға, мектепке барады, ертегі кітап сатып алады, киімдер, шет елдерге барады, телефон, әдемі айфон алады. Әдемі үй салып алады.
  • Өте жақсы. Ержан президент болса, бәріміз әдемі үй салады екенбіз. Рахмет, Ержан. Азамат бол. Армаңына жет.

     Сұхбат сағаттан күтілетін нәтиже: Ұл балалар қоғам иесі ретінде өздерін тани біледі.                                                             Әлеуметтік ортада өз өзін ұстай алады. Өзі өмір сүрген ортада білімді де, беделді азамат болып             қалыптасуына мүмкіншілікті сезеді.Қоғамдағы әр түрлі жағдайларды қабылдай алуға бейім болады.Өмірдегі өзінің орнын біледі.

                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив