Жаңа жыл жарқыра!

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл жарқыра!

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Әуен сазынан қыс көріністерін ести білуге, қимыл – қозғалыс жасауға, әнді әсерлі, мәнерлі орындауға баулу, ырғақ, тенбрді сезінуге үйрету.
  2. Қысқы табиғатқа қызықтыру, Жаңа жыл мерекесі туралы танымын кеңейту.
  3. Қыс мезгіліндегі құстар өмірін бақылауға, оларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың барысы:

«Қыс мезгілі саған несімен ұнайды?» деген сұрақ қою арқылы балалардың пікірлері тыңдалады.

- Қыста қандай мереке бар?

Жаңа жыл – бала өмірінде асыға күтетін, есте қалатын мереке.

Аязата, ақшақар, жасыл шырша, кәмпиттер, сыйлықтар – осының бәрі баланың сезімін, эмоциясын ашады.

Мұғалім әнді орындап тастаған соң, Жаңа жыл, шырша туралы әңгімелейді.

 

Аппақ, апақ дала,

Аппақ ауыл, қала,

    Жапалақтап ақша қар

Жауа берсін, жауа.

 

- Ал іште, шырша маңында не болып жатыр?

Балалар қол ұстасып, шыршаны айнала билер биленіп, тақпақтар мен жұмбақтар айтылуда. Аязатаның сыйлығын алған балалардың қуанышында шеек жоқ.

- Жаңа жылдан күтетін үміт көп. Сондықтан адамдар бір – біріне «Жаңа жыл құтты болсын!» деп тілек айтады.

Әнді көбіне оқытушы өзі орындағаны немесе даусы жақсы жеке оқушыға орындатқаны жөн.

Сергіту сәті.

Тыныстайық тереңнен!

 

Сабақ айттық, ән салдық,

                                               Жарадыңдар барлығың.

Шаршадыңдар дегенмен,

                                               Тыныстаңдар тереңнен.

 

Қайырмасы:

                    Қане, «Ү – п!» - деп айтайық,

                                                     Демді ішке тартайық.

                                                     Енді «У - һ» - деп айтайық.

                                                     Демді шығар қайтарып.

 

                                               Босаңсытып денеңді,

                                               Бей – жай күге ен енді.

                                               Басты көтер,

                                               Тік ұста!

                                               Емін – еркін тыныста.

 

«Өзің тап» викторинасы

- Шегірткеге не жарасады?

- Секірген.

- Құлынға не жарасады?

- Пысқырған.

- Жыланға не жарасады?

- Ысқырған.

- Ақ тауыққа не жарасады?

- Шақырған.

- Ақылдыға не жарасады?

- Оқыған.

 

«Неге» викторинасы

Бұлттар неге… (ауады)?

Жаңбыр неге… (жауады)?

Құм неге… (көшеді)?

Орман неге…(шуылдайды)?

Теңіз неге… (тулайды)?

Таулар неге… (тозады)?

Маса неге… (шағады)?

Жұлдыз неге… (ағады)?

 

Шығармашылық жұмыс.

Қай ұлттың музыкасымен таныстық? Моншақтарға тізіп жаз.

 

Бірінші жарты жылдықта не үйрендік?

  1. Музыканың жеті дыбысын ата.
  2. «Қоңырау» әннің авторы кім?
  3. Октава дегеніміз?
  4. Фортепиано аспабын алғаш жасаған кім?
  5. Альтерация белгілерін ата.
  6. «Адай» күйін кім шығарған?
  7. «Қазақстан» әнінің компазиторын ата.

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив