Діни көзқарастың шығу тарихы,қазақ халқының наным- сенімдері

Мәдениеттану пәнінін сабақ жоспары
Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінің оқытушысы Турмаганбетов Ж.А.
Тақырыбы: «Діни көзқарастың шығу тарихы,қазақ халқының наным- сенімдері»
Мақсаты:
Білімділігі: Бүкіләлемдік діндер туралы түсінік қалыптастыру. Діннің мәдениетпен қатынасын, діннің адам өмірінде алатын орнын,маңызын ұғындыру. ислам дінінің қағидаларын,Қазақстанның зайырлы мемлекеттік ұстанымын талдау.
Дамытушылық: Оқушылардың рухани дүниесін дамыту.Пікір айту,өзіндік ой қалыптасыру қабілетін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі парақтар,слаидтар
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: дәріс сұхбат,пікірталас,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен амандасу,түгендеу
(психологиялық дайындық)
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Өткен бөлімдерге шолу жасау.
Қызығушылықты ояту. Дін туралы сауалнамалар тарату.Оқушылардың осы тақырып туралы алғашқы түсініктеріне шолу жасау.
1)Дін дегеніміз не?
2) Діннің қандай түрлерін білесіз?
3) Ислам діні туралы не білесіз?
4) Ислам дінінің қандай тармақтарын білесіз?
5) Өз дініңіздің тарихын білесіз бе?
6) Жастардың діни сауаттылығын қалай бағалайсыз?
7) Діннің адамдарға пайдасы бар ма?
8) Қазіргі жастардың басқа дінге немесе діни ағымның соңынан еруіне не себеп деп ойлайсыз?
9) Діни ағымдарды Қазақстанға таратудың себебі не деп ойлайсыз?
Мағынаны тану.
Жаңа сабақтың жоспары:
Дін ұғымы
Діннің шығу тарихы.
Әлемдік діндердің ерекшелігі
Ислам дінінің қағидалары
Дінге қатысты қазақ халқының наным сенімдері
Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы діни ахуал
Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, заттар мен идеялардың, әрекеттердің жиынтығы. Дін ұғымы – мейілінше аумақты, көп нәрселерді қамтитың кең ұғым. Жаратылыстан тыс бір кереметке сену (құдай, тәңір), дүниеде болып жататын алуан түрлі құбылыстар арасында бір сиқырлы сыр бар деп түсініп, соған нану (магия, тотемизм), кейбір заттарда, табиғатта жоқ қасиеттер бар деп түсініп, оларды кие тұту (фетшизм). Тотемге табыну – діннің ең ертедегі формаларының бірі. Алайда, оның арғы тегінде діндік ұғымнан гөрі, «нысандық» (нышандық) сипаты басымдау. Бұл сөз (тотем) – «төркінім» және «белгі» (нышан) деген мағаналарды беретін, үндіс тілінің дыбыстық аудармасы. Рулық қоғамда санасы толыспаған әлеумет әр тайпа өз алдына белгілі нәрседен пайда болған деген нанымды қалыптастырған. Сол «нысаналы нәрсенің» көбі хайуанаттар (аң, құс, балық …) болып келеді, одан қалса, өсімдік (мұнда аздаған басқа заттар да бар) болады. Әрбір тайпа өзінің тотемдік нәрселерін ерекше қорғап, басына көтере қадірлейді. Қазақ халқы арасындағы көне көз адамдардан бүгінде ағаш тотемнің құбылыстарын кезіктіруге болады. Осындай бір мифте: «Қазақ халқының ұғымындағы 18 мың ғаламды жаратушы «жасаған» бір «ғұмыр ағашын» егеді. Ағаш басындағы әрбір жапырақ тіршіліктегі бір адамның жанына, рухына «уәкілдік» етеді. Дүниеге бір адам келсе, бір жапырақ өніп шығады. Ал бір адам өлсе, бір жапырақ үзіліп жерге түседі. Үзілген жапырақ түсіп бара жатып, басқа бір жапыраққа соғылса, бұл жапырақ «уәкілдік еткен адам бір адамның өлгендігін естиді». Кейде, қазақ халқы: «орманаға сыйыну жөнінде, тәңірінің шапағаты ағашқа түсіп, ағашты биязы да сұлу бір қыз етіп жаратқан екен дейді. Енді бірде ағаш 9 бала туып, тоғызы тоғыз рулы ел болған екен» дегенді айтады.
Дін – адамның қоршаған әлем мен тұрмыстық дүниелерді тануының ерекше пішіні, сенімге негізделеді. Сенімнің орын алуы құндылықтардың арнаулы жүйелерін жүзеге асыру мен қалыптастыруға негізделеді, сол сияқты ойлаудың мөлшері мен мінез-құлық, болмыстың үлгілерін қалыптастырып, адамдардың діни ұйымдарға бірлесуіне түрткі болады. Бұл мағынада дін қоғамдық сананың пішіні ретінде орын алады. Ежелгі адамдар, өздерінің діндерін құра отырып, таза этникалық қажеттіліктерге назар аударды және өз құдайларының көмектеріне сүйенеді. Уақыт өте келе, бір діни нанымдар мен сенімдер ығыстырыла бастады, енді біреулері осы уақытқа дейін жалғасын табуда. Олармен бірге ұлттық алғышарттары тығыз байланыста орын алған діндер орын алуда. Олар сол пайғамбарлары шыққан халықтың армандары мен мүдделеріне қатысты болып қоймады, сонымен бірге әр түрлі материкте, әр түрлі мемлекеттерде орын алған олар адамдардың жаны мен ақылдарын иелік етеді. Олар әлемдік діндер болып саналды.Әлемдік дін – бұл дін, яғни белгілі территорияда кең таралымға ие болады және белгілі әлеуметтік қауымдастықта , әр түрлі әлемнің елдері мен түрлі континенттерінде сипат алады. Әлемде белгілі нақты өлшемдер орын алған, яғни әлемдік діннің белгілі бір түріне лайықтандырылады. Бұл стандарттар ЮНЕСКО тарапынан ұсынылады:
 адамдардың ірі қауымдастығының бірлестігі;
 көптеген елдердегі әр түрлі халықтардың арасында ізбасарларының болуы.
Дүние жүзінің діни жүйесінде анағұрлым кең таралған дін түрі - христиандық, біздің дәуірімізге дейін I ғасырда пайда болады Иудейде – Рим империясының шығыс провинциясында. Христиандық негізінде - құдай-адам Иисус Христ туралы ілім, оның ұлы Құдаймен, яғни адамдарға мейірімді әрекеттерімен келіп, өмір сүрудің қағидаларын алға тартады. Ол адамдардың күнәларын кешіріп, дін жолымен олардың көрген қорлықтары мен қиындықтарын крест арқылы жеңілдету шараларын жолға қояды . Христиандардың Қасиетті Жазбасы - Библия өз алдына мынадай әңгімелер жиынтығын құрайды, яғни Құдай адамды іздеген, бұл Құдайдың адамдарға қарата айтылған пікірі.
Әлемдік діндердің ішіндегі ең жасы - ислам, б.э.д. VII ғасырда бастау алып, Арабия жартылай аралының араб тайпаларының арасында негізі қаланады. Исламның ізбасарлары - 1 млрд-тан астам адам. Негізін қалаушы – Мұхаммед, тарихи тұлға, 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келеді. Меккеде аса құрметті деп саналатын орын болды, араб тілінде — Қағба. Мұхаммедтің анасы оған алты жас толғанда қайтыс болады, әкесі ұлы туғанша қайтыс болады. Мұхаммед атасының қолында тәрбиеленеді, көпке қадірлі, бірақ кедей тұрады. 25 жаста ол күйеуі қайтыс болған бай әйел Хадиджаның шаруашылығын басқарушы болады, біраз уақыттан кейін оған үйленеді. 40 жасында Мұхаммед діни уағыздаушы ретінде халықтың алдына шығады. Ол өзін Құдайдың (Алла) пайғамбары етіп тағайындағанын түсіндіреді. Уағыз Меккенің басында отырғандарға ұнамайды, Мұхаммедке 622 жылы Ясриб қаласына қоныс аударуға тура келеді, кейінірек Медине атауына өзгертіледі. 622 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша жыл басы, ал Мекке — мұсылман дінінің орталығы болып саналады.
Әлемдік діндердің ішінде ең ежелгісі - буддизм, яғни Үндістанда б.э.д. І мыңжылдықтың ортасында туындаған. Одан кейін Үндістанда 15 ғасыр бойы билік еткен буддизм орнын индуизмге береді. Алайда буддизм широко Азияның Оңтүстік-Шығыс елдерінде кең таралады, сол сияқты Шри-Ланкаға, Қытайға, Кореяға, Жапонияға, Тибетке, Монголияға таралады. Буддизм жақтастарының саны жуық шамамен - 500 млн. адам.
Ой толғаныс.
Жастарға теріс ағымдарға түспеудің мәнін түсіндіретін бейненұсқаны көрсету
Ой қозғау
Діни секталардың арбауына түспеу үшін не істеу керек?
Сабақты бекіту сұрақтары:
Ислам дінінің негізін салған кім?
Мұхаммед пайғамбар
Ислам дінінің бес парызы
Куәлік сөзін айту;
Намаз оқу;
Ораза ұстау;
Зекет беру;
Қажылыққа бару.
Құранда неше сүре бар?
Құранда 114 сүре бар.
Мұсылмандарда қандай мерекелер бар?
Рамазан айт, Құрбан айт мейрамы, Мәуліт мерекесі, Қадір түні.
Ең көп таралған діндер?
Будда, Ислам, Христиан.
Қорытынды
Дін—наным-сенімге, этикаға, философияға және Қазақстандағы ғылым мен мәдениетті дамытуға зор ықпалын тигізді. Сонымен қатар қазақ жеріне ислам дінінің таралуын қазақ халқына тигізген оң әсерлерін қазақтың төл салт-дәстүрімен байланысуы, қазақ халқының отбасылық өмірінде ислам уағыздарының адамгершілікке толы қасиеттер мен тәлім-тәрбиенің ұқсастығының молдығын талдадық.
Атамыз қазақ «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Бала шыр етіп , жарық дүниеге келген күннен имандылықты, адамгершілікті бойына сіңіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Үйге тапсырма: «Әлемдік діндер тарихы», «Діннің адам мен қоғам үшін орны», «Ислам дінінің қағидалары» деген тақырыптарда өзіндік жұмыс дайындау.
Бағалау.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив