Мұсылман мейрамдары және салт жоралары мен ұйғарымдары

Сабақ тақырыбы:Мұсылман мейрамдары және салт жоралары
мен ұйғарымдары
Білімділігі:Мұсылман мейрамдары және салт жоралары мен
ұйғарымдарытуралы түсінік беру
Тәрбиелілігі:Оқушылардың бойында рухани адамгершілік
құндылықтарынқалыптастырып,имандылыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу
Дамытушылығы:Оқушыларға мұсылман мейрамдары және салт
жоралары мен ұйғарымдарының мағынасын
түсіндіре отырып,гуманистік дүниетанымның
негіздерін қалыптастыру
Сабақ әдісі:Іздендіру,салыстыру,топтастыру,ойбөлісу,түсіндіру
Сабақ типі:Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақ түрі:Танымдық сабақ
Көрнекілігі:Бейнелі слайдтар,елбасы жолдауы,хадистер,үнтаспа
Пәнаралық байланыс:Тарих,ауыз әдебиеті,музыка,өмірмен
байланыстыру

Сабақтың жүру барысы
І.Ұйымдастыру
ІІ.Сабақ ұраны:

Бабалардан аманат бопжалғанған,
Салт-дәстүрім,ар-ұятым,иманым.

ІІІ.Үй тапсырмасы
"Алдын алу"әдісі бойынша:Діни мерекелер жөнінде ізденіп келу
"Топтастыру"әдісі арқылы мағлұмат беру





"Ойсалу"әдісі "Қазақтың дәстүрлері-ай"әнін ойнату,сол арқылы қандай дәстүріміз бар екенін сұрау
---Ендеше,оқушылар,біздің осы ата дәстүрімізбен астасқан діни салт жораларымыз бар.Қане,мына бейнесюжеттерге назар аударайық.

Азан шақырып,
ат қою
Сүндетке отырғызу

Неке қию


Жаназа рәсімі

Зер салдық-ой түйдік
Азан шақырып,ат қою-мұсылман баласының өміріндегі елеулі орын алатын шаралардыңбірі.Ат қою рәсімінің ерекшелігі,нәрестенің құлағына азан шақырумен байланысты.Туылғаннан кейін жеті күнге дейін жүзеге асуы тиіс.Өз баласына дұрыс есім беру мұсылман ата-ананың негізгі міндеттеріне жатады...
Сүндетке отырғызу-ислам дінінің салт-жораларында ұлды сүндетке отырғызуға үлкен мән берілген.Ежелден келіп жеткен осынау сүндеттеу дәстүрінің пайдалары бұл күнде медициналық тұрғыдан дәлелденіп отыр.Сүндетке отырғызу туралы Құранда ешнәрсе айтылмаған,бірақ мұсылмандар үшін міндет саналады...
Некелесу-шариғат бойынша белгілі бір сөздерді айту нәтижесінде ер мен әйелдің жұптасып өмір сүруіне,отбасын құруына рұхсат етілетін рәсім...
Жаназа рәсімдері-ислам дінінде қайтыс болған кісіге орай жасалатын шариғат рәсімдерінің бірі.Дүниеден қайтқан кісіні шариғатқа сай жөнелту,мұсылман жұртшылығының абзал борышы болып саналады.Қайтыс болған адамның денесін жуу,оны кебінге орау,жиналған жамағаттың қатысуымен жаназа намазын оқу бұл жағдайда жасалатын негізгі шараларға жатады...
ІҮ.Бекіту бөлімі
1.Жадымда жүрсін ( "Түртіп алу"әдісі бойынша сөздікпен жұмыс )
махр-неке алдындағы ерінің әйеліне беретін сыйы
парыз-Аллатағала пенделеріне әдейілеп істеугебұйырған амал.
Күнә-рұқсат етілмеген әрекеттерді істеу
пәктеу-өлген адамды жуындыру
тәуба-шын ниетімен өкіну
дәрет алу-белгілі бір мүшелерді жөнімен жуу
харам-тиым салынған
кебін-өлікті орайтын ақ мата
2.Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең
туылған балаға қатысты жора-
бесік жыры,тұсау кесу,сүндет той

неке қию- беташар,жар-жар,сыңсу,тойбастар
жаназа рәсімі- жоқтау,көңіл айту,қоштасу

3.Бір арнада тоғысқан үндестік (Салыстыру әдісі)




4.Жадыңда жүрсін жақсы сөз
*Қияметте өз есімдерің мен әкелеріңнің есімдері қоса шақырыласыңдар.Сол үшін балаға дұрыс есім қойыңдар.(хадис)
*Күнә жасасаң тәубе етуге, намаз уақыты кіргенде оны өтеуге, қарызды қайтаруға, бойжеткен қызды ұзатуға, ержеткен ұлды үйлендіруге, өлген адамды тезірек жерлеуге асығыңдар.(хадис)
*Сендердің ең ізгілерің әйелдеріңе жақсы қарым-қатынаста болғандарың.Әйел-ана.Сондықтан,өз анаңды қалай құрметтесең жұбайыңа да солай қарауға міндеттісің.(хадис)
*Өлген кісілеріңізді жақсылықпен еске алыңдар.(хадис)
*Неке қидырып үйленіңдер,перзентті болып көбейіңдер.Әрине мен сендердің көптіктеріңді қиямет күні басқа үмметтің алдында мақтаныш етемін.(хадис)
Ү.Сабақты қорытындылау
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың"Қазақстан -2050"стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты жолдауынан тақырыпқа сай үзінді тыңдату.
Мұғалім сөзі:Олай болса,оқушылар,өз салт-дәстүріміз бен ислам шариғатын сабақтастыра өмір сүрген халқымыздың осындай қасиетті әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерін ары қарай жалғастырып,төлтума құндылықтарымыздан ажырамайық.
ҮІ.Үйге тапсырма
"Салт-дәстүрмен сабақтасқан асыл дінім"(эссе жазу)
Бағалау

0 пікірлер

Пікір қалдыру