«Сәт сапар саган, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау

«Сәт сапар  саган, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау
Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы,Бейнеу селосы.
"Бейнеу лицейі" ММ дене шынықтыру мұғалімі.
Әжібаева Гулназ Айтжанқызы

«Сәт сапар саган, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынның сценарииі


-----музыка әуені
-----Жүргізушілер шығады: I- жүргізуші: Әжібаева Г
II- жүргізуші: Набиханова А

I –жүргізуші: Тарихы терең қазақ деген көне елде
Ел белгі де ерлік, өрлік, өнерде,
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
II -жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, -дей отырып ҚР мемлекеттік туын көтеру құрметін мектеп бітіруші түлектер, үлгілі озат оқушылар, бірнеше рет аудандық, облыстық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері,республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаздары, «Алтын белгіге» үміткер білімпаздар Алдоңғаров Құралбекке, Хадис Тілекшіге, Мархабаева Мейрамгүлге және Жеткізгенова Ағленге тапсырылады.
I- жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өз әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран

II -жүргізуші: « Сәт сапар, саган, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны ашық деп жариялансын!.ҚР мемлекеттік туы көтерілсін.
ҚР туы көтеріліп, әнұраны айтылады
I- жүргізуші: Армысыздар ардақты ата-аналар , қонақтар, ұстаздар , оқушылар 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен , әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі –соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің лицейіміздің 34 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
II- жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр
II- жүргізуші: Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің 11 «а» сынып жетекшісі: Тәженғалиева Тойан Қанатқызының есімін құрметпен атай отырып қошеметпен ортаға шақырамыз. Ойламайтын ертеңін
Ойсыз кейбір еркені
Түзеп жөнге салдыңыз
Ел алғысын алдыңыз.
Сабырыңыз құрыштай
Жөн айттыңыз ұрыспай.
Түзедіңіз тентекті
Тұрғызбай ақ бұрышқа
Жұмыста ылғи қайсарды
Көрмейміз мұндай жайсаңды
Біздің мықты жетекші
Тойған апайды айтсаңшы


I –жүргізуші: : Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің 11 «б» сынып жетекшісі: Мұхамедьярова Ғалия Іздібайқызының есімін құрметпен атай отырып қошеметпен ортаға шақырамыз.
Сыныбының ұйтқысы, анасы
Барлық шәкірт ұстаздардың баласы
Жетіп жатқан жетістік пен ұйымшылдық арқауы
Ғалия апай сыныбының данасы
Шәкірт барма ұстазымен мақтанбас
Сынып еді үміт, жігер тапталмас

II- жүргізуші Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.

Бітіруші түлектерді шақыру
II- жүргізуші: Бүгін- алғашқы қоңырау мен соңғы қоңғыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күн.
I -жүргізуші: Бүгін-«мектебім,ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
II -жүргізуші: Бүгін- атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
I -жүргізуші: Бүгін- әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
II -жүргізуші: Бүгін- әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
I –жүргізуші: Бүгін –анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
II -жүргізуші: Бүгін- ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
I –жүргізуші: Бүгін- арман қуып алысқа аттанған күн.
II -жүргізуші: Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
I –жүргізуші: Ендеше, сәт сапар, жас түлектер!
Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті мектебіне
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар
Аттанып барады өмір көктеміне

II –жүргізуші: Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам.
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол –болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді ағалық қамқорлығым деп түсінген . қимас сатте өздеріңе арналған алғашқы құттықтау сөзді мектеп директорының м.а Жөнелбаев Асылбек Шоланұлы мырзаға беремін.
(Мектеп директоры сөз сөйлейді)

I -жүргізуші : Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз-дей келе бүгінгі салтанатты жиынға қатысып отырган Бейнеу ауданы әкімі Басшы Әзірханов Айжанақұлы мырзаны, аудандық білім беру бөлімі бастығы Наурызбаев Орынбасар Қызылғұлұлын құрметпен атай келе құттықтау сөз кезегін беремін.

II-жүргізуші:
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Осы бір мектебі үшін жанын салған,
Сөз кезегі - ғылыми-жетекші бапкерге.

Салтанатты жиынымыздың марапаттау рәсіміне кезек берейік. Құттықтау сөз, «Лицейдің ең үздік шәкірті-2010» байқауының жеңімпаздарын және ата-аналарды марапатттау үшін мектеп директорының әдістемелік – инновациялық істері жөніндегі орынбасары Сабырбаева Шынаргүл Бақытқызына беріледі.

I –жүргізуші: Оқушылар атынан «Лицейдің ең үздік шәкірті- 2010» байқауының жеңімпазы Әлішер Тағабердіге құттықтау сөз беріледі.

I –жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы. «Ата -ана баланың бас ұстазы» дегендей ата -ана мен мұғалім қатар тұрғанда бала өзіне деген қамқорлықты толық сезінеді. Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан Мархабаев Аман мырзага беріледі.

II -жүргізуші : Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар,
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Санасы биік адал дос табыңдар!

Иә, сендер әрқашан еске алып жүретін жаны асыл ұстаздарың да бүгінгі соңғы Қоңырау үнімен өздеріңмен қоштаспақ. Енді солардың шәкірттеріне деген соңғы ақыл-кеңесін, сәт сапарын тыңдайық.
Сынып жетекшілер атынан құттықтау сөз: Мұхамедьярова Ғалия Іздібайқызына беріледі.

II –жүргізуші: Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын –жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға сазды сәлем жолданады.

Хор: «Ұстазым» әні. Орындайтындар бітіруші түлектер.

I -жүргізуші : Жас түлек, 11 жыл бойы ата- анаң аялап, ұстазың жетелеп,мектебің мәпелеп кәмелетке келдің.
II–жүргізуші : Балалықпен қоштасып, жастық шақпен достастың.

I -жүргізуші : Құрметті білім алушылар! Соңғы қоңырау мерекесінің дәстүрі бойынша ту тапсыру мен арман хат тапсыру салтанатты рәсімін өткізіді бастауға рұқсат етіңіздер.
Аманат ту тапсырушы: Республикалық пәндік олимпиаданың екі дүркін алтын медаль иегері Әлішер Тағаберді.Ассистенттері: үлгілі оқушылар Тәңірбергенова Жанар мен Сабидолла Алмажай. Арман хат тапсырушы: оқу озаты, бірнеше білім сайыстарының жеңімпазы «Алтын белгіге» үміткер Жұбанова Айданаға тапсырылады.
ту
II –жүргізуші : Аманат қабылдашы: аудандық, облыстық сайыстардың жеңімпазы мақтанышымыз 10- сынып оқушысы Қуандықов Ербол. Ассистенттері: Таскарина Гаухар,Рзаева Жанаргүл.
Мектеп түлектері қасиетті көк байрақты 10 сынып оқушыла-рына тапсыру рәсімін орындайды.

Аманат ту тапсырушының сөзі:
Әнге ән, жырға жыр жалғап Барамыз ұшып ұядан!
Айтамын саған аманат, Iзбасар 10- сыныптар!
Мейірімінен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!
Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер аманат!
Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған аманат!
Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған аманат!
Көрінбейтін шимай-шатпақтан Дәптерім саған аманат!
Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған аманат!!
Сыр алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған аманат !
Қос өрім қылып тағатын Ақ бантик саған аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған аманат!
Үлгілі тәртіп , үздік оқу-ізбасарым саған аманат!
Желбірейтін биікте-Алтын ұя туы аманат!
Кір келтірмей атына , биікке самғау-бізге аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау-саламат!

Аманат ту қабылдаушының сөзі: Біз 10 сынып оқушылары : Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай отырып , бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға , білім мен тәрбиенің барлық салаларынан алда болуға , мемлекетімізді гүлдендіруге , дамытуға негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен игерген саналы азамат болып шығуға мектебіміздің мәртебелі екенін биіктетіп , жоғары деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп сеніммен ант береміз.
I –жүргізуші : Еліңді таң қалдыршы ұлы істермен,
Қатарына қаймықпай құрышты ерген.
Туды биік көтеріп қалықтатшы,
Қуанта бер қашанда жеңістермен
II -жүргізуші: Мойытпасын қиындықтар сендерді.,
Батылдықпен асыңдар сан белді,
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

I -жүргізуші: Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі?
Жақсы ұрпақ – еліміздің шын тірегі.
Ортаға шығып қане тілек айтсын
11- сыныптың мен деген бір түлегі.

II –жүргізуші: Келесі құттықтау сөз лицей мақтанышы, бітіруші жас түлек «Алтын белгіге» үміткер, Орал қаласында өткен математика декадасының туын тапсырушы Сали Нұртасқа беріледі.

I –жүргізуші: Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Шақырайық вальске түлектерді
Қоштасудың вальсін айтып тұрып .

«Қоштасу вальсі». Ортаға бітірушілер ән әуенімен шығып , вальске билейді.

II -жүргізуші: Қоңырау мектеп өміріндегі құлаққа жағымды шәкірт жүрегінде сақталатын ұмытылмас үн. Жүректері лүпіл қағып қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте мектебімен қоштасып өмірдің екінші белесіне қадам басқалы тұрған сіздер, осыдан 11 жыл бурын қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттаған болсаңдар сол сыңғырлаған қоңырау үнімен болашаққа аттанбақшысыңдар.Сәт сапар, саған жас түлек!

I –жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу рәсімін орындау құрметіне мектебіміздің үлгілі оқушысы, «Алтын белгіге» үміткер, Қызылорда қаласында өткен республикалық пәндік олимпиаданың күміс жүлдегері Сағидолла Нұрбек пен болашақта үміт күттірер, аға - апаларынан үлгі алар 5 «б» сыныптың үздік оқушысы Әжмуратова Альбинаға беріледі.
II -жүргізуші: - Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды

I –жүргізуші: Мектеп, мектеп - шаттыққа толы үйің
Ұша білсең болмас -ау қону қиын.
Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін
Қоңыраудың естиміз соңғы үнін.
Хор : «Сыңғырла қоңырау» әні. Орындайтындар мектеп бітіруші түлектер.
Қоңырау соғу сәті.
I –жүргізуші: Бірлік деген даналар мен кемеңгер
Бір -біріңді әрқашанда елеңдер
Түрлі асу жолдарында тағдырдың,
Бір- біріңе сүйеу болып демеңдер.

II -жүргізуші: Сонда естілер ел жұртыңның нұрлы үні,
Сонда жеңер мына өмірдің шындығы.
Әуелетіп аспанға шар ұшырдық,
Ол бірлігің, мәңгі бірлік символы!

I –жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн
«Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз,
Тілейік біз армандарға жеткенін
Музыка әуені. (Көгершіндер ұшырылып, шарлар көкке жіберіледі.)
Шар ұшыру сәті мен ақ көгершін ұшыру сәтін тамашалау. Ұстаздар мен қонақтарға гүл шоғын ұсыну.

I -жүргізуші : Құрметті мектеп бітіруші 9-шы жас түлектер! Ата- аналар мен қонақтар! Аяулы ұстаздар! Бейнеу лицейінің «Сәт сапар саған, жас түлек!» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймын!

II –жүргізуші: Құрметті мектеп оқушылары! Республика туы астында қатар тізеп, тік тұрыңдар! ҚР мемелекеттік Туы түсірілсін!
Әнұран орындалады

I -жүргізуші: Сәт сапар, сіздерге, Жас түлек!
аған: Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы
Маңғыстау облысы. Бейнеу селосы
«Бейнеу лицейі» ММ

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив