Ұжымда өз-өзіңізді ұстау ережелері

Ұжымдағы әріптестермен тіл табысу, сыйысу әсте оңай шаруа емес. Әсіресе жаңадан келгендер үшін. Осы орайда ұжымда өз-өзіңізді ұстауға қатысты ережелерді назарларыңызға ұсынамыз.
 
Басшыдан ақылдырақ екеніңізді көрсетпеңіз
Өзіңіздің идеяңызды ақырын ұсыныңыз. Бас салып бар біліміңізді көрсетудің қажеті жоқ. Себебі басшылар сізді өзіне бәсекелес санап қалуы мүмкін. Және көп адамға мұндай қылық ұнай бермейді.
 
Жаңа есімдер мен лауазымдарды есте сақтаңыз
Жаңа жұмысқа жақында ғана орналасқан болсаңыз барлық қызметкерлер мен лауазымдарды есте сақтауға тырысыңыз. Сондай-ақ ұжымдағы адамдардың бір-біріне қарым-қатынасы қандай екенін бақылаңыз.
 
Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз
Әсіресе жаңа жыұмсқа келген кезде көбірек тыңдаңыз, бақылаңыз. Кәсіпорын, басшылық, әріптестеріңіз туралы көбірек білуге тырысыңыз. Әрдайым бейтараптылық сақтаңыз.
 
Сұрақ қоюға қысылмаңыз
Білмеген дүниеңізді жаңа әріптестеріңізден сұрауға жасқанбаңыз. Ал өзіңізден көмек сұраса, бас тартпаңыз, көмектесіңіз.
 
Ешқашан сынамаңыз
Басқалардан жақсы біліп тұрсаңыз да, сын айтудан аулақ болыңыз. Егер ескерту жасау керек болса барынша абайлап айтыңыз.
 
Сабырлық сақтаңыз
Кез келген жағдайда сабырлық сақтаңыз. Жаман эмоциядан арылып, жақсы нәрсені көруге тырысыңыз.
 
Жеке өміріңіз жайлы айтпаңыз
Әрине, әріптестеріңіз жеке өміріңіз жайлы білгісі келеді. Бірақ басы артық сөз де соғұрлым көбейеді. Сондықтан сабырыңызбен қоса сырыңызды да сақтаңыз.
 
Сауатты сөйлесіңіз
Асықпай, аптықпай, сауатты сөйлесіңіз. Сөзіңіз анық болсын.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив