Дін –қастерлесең қасиетің,Қастерлей алмасаң қасіретің.

 

Көбегенова Ләззат

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

№148 қазақ орта мектебі

 

Сабақтың тақырыбы: Дін –қастерлесең қасиетің,Қастерлей алмасаң қасіретің.

Мақсаты: 1.Білімділік :Түркі жұртының сан ғасырлардан бергі қастерлеп келе     жатқан діні-Ислам жайлы ұғындыру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін шыңдап,діннің денсаулыққа пайдасы жайлы түсінігін қалыптастырып,дінге қызығушылығын арттыру.

3.Тәрбиелік: Жас жеткіншектерді имандылық иірімдеріне,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: БАҚ материалдары,діни кітаптар көрмесі,жиналмалы кітапша;

Техникалық құрал: интербелсенді тақта.

Сабақ түрі : диалог түріндегі сыр сұхбат.

Барысы:

Тіршілік оянады таң нұрымен,

Таң нұры қауышады барлығымен.

«Лә илаһа иллала» деп зікір айттым,

Аллаһтың бізге берген жарлығымен.

Әрбір адам таң нұрымен оянып,жаратушыдан ізгі тілек тілейді.Таза,ізгі тілектер-ислам арқылы бойымызға тарады.Ал,осы ислам дінінің негізі қай кезеңнен бастау алатынын тарихты зерделей отырып,білеміз.

1456 жылы Шайбани ұрпағынан бөлініп шыққан қазақ халқының жеке мемлекет болып,шаңырақ көтергеніне 550 жылдай уақыт өтіпті.Осы бес ғасырдан астам уақыттан бері дін өз қасиетін жоғалтқан жоқ.

1919 жылы Ташкент қаласында отау тіккен Түркістан Республикасында Мұсылман бюросы құрылып,оның төрағасы Т.Рысқұлов болып бекітілгені белгілі.Ал,бүгінгі таңда бұр бюро Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы деп аталады.Төрағасы Бас Мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет.

Біз 1991ж өз Тәуелсіздігімізді алдық.Осы орайда,Елбасы Н.Назарбаев: «Біз Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде дінге,халықтың имандылығына көңіл бөлдік.Адамның жүрегінде құдіретті күш Алл Тағалаға деген сенім болуы керек.Сондықтан бұл тек қана ауызбен,сөзбен айтатын мәселе емес.»,-деген болатын.Яғни,әрбір иісі мұсылман имлас дінінің қасиетін сезініп,қастерлеуі тиіс деген қағида болатын.

Ендеше,ең таза,ең асыл дінімізді қастерлеу мақсатында «Сыр-сұхбатқа» келейік.

Бүгінгі біздің қонағымыз дінді өмірдің мәні мен сәніне,шаңырағының берекесі мен бірлігіне санайтын,сызу мен технология пәнінің мұғалімі-Дулығаев Ақылбек мырза.

Оқушылар сұрақ қояды.

1.-Тарих дегеніміз-уақыт пен оқиғалар тізбегі.Оның түп иесі-халық.Осы халқымыздың тарихы мен діні бір-бірімен байланысты ма ?

2.-Дінді мектепте оқыту дұрыс па,бұрыс па ?

3.-Батыс Қазақстандағы,Сарай Берке қаласының орнын зерттеген жабайы Экспедиция мүшелері араб әрпімен қрнектелген құмыра табады.Ішіне топырақ нығыздалып қалғандықтан сындырады.Сонда құмыраның орта шенінде адамның сартар болып қалған бас сүйегі шығады.Үлкен құмырадан алтын күткен олар бас сүйекті құлаштап сайға лақтырады.Осындай жағдайда не істеу керек?

4.-Әлемде біз білетін негізгі төрт дін бар.Солардың бірі пұтқа табынса,бірі қаңылтырдағы бейнеге табынады.Ал,біздер бір ғана жаратушыдан тілен тілейміз.Осы жайлы не дейсіз?

5.-Жын-сайтаннан ,түрлі жамандықтан сақтандыратын сүрелер бар дейді.Атап айтсаңыз.

6.-Адамзат үшін өмір несімен қызық?

7.-Қазір жасөспірімдер арасында төзеалмаушылық,күйреуік- жаман қасиеттер бар.Өзіне қол жұмсайтындар да азаяр емсе.Осындайда шариғат қандай үкім немесе жезе қолданады ?

8.-Адам баласы үшін өмір жалған,шын өмірің алда дейді.Осының мәнін ұғындырсаңыз.

9.-Ақылбек ағай мектепте қандай оқушы болды екен ?

10.-Намазға неше жасыңызда жығылдыңыз ? Осы жолға үгіттегендер болды ма ?

11.-Өмірдіегі ұстанымыңыз,қағидаңыз қандай ?

12.-Ислам-дүниежүзіндегі ең таза дін дейді.Рас па ?

13.-Ұл-қыздарыңызды намазға жығыл ,-деп үгіттеген кезіңіз болды ма?

ІІ бөлім

Дін жалпы,мұсылман қауымына Мұхамед ғ.с арқылы келген.Пайғамбардың дүниеге келуінің өзі ғажап оқиғаларға толы болған деседі.Сол кездегі Құрайыш тайпасының көшбасшысы,пайғамбарымыздың атасы Абдулмұтталиб былай дейді:

«Мұхаммед туылған күні Қағбаны тауап етіп жүрген екен.Сол кездегі Қағбадан «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар,мені мүшріктердің ластығынан,надандықтың жамандықтарынан тазалайды» деген дыбыстар шықты.Сондағы барлық пұттар өздігінен құлаған.Сол сәтте «Әмина Мұхамедті босанды.»,- деген дауыстар шыққан.Сафа тауының төбесіне шықтым.Барлық құстар мен аңдар Меккеге жиналғандай еді.Сосын Әмина келініме бардым.Бірақ,біреу келіп, баланы 3 күнге дейін ешкімге көрсетпеуімдіайтты,-дейді келіні Әмина.Ішке кіру үшін қылышымды сілтедім,-дейді. Бірақ,қылышы бар,бет пердесі бар біреу шығып,баланы періштелер қарап жатқанын айтқан.Содан үш күн бойы тілім байланып,ешкімге айта алмадым.Сол түні мәжусилердің (отқа табынушылар) оты сөніп қалады.Ал,айнала күн шықпай-ақ айнала нұрға бөленеді.Яғни,Мұхаммед ғ.с. пайғамбарымыздың жүрегін жаратушының өзі шайып,тап-таза күйде халыққа жіберген елшісі екенін ұқтық.

Жалпы,исла діні теориясы-Мысырда (араб елі) философиясы-Үндістанда,практикасы-Түркістанда қалыптасқаны белгілі.Енді оқушыларды айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабековтың жыр-толғауын мәнерлеп айтуға шақырамыз. «Дін Ислам-Діңгегім жыр-толғауы»

1-оқушы:

Жігіттік жастық шақта еркі жеңер,

Сеніммен ұстамаса сертің егер.

Аллаға құл ,адамға ұл болу ғой,

Намазға кеп түйіссе тең тізелер.

Ақын намаз оқыса хатты танып,

Алдымен ауызыңдағы сөз түзелер.

Он күнәнің тоғызы тілден екен.

Сөз түзнлсе Иншалла ел түзелер

2-оқушы:

Біз қазақ бұл күндері кіммен доспыз?

Адасып айдалада жүрген көшпіз.

Арабтың тіліндегі дінмен емес,

Арақтың түбіндегі жынмен доспыз.

Ұрылардың ұсағы түрмеде жүр,

Ұлылардың үлкені мінбеде жүр.

Байланысып шекпенді шенеулікпен,

Кісі өлтірген бұл күні кірмеде жүр.

Ауыз айтып жүргенмен ақыл сенбес,

Ібілістің үлкені ірге де жүр.

3-оқушы:

Адамның таза болса ой дәптері,

Ақылға ақиқат дін қонбақ тегі.

Біркезде Тұрғыт Өзал намаза кеп,

Тұрғанда ел кәңілі тұрмап па еді.

Кешегі Димекен де жұманы оқып,

Шариғатты білген ғой бойлап тегі.

Тек құдайдан қорыққан текті атамыз

Мәскеудің сан қаулысын жоймап па еді ?

Өліктерді өртейтін Алматыда,

Крематорий салдырмай қоймап па еді?

Дүние жиып,нәпсіге ермеген соң

Қырық жыл елге басшы болмап па еді?

Сол Алматы бұл күнде тәнін сатқан

Тірі өлікке толар деп ойлап па еді?

4-оқушы:

Адалдық аспанында бұлт болмайды,

Арамның ауласына құт қонбайды.

Жүрегінде иманы жоқ адамның,

Жүрген кезде табаны нық болмайды.

Жүриіз-ау,жүзді білмей бірді біліп,

Қазақтан шығып жатыр түрлі қылық.

Дискотекаң жастардың мешітіндей,

Бимен зікір салады шын бүгіліп.

Майкл Джексон артық тұр азаншыдан,

Әніне тәк етеді құлдық ұрып,

Қажыға баратындай қуанады.

Жарығын жаққан кезед түнгі клуб.

5-оқушы:

Даналар даламыздың кемесі еді.

Еліктейтін ел-жұрттың ересегі.

Алланың өзі,сөзі рас деген,

Ұлы Абай үлкен сенім егесі еді.

Дін исламды діңгегім деп білмесе,

Қара сөз жазып қайғы жемес еді.

Алтынсарин сиынып бір Аллаға,

Кел,балалар,оқылық демеп пе еді ?

Ал,Шәкәрім құрбан боп құдай үшін,

Кітап боп қалған артта берешегі.

Исламға таң қалған Толстоймен,

Талай мәрте хат жазып кеңеседі.

Ислам дінінің діңгегі,

Араб әдебиетінің классикалық үлгісі-Құран.

Мұхаммед ғ.с-ның құлағына (уахи) дауыс,үн келіп,өз сахабаларына естігенін айтып,23 жыл ішінде жазған.Құранда 114 сүре бар.

Бүгінгі сыр-сұхбатымыз да өз мәресіне жетті.5,5 ғасырлық тарихымызда әрбір пенденің жүрегіне-иман,көңіліне үміт сыйлайтын дінімізді қастерлей білейік.

Дін қасиеті жайлы:

  • Бірде бір жігіт көрші ауылға туысының үйіне барады.Құран оқытып жатыр екен.Үлкен кісілерге қосып,төргі үйге кіргізеді.Сонда ақсақал:
  • Қонақ бала,сорпаның бетінде не бар? Түбінде не бар ?-деп сұрайды.

Қонақ жігіт не айтарын білмей қалады.Сонда ақсақал:

-Балам,сорпаның бетінде бісмілла ,түбінде шүкір бар деген екен.Яғни,Алланың сыйлаған әр таңына шүкіршілік айтып,ризалығымызды білдіруіміз керек.

-Ал,Ақа,сізге қай сұрақ қнады ? Мына кітапты тілек жазып өзіңіз ұсынсаңыз.

-Осы бүгінгі сыр-сұхбаттан алған көңіл-күйіңізді мына смайлик арқылы көрсетсеңіз.

Жаратылыстан бері жанымызға серік болған дінімізді қастерлеп,қадіріне жетейік!Бүгінгі сыр-сұхбаттан мына кітапты естелік ретінде қабыл алыңыз.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

0 пікірлер

Пікір қалдыру