​Көп ойлану - қауіпті...

Сарапшылар көп ойланғаннан қандай қауіп бар екенін айтып берді.

Зерттеу барысында сарапшылар өз ойларына ие болып уақтылы тыныға алмайтын адамдарға қандай қауіп төніп тұратынын айтты. Ол әйел адамдармен қатар ер адамдарға да қатысты.

Ең алдымен ойлау үдерісі адамның басты ағзаларының бірі - миға әсерін тигізеді.Сондықтан үнемі күйзелісте жүретін адамның мидың бір бөлшегіндегі есте сақтау қабілеті мен эмоцияларға жауап беретін клеткаларға кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.

Сонымен қатар,күнделікті күйзеліс пен келеңсіз ойлар ішек-қарын жолдарының гастрит,язва сияқты ауруларына әкеледі.
Және де ағзамыздың басты бұлшықеті - жүрекке де үлкен жүктеме түсуі мүмкін.

Ал орынсыз қобалжу мен мазасыздану жүрек аурулары мен тахикардияның пайда болуын еселетіп жібереді деп санайды ғалымдар.

Жалпы адам ағзасына ең үлкен зиян мен қауіп деп иммундық жүйенің әлсіреуі болып есептеледі.
Орынсыз қобалжу мен алаңдау ағзадағы кортизолдың көптеп бөліну салдарынан адам ағзасының  жалпы барлық инфекцияларға төтеп беруін әлсіретіп,тіпті обыр дертіне шалдықтыруы да ықтимал.
Сондықтан сарапшылардың кеңестеріне құлақ асып әр адам өз денсаулығына деген көзқарасын өзгерткені дұрыс.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив