1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ. Сыңғырла, алғашқы қоңырау!

Сыңғырла, алғашқы қоңырау!


1 ҚЫРКҮЙЕК ТАЛАЙЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІН АЛҒА ЖЕТЕЛЕГЕН ҮМІТПЕН ТОЛҚЫТАТЫН ЖƏНЕ МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АЛҒАШ АТТАЙТЫН БҮЛДІРШІНДЕРДІ ҚУАНТАТЫН КҮН. АҚ БАНТИК ТАҚҚАН ОҚУШЫ ҚЫЗДАР МЕН АҚ КӨЙЛЕКТІ БОЗБАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ҚАРАЙ БАСҚАН ҚАДАМДАРЫ ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ЕСІНЕ ӨТКЕНІН САЛЫП, КӨҢІЛДЕРДІ ҚУАНЫШ ПЕН САҒЫНЫШ КЕРНЕЙДІ. КҮЛЛІ ƏЛЕМДЕ САТЫЛМАЙТЫН, САРҚЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҚ – БІЛІМГЕ ҚАДАМ БАСАТЫН КҮЗДІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ ЖАМБЫЛДЫҚ ҰСТАЗДАР МЕН ОҚУШЫЛАРДЫ БИЫЛ НЕСІМЕН ҚУАНТПАҚ? БҰЛ ЖЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИГІЛІГІНЕ ӨҢІРІМІЗДЕ ЖАҢАДАН ҚАНША БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІ САЛЫНДЫ? МІНЕ, ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ ОСЫЛАР БОЛМАҚ.

Өңіріміздегі барлық мектептер оқушыларын жазғы демалысқа шығарып, ағымдағы жылы күрделі жөндеуден өтті. Апатты жағдайдағылары қайта салынды немесе басқа мектепке көшірілді. Енді бір аймақтарда жаңадан мектеп тұрғызылды. Биыл жыл басынан бері облысымызда 30 білім нысанының құрылысы жүргізілді. Күні бүгінге дейін 2 мектеп пен 1 балабақша білім ізденушілердің игілігіне берілді. Ал, қалған 27 ғимараттың құрылысы əлі де жалғасуда. Бұлардың 15-і жыл аяғына дейін балаларды қабылдауға дайын болады деп күтілуде.

Өткен жылғы 1 қыркүйектен бері 9 мектеп жаңадан бой көтерген екен. Ал, ағымдағы жылы 7 балабақша пайдалануға берілмекші. Оның бесеуі республикалық, ал екеуі жергілікті бюджет есебінен салынған. Жалпы, жыл аяғына дейін 13 балабақша, 2 шағын орталық əулиеаталық əулеттердің бүлдіршіндері үшін жұмысын бастайтын болады. Өңірімізде осы қыркүйекте 27 289 бала 1-сыныпқа барады. Осынша балаң тағдырлардың жаңа парақтары ашылады. Яғни, осынша шаңырақта сəбилердің тілашар қуаныштары тойланады. Бұл тек сол отбасылардың ғана емес, бүкіл еліміздің зор қуанышы, жаңалығы болмақ.

Тағы да бір көңілді марқайтар жағдай – өңірімізде жыл сайын балабақшалар саны жаңадан қосылып жатқандары мен кезекте тұрған сəбилердің саны əлі де ұлғайып отырғаны. Яғни, ертеңгі күні халық игілігіне қызмет ететін, ел абыройын асқақтататын тұлғалардың туылуы деп қуанамыз. Бүгінгі əрбір сəбиіміз Үміттерді ақтарлықтай азамат болып өсулері үшін де тəрбие мен білімнің бастауы болар балабақша, мектептердің, тəрбиеші мен ұстаздардың заман талабына сай, сапалы да білікті болғаны қажет-ақ. Мұны ескерген Елбасы, ел Үкіметі білім саласын назардан тыс қалдырған емес. Қажетті қаржы да бөлінуде. Жас ұрпақты тəрбиелеушілер болып табылатын оқытушылардың біліктілігін арттыруға, жаңа заманға лайық қайта даярлануына игі шаралар жүзеге асырылып та жатыр. Тек күтеріміз – бүгін мектеп қабырғасында жүрген өспірімдер ертең ел тұтқасын ұстар биік өрелі азамат болып шықса дейміз.

Пән мен мән

Білімсіз, айтшы, өмір жарық па еді?!
Кітапта жатыр ойдың барлық кені.
Білдік қой əр нəрседе атау барын,
Ең алғаш қолға алған күн «Əліппені».

Өмірің ұласқанша сары күзге,
Сағыныш əлемінен сарын ізде.
Жаңа жер – жаңа үміттер ашыларын,
Үйретті «Жағырапия» пəні бізге.

Əу баста қыз болған-ау гүл шынымен,
Сұлулық барлығына сыншы білем.
Қолға алып «Биология» оқулығын,
Таныстық табиғаттың қыр-сырымен.

Баланың айналасың талабынан,
Қосу мен алудан ол табады мəн.
Күрделі теңдеу барын бұл өмірде,
Ұғындық «Алгебра» сабағынан.

Ізденген жұртта болмақ көш қарымды,
Кім қандай өркениетке қосқан үлгі?
Тартылыс заңын оқып «Физикадан»,
Əрқашан іздеп тұрдым достарымды!

Саясат шығармасын тағы ұрысты,
Қарулы мемлекеттің бəрі күшті.
«Болмасын өмірде ондай» деп тіледік,
Оқып ап «Химиядан» жарылысты...

Қорықсын қара түнек таң жарықтан,
Жүректен қандай əсем əнді ағытқан.
«Əдебиет» əлеміне үңілген соң,
Арылдық ала ниет қарғалықтан.

Бабамнан қалған мұра сіңсін берік,
Өткенді білу керек, күрсінбелік...
«Тарихта» ақтаңдақты ақтадық па,
Жоқ əлде ақталдық па –
Түсінбедік...

Бекжан ƏШІРБАЕВ, ақын
Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының
Иегері.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив