“Грантқа түсе алмадым”. Оқу ақысын қалай төлеуге болады?

Мемлекеттік гранттарға іліге алмаған балалар ақылы оқуға немесе бір жыл жұмыс істеп, кешенді тест тапсыруға мәжбүр. Алайда елімізде білімге арналған несие жүйесі бар екенін көпшілік ескере бермейді. Ол грантсыз қалған абитуриенттердің қатарынан қалмай оқуына арналған. Бүгін білім беру несиесі мен оның өзге несиеден айырмашылығы, алу әдістері, қажетті құжаттар туралы баяндаймыз.

Әсел Сарқыт baribar.kz

2005 жылдан бастап мемлекет атынан «Қаржы орталығы» АҚ білім несиелерін беретін банктерге кепілгер болып келеді. Мақсаты – ел азаматтарына техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқудан кейінгі білімді қолжетімді ету.

Бүгінгі таңда білім несиелерін «ХалықБанкі» АҚ, Сбербанк, ForteBank, Нұрбанк, Тенгри банктерден алуға болады. Олардың әрбірінде өзіндік несие бағдарламасы әзірленген.

Білім беру кредиттері

 

СБЕРБАНК 

НҰРБАНК

       ТЕНГРИ БАНК

ФОРТЕ БАНК

Пайыздық мөлшерлеме

16,5%
(нақты≈ 19,5%-тен бастап)

 20%
(нақты ≈ 22,5%)

 20%
(нақты ≈ 22,3%)

   10%
(нақты ≈ 11%)

Несие мерзімі

 12 жылға дейін

  10 жылға дейін

 10 жылға дейін

  10 жылға дейін

Қамтамасыз ету

 – кепіл талап етілмейді;
– Ел аумағында тұратын 1 немесе 2 жақын туысы кепілгер болуы керек.

 –  кепіл талап етілмейді;
– қарыз алушы өз төлем қабілеттілігін растай алмаса ел аумағында тұратын 1 немесе 2 жақын туысы кепілгер болуы керек.

 –  кепіл талап етілмейді;
– қарыз алушының табысы болмаған жағдайда, ел аумағында тұратын 1 немесе 2 жақын туысы кепілгер болуы керек.

 –  кепіл талап етілмейді;
– ел аумағында тұратын 1 немесе 2 жақын туысы кепілгер болуы керек.

Оқыту нысаны

бакалавр
магистр
күндізгі оқу
кешкі

бакалавр
күндізгі оқу

сырттай оқу
кешкі

Колледждерде оқыту шектеусіз

Жоғары  оқу орындарында оқу шектеусіз

Астана мен Алматыдағы халық шаруашылығы университетінің студенттері үшін   шеткеусіз 

Жеңілдікті кезең

Оқу кезінде және оқу аяқталған соң 6 ай ішінде несиенің негізгі сомасын төлемеуге болады, тек несие бойынша пайыздарды төлеу керек.

Нысаналы аудитория

Шектеусіз

Үлгерім

– ҰБТ/АКТ нәтижелері 50 баллдан төмен емес;
– ағымдағы емтихан сессиясының  нәтижелері бес балдық жүйе бойынша   3,5 баллдан төмен емес;
– ағымдағы емтихан сессиясының  нәтижелері кредиттік жүйе бойынша  1,33 баллдан төмен емес.

Несиенің минималды сомасы

150 000 теңгеден бастап

Несиенің максималды сомасы

 Шектелмеген

5 000 000 теңгеге дейін

6 000 000 теңгеге дейін

3 000 000 теңгеге дейін

Мерзімінен бұрын өтеу

 Айыппұл санкцияларысыз

Қарыз алушылар үшін артықшылықтар

  1. Несие талапкер/студенттің атына ресімделеді, яғни оқу ақысын төлеу ата-анаға емес, талапкердің/студенттің өзіне жүктеледі;
  2. Барлық білім алу деңгейлеріне (бакалавриат, магистратура, докторантура, техникалық және кәсіптік білім) және барлық түрлеріне (күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтықтан оқу және т.с.с.) беріледі;
  3. Пайыздық мөлшерлеме нарықтық мөлшерлемеден айтарлықтай төмен;
  4. Несие мерзімі ұзақ;
  5. Несиені өтеу мерзімі студенттің оқу кезеңіне және ол оқу бітіргеннен кейін 6/12 айға ұзартылады;
  6. Кепілзатсыз;
  7. Несиенің сомасы шектеусіз, бастысы, оқудың құнынан аспауы тиіс;
  8. Несие сомасы білім алушының қажеттілігіне қарай әр семестр/жыл сайын оқу орынның есепшотына аударылады;
  9. Несие әріптес-банктермен беріледі, оны Қазақстанның барлық ірі қалаларында рәсімдеуге болады.

Ұқсас несиелермен салыстыру

 

Тұтынушылық несие шарттары

Студентік білім беру несиесі

Пайыздық мөлшерлеме

жылдық 28% дейін және жоғары

Жылдық 10% бастап

Қайтару мерзімі

3-5 жылға дейін

12 жылға дейін

Алу тәсілі

Бір жолғы

Студентке ыңғайлы болу үшін несие семестр бойынша және қажеттілігіне қарай бөліктермен аударылады.

Қамтамасыз ету

Жылжымайтын мүлікті кепілге қою

Қаржы орталығының кепілі

Жеңілдікті кезең

Жоқ

Несиені өтеу мерзімі оқу кезеңіне және оқу бітіргеннен кейін 6 айға ұзартылады

Мерзімінен бұрын өтеу

айыппұлсыз

айыппұлсыз

Өзге

  • несие сомасы бойынша шектеу қойылған;
  • жас ерекшелігіне шектеу қойылған (21 жастан бастап);
  • табысты растау
  • жас ерекшелігіне шектеу жоқ;
  • жалпы, кредит сомасы бойынша шектеу жоқ;
  • кейбір жағдайларда кепілгердің болуы талап етіледі.

Білім несиесін рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

 Қарыз алушыдан:

  1. Жеке куәлік;
  2. Тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
  3. Талапкерлер үшін ҰБТ сертификаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі) немесе соңғы сессияны тапсыру нәтижелері;
  4. Білім алуға шарт не оқу кезеңіне оқудың құны көрсетілген төлеу шоты;
  5. Қарыз алушы 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының (заңды қамқоршыларының) қарыз алуға нотариалды куәландырылған келісімі, сондай-ақ банк сұратқан жағдайда басқа да құжаттар сұралады.

Кепілгерден талап етілетін құжаттар:

  1. жеке куәлік;
  2. тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
  3. Жұмыс орнынан анықтама;
  4. Зейнетақы аударымдары туралы ақпарат;
  5. Еңбекақысын көрсететін және растайтын құжаттар;
  6. Банк талап еткен жағдайда басқа да құжаттар.

Материал egov.kz ақпараттары бойынша әзірленді.

baribar.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив